Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сурурия – діни-саяси ағым

10.01.2025
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
51
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тарихқа зер салар болсақ, дәстүрлі Ислам шеңберінен шығып кеткен ағымдар аз болмаған. Олардың кейбірі уақыт өте келе жойылып кеткенімен, идеологиясы мен принципі өзгере қоймағаны баршылық. Бұл жайтты теріс пиғылды діни топтар өз мүддесіне пайдаланып келеді. Осы арқылы дәстүрлі Ислам дініне, сондай-ақ қоғамның ұлттық ауызбіршілігіне кері әсерін тигізуде. Соныиен қатар халқымыздың салт-санасына қараспай, қалың жұртшылық арасында бүлік туғызып жатқанына ел куә. Бұл мақалада сондай топтың бірі сурурия ағымына тоқталамыз.

Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Яһудилер жетпіс бір топқа бөлінеді. Христиандар да солардай жетпіс екі топқа бөлінеді. Ал менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді» – деген (Әбу Дәуіт). Бұл хадиске сүйенер болсақ, мұсылмандар өзара бірнеше топқа бөлінетіндігі меңзелген. Әбділқаһир әл-Бағдади өзінің «әль-фарқ байн әл-фирақ» атты доксографикалық туындысында бұл хадистің сенімді жолмен келген бірнеше риуаятын келтірген.

Бірінші нұсқасында «Яһудилер жетпіс бір, жетпіс екі топқа бөлінеді. Христиандар да солардай жетпіс бір, жетпіс екі топқа бөлінеді. Ал менің үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді» – деген (Әбу Дәуіт). Екінші нұсқасында Абдулла ибн Әмірден риуаят етілген хадисте: «Израил ұрпақтарына келген жағдай менің үмбетімнің басына да келеді. Олар жетпіс екі тармаққа бөлінді, ал менің үмметім бір тармаққа артық, яғни жетпіс үш тармаққа бөлінеді. Бір тармақтан басқалары тозаққа түседі» деген (Тирмизи). Үшінші нұсқасында хадис Анас ибн Мәліктен риуаят етіледі. Ол риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Шын мәнінде, Израил ұрпақтары жетпіс бір тармаққа бөлінді, ал менің үмметім жетпіс екі тармаққа бөлінеді. Олардың барлығы тозаққа түседі, тек біреуінен өзгесі. Олар – жамағат (көпшілік)», – деген (Ибн Мәжа). Жоғарыда риуаятта келтірілген сахабалардан бөлек Әбу Дарда, Джабир, Әбу Сағид әл-Худри, Убай ибн Кағб, Абу Умама секілді сахабалардан да келген риуаяттар бар. Қазіргі уақытта осы хадисте ескертілгендей, Ислам дінін реформалағысы келетін түрлі топтардың пайда болғаны бәрімізге белгілі. Ол топтар сенім мәселесіне негізделген болса, кейбірі құлшылық жайына негізделеді, ал қайсыбірі саяси жүйемен негізделген.

Бүгінде «Суруриттер» деген атаумен белгілі болған саяси-діни ағым мүшелері белең алған. Суруриттер негізінде сәләфиттік бағыт ретінде танымал болғанымен, негізгі ұстанымдары «Ихуан муслимин» саяси ұйымының идеяларын негізге келеді. «Ихуан муслимин» (Мұсылман бауырлар) – мұсылман әлеміндегі саяси ұйымның бірі. Бұл ұйымды 1928 жылы мысырлық саяси қайраткер Хасан әл-Бәнна (1906-1949 жылдары өмір сүрген) құрады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

15.05.2025
Тойымсыздық синдромы

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025

«Ихуан муслиминнің» саяси қозғалыстағы реформаторлық көзқарастары мен ұстанымдары кейбір ислам елдеріне тез тарады. Бұл күндері «Ихуан муслимин» идеологиясынан нәр алған діни-саяси ұйымдардың араб елдерінің аумағынан тыс жетпіске жуық мемлекетте өкілдіктері бар. «Ихуан муслимин» партиясы Палестина, Сирия, Ливан, Иордания, Кувейт, Катар, Сауд Арабиясы аумағында белсенді жұмыс істей бастады. «Ихуан муслимин» идеяларын негізге алған көптеген жаңа қозғалыстар пайда болды. Мысалы, «Ихуан муслиминнің» өнімі ретінде Палестинадағы «Хамас», Ирактағы «Хамас әл-Ирак» және Ливандағы «Қууат-уль-Фаджр», сондай-ақ, халықаралық «Хизбут Тахрир», «Тәкфир уәл-Хижра», «Әл-Кайда», «ИШИМ» секілді саяси-әскери қозғалыстарды айтсақ болады. «Ихуан муслимин» қозғалысы Ислам негіздері мен қағидаттарына сүйенген «Ислам мемлекетін құру керек!» деген жолды ұстанады.

