Сәрсенбі, 29 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Салауат айтудың сауабы

14.10.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
294
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мұсылман адамның толассыз сауапқа бөленіп, Алла Тағаланың рақымына кенеліп, сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына ие болуына жетелейтін амалдың бірі – Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту.

Салауат сөзі араб тілінде «дұға, тілек, бата» деген мағынаны білдіреді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздің салауатымызға мұқтаж емес, керісінше салауат айту арқылы бізге оның шапағатына һәм сүйіспеншілігіне бөлену мүмкіндігі бар. Тіпті қасиетті Құран Кәрімде мұсылманға салауат айту міндеттелген. Бұл жайында Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Расында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған салауат айтып, сәлем жолдаңдар», – деп бұйырған. Аталған аяттан алынатын пайдалар мынадай. Алла Тағаланың Пайғамбарға салауат айтуы – Алла Тағаланың оған деген мейірімі мен рақымы. Сондайақ «оған жәрдем беруі, есімін асқақ етуі, берекесін төгуі» деген мағыналарды білдіреді. Періштелердің салауат айтуы – ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаладан истиғфар тілеуі. Мұсылмандардың салауат айтуы – Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұға етуі.

Салауат айту жайында мынадай хабарлар келген: «Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады», – деген (Мүслим). Хадистен ұғатынымыз кімде-кім Алладан Пайғамбарымызға мейірім тілеп, оның дәрежесін көтеруін, ұлықтауын сұрап салауат айтса, Алла ол пенденің де дәрежесін, абыройын және оған деген мейірімін 10 есе арттырады. «Менің атым аталғанда, маған салауат айтпаған адам – сараң адам», – деген (Термизи).

Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызы Фатимадан (оған Алла разы болсын): «Адамдардың ең сараңы кім деп ойлайсың?» – деп сұрайды. Фатима анамыз: «Алла Тағала нәсіп еткен дәулеттен садақа бермейтін адамды ең сараң деуге болар», – дейді. Сол кезде ардақты Пайғамбарымыз: «Жоқ, менің атым аталған жерде маған салауат айтпағандар – нағыз сараңдар» – деген екен. Хадистен түсінетініміз, Пайғамбарымыздың есімі аталғанда салауат айтпау арқылы адам ең бірінші өзінің сараңдығын байқатады. Себебі Алла елшісіне Алланың мейірімін тілеу арқылы 10 есе мейірімге қол жеткізе алатын еді. Сондай-ақ дәрежесі көтеріліп, дұғалары қабыл болуына себеп болатын еді.

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді

Насихат елді түзейді

29.07.2026

Сонымен қатар дұғамыздың қабыл болу шарттарының бірі ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту екенін ұмытпауымыз қажет. Бірде Алла елшісі бір адамның Аллаға мақтау, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтпай, дұға жасап жатқанын естіп: «Мына адам асығып жатыр!» – деді. Сосын ол адамды өзіне шақырып алып: «Кімде-кім Алладан дұға тілемекші болса, мінсіз болған Раббысына мақтау айтудан бастап, сосын Пайғамбарға салауат айтсын, содан кейін не сұрағысы келсе де сұрай берсін», – деп насихат айтады (Термизи).

Салауаттың ең абзалы намазда айтылатын төмендегі салауат екенін ескергеніміз жөн. «Аллаһумма салли алә Мухаммәдин уа алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә алә Ибраһимә уа алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид». (Мағынасы: «Уа, Алла! Ибраһимге және Ибраһимнің отбасына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның отбасына салауат ет! Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы»). «Аллаһума бәрик алә Мухаммадин уа алә әәли Мухаммад, кәмә бәәрактә алә Ибраһима уа алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид» (Мағынасы: «Уа, Алла! Ибраһимге және Ибраһимнің отбасына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның отбасына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы»).

Салауат айту арқылы иман келтірген жан Алланың рақымы мен кешіріміне лайықты және хадис шарифте келгендей, ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Қияметте ең жақын адам болады. Алла Тағала баршамыздың істеген ізгі амалдарымызды қабыл еткей және Пайғамбарымызға көп салауат айтуға тауфиқ нәсіп етсін!

Жанділла БЕКЖІГІТОВ

«Иман» журналы, №9, 2024 жыл

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: құлшылықсалауат айтуСауапты іс
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Сұрақ-жауап

Намаздың хикметі неде?

22.07.2026
Құлшылық, құндылық һәм қасиет
Ислам

Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

11.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Сәкен Сейфуллиннің туғанына – 130 жыл

Сәкен Сейфуллиннің туғанына – 130 жыл

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    35
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Арбаудың үш деңгейі
Видео

Арбаудың үш деңгейі

28.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00