Дүйсенбі, 9 Қараша, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

16.06.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
43
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұлы композитор, қазақ музыкасының заңғар тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті.

Халық қаһарманы, дирижер, аса көрнекті өнер иесінің ғасырлық мерейтойы – тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша өркениетті әлем үшін елеулі оқиға. Бұл маңызды дата ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар қатарына енгізілді. Көрмеде Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-ке жуық құнды жәдігер қойылған. Олардың қатарында композитордың өз қолымен жазған партитуралары, сирек фотосуреттері, жеке заттары, сондай-ақ Ахмет Жұбанов сыйға тартқан «Дариға домбыра» да бар.

Айта кетейік, кезінде бала Нұрғисаның музыкалық білім алуына Ахмет Жұбанов себепкер болған еді.

Алты тақырыптық бөлімнен тұратын көрме композитор шығармашылығының сан қырын аша түсіп, қазақ музыкасының терең тамыры мен өрісі кең болмысын бейнелейді. Көрменің ашылу салтанатына ЮНЕСКО-ға мүше елдердің елшілері, дипломаттар, халықаралық ұйым өкілдері, Франция жұртшылығы мен сонда тұратын қазақ диаспорасы қатысты. Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Абдрахманов бұл көрме – қазақ музыкасының алтын арқауы болған тұлғаның мұрасына көрсетілген зор құрмет, түркі дүниесінің ортақ рухани кеңістігін жаһандық деңгейде танытудың жарқын көрінісі екенін атап өтті.

Можно ли два раза читать фарз намаз?

Мешітте қарапайым намазхан имамдыққа шыға ала ма?

08.11.2026
Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр

Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр

08.11.2026

Көрмені Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Музейлер бірлестігі ұйымдастырды. Жобаның жүзеге асуына Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры атсалысты. Жоба «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаған көрнекті тұлғаның шығармашылығын насихаттауға, қазақтың бай музыкалық мұрасын шетел жұртшылығына кеңінен танытуға бағытталған.

Нұрғиса Тілендиевтің еңбектері біртұтас ұлттың мәдени мұрасына айналды. Ол 500-ден астам музыкалық туындыны дүниеге әкелген, 50-ден аса драмалық қойылым мен 20-ға жуық кинофильмге музыка жазған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Құрманғазы атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған, кейін өзі негізін қалаған «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі болды.

Көрме ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде осы жылдың 19 маусымына дейін жалғасады.

Таңбалар: көрмеНұрғиса Тілендиев
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды
Жаңалықтар

Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды

17.08.2026
Ботай мәдениетінің мұрасы таныстырылды
Жаңалықтар

Ботай мәдениетінің мұрасы таныстырылды

14.08.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елімізде қанша миссионер тіркелген?

Елімізде қанша миссионер тіркелген?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Кешірімнің қарымы

    18
  • Тарбағатайдың рухани шежіресі

    18
  • Британдық жазушы әрі зерттеуші Ник Филдинг «Ботай» музей-қорығын тамашалады

    16
  • Атырау: Экстремистік топ құрғандар ұсталды

    15
  • Ақиқатқа да араша керек

    14

Соңғы жарияланымдар

Жан мен тән тазалығы: қайсысы маңыздырақ?
Сұрақ-жауап

Исламда жан тазалығының орны қандай?

09.11.2026
Можно ли два раза читать фарз намаз?
Сұрақ-жауап

Мешітте қарапайым намазхан имамдыққа шыға ала ма?

08.11.2026
Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр
Жаңалықтар

Қоғамдық әдеп мәселелері бойынша медиа сарапшыларды даярлау жалғасып жатыр

08.11.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00