Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ерте жүктіліктің себебі неде?

21.06.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
16
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

20 маусымда «Қазмедиа орталығы» телерадио кешенінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Отырыстың ашылуында Ұлттық комиссия төрағасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі.

Іс-шараға Ұлттық комиссия мүшелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық сектор және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс Ұлттық комиссияның жаңартылған құрамымен өтті. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген ротация аясында комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, сарапшылық және ғылыми қауымдастық өкілдері секілді 8 жаңа мүше енді. Сонымен қатар, Ұлттық комиссия төрағасының жаңа орынбасары болып Айман Омарова тағайындалды.

Можно ли совершать намаз в обуви?

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025

Жиынның негізгі күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шаралары, репродуктивті денсаулық апталығының қорытындылары сөз болды.

«Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, ерте жүктілік пен босанудың алдын алу мәселелері қазіргі жағдайда айрықша әлеуметтік маңызға ие. Өйткені жастар – еліміздің зияткерлік, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени әрі репродуктивті әлеуетінің қайнар көзі. Ұлттық комиссия сарапшыларының пікірінше, жасөспірімдер мен жастардың жыныстық және репродуктивті сауаттылық деңгейінің төмендігі – ерекше алаңдатарлық жайт», – деп атап өтті Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейі және оны төмендету шаралары туралы баяндады.

«Жасөспірімдер арасында жүктілік пен жасанды түсік жасау көрсеткіші әлі де жоғары. Біз балаларға гинекологиялық көмекті жетілдіруге бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын және балаларға профилактикалық көмекті жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдадық. Жоспар аясында контрацептивтерге қолжетімділікті арттыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кадр әлеуетін күшейту және басқа да кешенді шаралар көзделген», – деді А. Әлназарова.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова білім беру жүйесінде жыныстық тәрбие мен түсіндіру жұмыстарының барысы жөнінде ақпарат ұсынды.

Республикалық репродуктивті денсаулық апталығының қорытындысы туралы Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова баяндады. Ол жастар арасында денсаулық пен болашақ ата-ана болудың жауапкершілігіне қатысты кең ауқымды ағартушылық науқандардың маңызын атап өтті.

Отырысты қорытындылаған Аида Балаева ерте жүкітілік пен босану – елімізде қолға алынып жатқан кешенді шараларға қарамастан, әлі де өзекті мәселе болып отырғанын айтты.

«Бұл бағытта алдын алу жұмыстары көпқырлы тәсілдермен, жасөспірімдердің жыныстық мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты ескере отырып жүргізілуі тиіс», – деді министр.

Отырыс барысында жасөспірімдер мен жастар арасында ерте жүктілік, жыныстық жолмен берілетін аурулар, репродуктивті денсаулыққа төнетін қауіптер туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жаңа профилактикалық стратегияны әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Айман Омарова әйелдердің жазасын өтеу орындарында, сондай-ақ зорлық-зомбылық көрген жасөспірім қыздарға көмек көрсету барысында клиникалық психологтар тапшы екенін сөз етті.

Отырыс барысында жасөспірімдер мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық деңгейін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға, ұлт саулығы мен дені сау ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған жаңа алдын алу стратегиясын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Аида Балаева сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттердің жыныстық тәрбиесін арттыру мақсатында жасөспірімдер мен жастарға арналған мобильді қосымша әзірлеуді тапсырды. > Madeniet_aqparat_ministrligi: Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы жүктілік деңгейі жоғары өңірлерде жыл бойы Ұлттық комиссия мүшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қауымдастығы мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен көшпелі семинарлар өткізу жоспарлануда.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға жастар денсаулығы орталықтарының жұмысын қайта қарап, жасөспірімдерге арналған қызметті жаңарту, халық арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау ұсынылды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар өңірлік деңгейде ведомствоаралық өзара байланысты күшейтудің маңызын атап өтті. Отбасыны қолдау орталық жұмысының тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Ұлттық комиссия мүшелері мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, жасөспірімдер мен жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жөніндегі жұмыс бағытын арттыру мақсатында журналистерге арналған ұсынымдар әзірлейді.

Сонымен қатар Ұлттық комиссия мүшелері «Аналар саулығы» бағдарламасын зерделеп, оны іске асу жолдарын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындайды.

Таңбалар: Аида Балаеваерте жүктілікҚазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Алаяқтық пен жалған ақпарат тарату мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Алаяқтық пен жалған ақпарат тарату мәселелері талқыланды

27.05.2025
Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Зікір және оның пайдасы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    481 бөлісті
    Бөлісу 192 Твитерге 120

Соңғы жарияланымдар

Можно ли совершать намаз в обуви?
Сұрақ-жауап

Жұма намазында сыртта аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?

15.07.2025
Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті
Жаңалықтар

Велосипедпен умраға бара жатқан жолаушыға көмек көрсетті

15.07.2025
Ғибратты әңгімелер

Жеті ұрпаққа жетер шарапат

15.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00