Сурурит қозғалысының негізгі көсемі болып есептелетін Мұхаммед әс-Сурур (1938-2016 жылдары өмір сүрген) Сирияның Харран қаласында дүниеге келген. 1950-1960 жылдары «Ихуан муслимин» ұйымының белсенді мүшесі, ресми тұлғасы болған. Кейіннен ол ұйымнан шығып, өзінің саяси көзқарастарын Сауд арабиясында таратқан. Мұхаммед әс-Сурур Сауд Арабиясында офицер ретінде әскер қатарында болған. Сондай-ақ «Имам» Ислам университетінде ұстаздық қызметін атқарған. Кейін Сауд Арабия билігін күпірлікке шығарып, араб елдерінен қашып, Ұлыбританиядан пана тапқан. Сәйд Құтыптың «әділетсіз патшаға қарсы шығу керек» деген идеяларын жалғастырған. Сол кездегі ихуандарды дәстүрлі сүнниттік бағытты ұстау жолында реформа жасауға шақырған.

1967 жылы Сирия үкіметінің ихуандармен қақтығысуы нәтижесінде Мухаммед әс-Сурур Сауд Арабияға қашады. Осында жүріп, өз насихаттарын жүргізеді. Оның ең белсенді шәкіртінің бірі – Сәлман әл-Ауда кейін осы Сауд Арабиясындағы суруриттердің көшбасшысына айналады.

Мұхаммед әс-Сурур сол кездегі сәләфи ғалымдарының Сауд Арабия мемлекетіне шағымдануына байланысты Ұлыбританияға қашуға мәжбүр болды. Суруриттердің сенім мәселелері – Ибн Тәймия мен Сәйд Құтып сенім негіздерінің қосындысы. Негізінен суруриттер «мемлекет билігі кәпір елдермен қарым-қатынас жасамауы тиіс» – деп санайды. Сауд Арабиясындағы суруриттер бес уақыт намаз оқымаған мұсылманды кәпірге жатқызады. Бұл топта Ибн Тәймия мен оның идеяларын саясиландырып, жалғастырған Мұхаммед Абдул Уаһабтың көзқарастарын ұстанады.

Сарапшылардың тұжырымы бойынша, суруриттердің діни дайындығынан өткен адамның радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға қатысты шектен тыс төзімсіздік танытып, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да баратынын айтады. Суруриттер өздерін мұсылман санайтын, бірақ намаз оқымаған адамдардың иманында күмән бар деп санайды. Олардың ішкі дүниелері мен көзқарастары мүлдем бөлек. Ал мұндай теріс сенімдегі ағымдардың қоғам бірлігі мен ынтымағына, оның өсіп-өркендеуіне зиян тигізері сөзсіз. Әлемдегі мұсылман елдері дәстүрлі Исламға қайшы келетін сенімдегі ағымдардың насихат жүргізуіне тыйым салған, тіпті ресми тіркеуге де алмаған. Аталмыш ағым халқымыздың ұстанатын дін жолын қате деп, ел ішіндегі бірлікті жоюға тырысып, діни радикализмге бейімділік танытады.

Жалпы, мұндай дін атын жамылып, шынайы Исламға залалын тигізуші адасқан ағым өкілдерінің сөзіне құлақ салмас бұрын, олардың тарих сахнасында пайда болу себептері мен мақсаттарына мән беріп, зияндылығы анықталған жағдайда ел болашағы мен мүддесі тұрғысынан сарапқа салып, қажетінше оларға тиісті шара жасауды талап ететіндігі даусыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің тыныштығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіретін мұндай ұйымдардан сақ болайық!

Алла тағала елімізді алауыздық пен бөлінуден сақтағай!

Бектұрсын УӘЛИЕВ,

Қостанай облысының бас имамы

«Мұнара» газеті, №22, 2024 жыл

Таңбалар: салафизмсурурияуахабизм
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Псевдосәлафилер бағытындағы Суруриттер деген кімдер?
Сұрақ-жауап

Псевдосәлафилер бағытындағы Суруриттер деген кімдер?

20.11.2024
Жалған сенім жарға жығады
Видео

Жалған сенім жарға жығады

24.09.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Жетімін жылатпаған жұрт едік…

Жетімін жылатпаған жұрт едік...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75342 бөлісті
    Бөлісу 30137 Твитерге 18836
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

15.05.2025
Тойымсыздық синдромы
Қоғам

Тойымсыздық синдромы

15.05.2025
Дүниәуи ілімсіз дінді түсіне алмаймыз
Видео

Дүниәуи ілімсіз дінді түсіне алмаймыз

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00