Бір әйел тікелей эфирде болып жатқан «Пәтуа сағаты» хабарына қоңырау соғып, шейхқа:
«Неліктен бізге Ислам діні еркекке бағынуды бекітіп қойып, ал еркектерге оны міндет қылмады?» деп сұрақ қояды.
Сонда шейх: «Сіздің қанша балаңыз бар?» деп сұрайды.
Әлгі әйел: «Үш ұлым бар» деп айтыпты.
Шейх: «Алла Тағала Сізге бір еркекке бой ұсынуды бұйырып, ал үш еркекке Сізге бағынуды бұйырып қойыпты. Сіз болсаңыз, сол бір еркекке бағынбасаңыз, жәннатқа кіре алмайсыз. Ал үш еркек болса, Сізге бағынбаса, жәннатқа кіре алмайды. Қанеки, енді айтыңызшы, артықшылық кім жақта?» деп жауап беріпті.
Қуат ҚАБДОЛДА