Сейсенбі, 24 Маусым, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұстаз жайлы естелік

14.11.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
89
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тоқсаныншы жылдары медреседе оқып жүрген кезімізде ұстаздарымыздан көп тәлім алатын едік. «Әл–Хабир» медресесі сол кезде балабақшада орналасты. Медресені ашқан Әли қажы Апшерони деген (ислам дінін қабылдаған) украин азаматы, ауған соғысы ардагері болатын.

Әли қажы медресені белгілі күйші Мағауия Хамзинның қызы Майра Сүлееваның «Балаларды оңалту» орталығы балабақшасына орналастырды. Медреседе түркиялық Мехметали Сула, Шыңғыс қажы Зуха батыр ұрпағы, Ахмет Йылмаз ұстаздар, елімізден Халифа Алтай, Хайролла қажы ұстаздар дәріс берді.

Тәрбиешіміз Талғат Қадыров деген ағамыз, ал оның жұбайы Гүлмира апай аспазымыз болды. Медреседе алды елуден асқан, арты он екі жастағы еліміздің әр тарапынан, әсіресе солтүстік, батыс, шығыстан жиналған 40 шәкірт оқыды.

Ертай қажы Балахметов Әли қажының орынбасары болды. Атам қазақ: «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» деп айтпақшы, бұл әңгімеге ұстазымыз Мехметали Сула арқау болады. Ұстазымыздың сол кезде зейнетке шыққан кезі еді. Негізінде Түркияда ең алғаш ресми «уағызшы» (вааиз) қызметіне тағайындалған адам екен. Сол елдің Измир өлкесінде бас имамдық, ұстаздық қызмет жасапты. Араб, парсы тілдерін жетік білетін. Сондай-ақ  шет елдерде де ұстаздық қызмет етіпті.

«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді

«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді

23.06.2025
«Жол аш» деп ешкім айқайламайтын

«Жол аш» деп ешкім айқайламайтын

23.06.2025

Таң намазына бәрімізді азан шақырып оятатын. Жүзі мейірімді, ұзын бойлы, алпамса денелі адам еді. Намаздан кейін таң атқанша Құраннан сабақ беретін. Біздің ішімізде Әділбек, Ерболат, Бектұрсын, Ерлан, Самат деген жас балалар Құранды жақсы оқып, бізді қызықтыратын.

Ұстазды алғашында ешкім түсіне алмай, мен әскерде үйренген аздаған әзербайжан тілінде сөйлеп едім, ол кісі мені өзіне аудармашы қылып алды. Әрдайым жанына ертіп жүріп, түрік тілін де үйретті.

Медреседе оқып жүріп, өзіме азын-аулақ ақша болсын деп, балабақшаның күзетшілігі мен аула сыпырушысы қызметін де бірге істеп жүрдім. Сол кезде түн ішінде, ұстаздың тәһажжүд намазына тұрып, Құран оқып, зікір етіп отырғанын талай көрдім.

Бір күні ұстазыма: «Ұстаз! Сіздің атыңыз мыңдаған жылдар елімізден ұмытылмайды. Осы қырық шәкіртіңіздің шәкірттері Сізге әрдайым дұға етеді» деп айтқанымда, ерекше қуанғаны есімде…

Өзін өте таза ұстайтын адам еді. Киімі де, өзі де таза, тіпті әрдайым ақ шұлық киетін. Аяқ киіміне, үстіне шаң жұқтырмай, ұшып жүретін сияқты еді. Бір жерге баратын болса, қанша аялдама екенін сұрап алып, жақын болса жаяу жүруге тырысатын.

Ешуақытта ұрысып сөйлемейтін. Құран оқытып отырғанда, ұйықтап отырған балаларды ұзын шыбығымен түртіп оятатын. Әли қажыға кездескен сайын, жақсы көріп: «Хазіреті Әли сияқты» деп айтып, алғысын білдіретін.

Медресені бітірген соң, елге оралып имамдық қызмет атқарып жүрдім. Алла нәсіп етіп, мүфтияттың жолдамасымен 1995 жылы Түркияға имамдардың білімін көтеруге үш айға оқуға бардым. Ұстазымыз тұрған Измир қаласына жақын жердегі Маниса қаласында оқыдым.

Сол кезде ұстазыммен кездесуім басқа әңгіме. Алла ұстазымызды рахымына бөлеп, жатқан жерін жәннат бағы етсін!

Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: Діни білімҚуат Қабдолдаұстаз
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Пайғамбар (с.ғ.с.) да зайырлы білім алуға шақырған
Ғибратты әңгімелер

Ең маңызды нәрсе не?

18.06.2025
Бейне бір уақыт сыйлағандай екенсіз…
Ғибратты әңгімелер

Бейне бір уақыт сыйлағандай екенсіз…

09.06.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Батыс Қазақстан облысында теолог мамандар жетіспейді

Облыс орталықтары мен ірі қалалардағы мешіт саны

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    Қыздар медресесіне неше жастан қабылдайды?

    39 бөлісті
    Бөлісу 16 Твитерге 10

Соңғы жарияланымдар

ҚМДБ жастар секторы «Jas Keñes Sıylığı» шарасына қатысты
Жаңалықтар

ҚМДБ жастар секторы «Jas Keñes Sıylığı» шарасына қатысты

23.06.2025
«Әбу Ханифа» медресе-колледжінің түлектері мемлекеттік емтихан тапсырды
Жаңалықтар

«Әбу Ханифа» медресе-колледжінің түлектері мемлекеттік емтихан тапсырды

23.06.2025
«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді
Жаңалықтар

«Зекет және қайырымдылық»: Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау көрсетілді

23.06.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00