Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жүректе де ми бар

05.05.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
Jasmina Buinac / Shutterstock.com

Jasmina Buinac / Shutterstock.com

165
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аса білімді Ібілістің өзі кілтін таппаған бір уыс ет жүрек – патша. Ол – би. Жүректі «екінші ми» деп атар едім. Йә, расымен жүректе өзінің миы бар.

Оған себеп «Хаж» сүресінің 46-50 аяттарында:

«Олар жер жүзінде кезіп жүрмеді ме? Сонда олардың ойланар жүректері және естір құлақтары болса еді» дейді.

Яғни, قُلُوبٌ يَعْقِلُونَ қулуб деген жүрек йәғқилуун деген түбірі деген сөз العقل ойлау, ақыл жүгірту. Сонда қалай жүрекпен ойланасың, адам ақылы миында емес пе? Мимен ойланбай ма?

Семья – фундамент личности

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025

«Олардың жүректері бар, бірақ ешнәрсе түсінбейді» («Ағраф» сүресі, 179-аят).

Әдетте адамның миы не санасы түсінбейді деп, жүрек сезеді деп жатамыз. Қазақта мәтел бар «Ақыл – жүректе» деген немесе «Ақылдының ақылы – жүрегінде, ақымақтың ақылы – білегінде» дейді.

Құдіреті күшті Алланың сөздерінде қаншама ғылыми астар жатыр. Осыған байланысты қызықты ғылыми мақала тауып алдым.

1991 жылы Монреаль университетінің Дж. Эндрю Броур бастаған ғалымдары жүректің ішінен 40 мың арнайы нейрондар (сенсорлы нейриттер) тауып алған екен. Қарапайым тілмен айтсақ, жүрек жай ғана қан айдайтын мотор емес, басқа жасушалармен байланысқа түсе алатын мүше болып шықты. Осы ғылыми жаңалығын «Нейрокардиология» журналына жариялапты.

Түсінікті болу үшін нейрон терминімен дененің басқа жасушаларымен ақпарат алмасуы үшін қоздыруға (электрлік ынталандыруға) болатын мамандандырылған жасушаны сипаттайды. Нейрондардың көбі мида және жұлынның бойында шоғырланғанымен, жүректегі жасушаларда да аз мөлшерде болуы – бұрын-соңды белгілі болмаған жаңалық. Нейриттер – денеде әртүрлі функцияларды орындау үшін нейронның негізгі денесінен шығатын кішкентай проекциялар. Кейбіреулер басқа жасушалармен байланысу үшін нейроннан ақпаратты тасымалдайды, ал басқалары әртүрлі көздерден сигналдарды анықтап, оларды нейронға жеткізеді. Бұл жаңалықтың ерекшелігі сол – жүректегі нейриттер мида кездесетін көптеген функцияларды орындайды.

Сондықтан «жүрек интеллекті» деген тіркес қолданса болады. Ғалымдар оны «кішкентай ми» деп атап кетіпті. Өйткені жүрек мидан бөлек ойлана алады, ақпарат сақтай алады, үйрене алады, ішкі әлем мен сыртқы әлемді өз бетінше сезе алады.

Демек жүректің терең интуициясы мен табиғи инстинкті ұштасып, көкірек көзі ашылады.

Осыны толығымен тарқататын болсақ. Абай атамыз айтқан «нұрлы жүрек» ең шешуші мүшеміз екен. Көбінде айналамыздан алған ақпарат санамызда тұтасып тұрады. Сараптауға уақыт жоқ, байыптауға білім жоқ, тұжырымдауға тәжірибе жоқ. Ести сап тұра шабамыз, көре сап көңіліміз астаң-кестең болады.

Ал, «жүректің түбіне терең бойласаң», бәрі басқаша. Жүрегіңе құлақ салсаң, шын сағынатын, ет жүрегің елжірейтін, анық уайымдайтын құндылықтардың тасада қалып бара жатқанын xабарлайды. Ата-анаң, отбасың, руxаниятың, ар-ұятың жайлы сыбырлап сыр айтады. Әрине, егер жүрегің тірі болса. Тірі жүрек талғампаз, таза жүрек сезімтал, үркек келеді. Сана сіңірген, ми қабылдаған барлық ақпаратқа алдана бермейді. Өзегіндегі өз құндылығын алдыға тартады.

Мұхаммеджан Тазабеков: «Сырттан таңылған, миымызда тұрған ақпарат пенен жүрегімізді табиғатымызбенен сәйкесіп тұрған ақпараттарды ажыра алмай көп жағдайда қиналып қалады екенбіз. Сондықтан бұл ақпарат дегенің маңыздылығы сондай, сенің жүрегіңдегі жақсы көрген нәрсені санаң жек көрсетіп жіберуі мүмкін» дейді.

Сондықтан жүректі тыңдау, асықпай артын күту, ішкі түйсікке мүмкіндік беру қай кезде де пенде үшін маңызды шешім. Әсіресе мәдениеттер мидай араласып, жаһанданудың жанартауы атылып, жан-жаққа жалған құндылықтар мен нәпсілік қалаулардың жаңқасын аяусыз атқылап жатқан тұста.

Жарды байына, қарашаны xанына, ұлды әкеге, қызды шешеге қарсы айдап, қалаймақан қым-қиғаш, қызу майдан орын алып жатқан заманда…

«…Пушкині келіп миды атқан, пушкасы келіп үйді атқан…» деп, бір ақын айтқандай, озық елдердің ақпарат нысаны, руxани құлқынының құрбаны боп жатқанымыз өтірік емес.

Құлақ естіп, көз көріп, сана сақтай береді. Ең бастысы жүрек өз ықтиярыңызда, өз қалауыңыздың қажетінде болуы керек. Жүрекке қабылдап, жүрегіңіз жалғанға толып, еріксіз эмоциялар бетіңізге шықса, жібіңіздің ұшы жатта, тізгініңіз бөтенде дей беріңіз.

Ал, жүректер Алланы ойлаумен ғана тыныштық табады!

Данияр АСЫЛБЕКОВ,

кардиолог, теолог, блогер

Пайдаланылған ақпараттар:

Mugdha Tendulkar. «Clinical potential of sensory neurites in the heart and their role in decision-making». Sciencearticle. Journal Front. Neuroscience. 13 February 2024. Volume 17 – 2023 | https://doi.org/10.3389/fnins.2023.1308232

 

Таңбалар: Жүрекмедицинами
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жүрегіңе қарайды
Ислам

Жүрегіңе қарайды

22.11.2024
Жүрегіңді сақта!
Қоғам

Жүрегіңді сақта!

29.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құранды жатқа оқудан республикалық байқау өтеді

Құранды жатқа оқудан республикалық байқау өтеді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75291 бөлісті
    Бөлісу 30116 Твитерге 18823
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?
Сұрақ-жауап

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды
Жаңалықтар

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00