Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бие сүтінің емі

10.08.2024
- Қоғам, Таңдаулы
0
stan.kz

stan.kz

89
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде қысы-жазы сатылатын қымыз қазақ баласына аса таңсық емес. Әрине, мәселе – сапасы мен дұрыс бапталуында. Кейінгі заманда шыққан «Биесі жоқ үйдің қымызы» деген мәтел бар. Бұл қолдан жасалған «бірдеңені» меңзейді. Яғни көзбояушылық һәм арсыздың ісі.

Айтқандайын, «жылқының жалында өскенбіз» деп жүріп, қазір бие сүті мен саумалды ажырата алмайтын деңгейге жеттік. Әуелден ем үшін ішетін – бие сүті (жаңа сауылған сүт) еді де, саумал – күбі ішінде қалған қорға құйылған бие сүті (яғни қормен араласқан сүт). Ендеше, «саумал» деген атауы қандай әдемі естілсе де, мың­жылдық мағынасын өзгерту – дәстүрге қиғаш ғадет.

Бие сүтімен емдеу туралы тарихи мәліметті біз классик-жазушылар Лев Толстой мен Антон Чеховтан оқимыз. Толстой жарықтық башқұрт жеріне келіп, қымызбен ем­делгенін жан-жақты жазып кет­кен. Сондықтан да «кумы­солечебница» деген орыс сөзі бізге ыстық көрінетін. Осы жерде жат жұрт үшін термино­ло­гияда шарттылық («қымыз» сөзі) маңызды болса керек.

Әлемге орыс классиктері мен дәрігерлері арқылы жар­намаланған осы емнің бас­та­уында Нестор Постников ­(1821–1913) тұр. Бұл кісі біз­дің дана Абай туған шамада Мәс­кеу университетінің медицина факультетін бітірген кәсіби дәрігер екен. 1858 жылдан қымыз емханасы жүйесін ашып, соңында «Самара маңында қымызбен емдеу орындары» (1860), «Қымыз, оның құрамы және адам ағзасына әсері туралы» (1867) атты зерттеу еңбектер қалдырған. Осы салада алған марапаты да біршама. Самара қаласы маңайында кезінде оның бие байлаған сайдауыт жері әлі күнге «Постников сайы» деп аталады.

Дипломсыз медресе – дүбара дін

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026

ХІХ ғасырда халқының саны 100 млн-ға дейін өскен Ресейге, әрине, халықтық дәрі-дәрмек, ем-дом қажет болды. Сондықтан жұртшылық, әсіресе оқығандар қымыз еміне жүгінді. Сол кездің баспасөзінде «Қымыз қан тамырларын тазалайды, өкпе (құрт ауруы, көксау), жүрек ауруларына ем. Бүйрек пен несеп жолдары науқастарын емдейді. Жүкті әйелдерге дәрумені пайдалы» деп жазылған.

Ең қызығы, бие сүтін жыл­қының тұрған жерінде, сауы­ла салысымен ішуге кеңес беріп­ті. Сондай-ақ сауылатын бие арбаға жегілмей, кең далада еркін жайылуы керегі айтылған.

Бұдан да тартымдырақ ақ­парат – бие сүтін қалай және қай кезде, қандай мөлшерде ішу деп тәптіштеліп жазылған.

Бие сүтімен емделу әдетте 6 аптадан 3 айға дейін созы­лыпты. Емделушілердің күн тәртібі шамамен мынандай: таңда сағат 6-да тұрып, таза ­ауада тыныстап барып, бие сүтін ішеді. Сағат 8.00-9.00 шамасында ептеп қана дәм жейді (шай және май жағылған нан, аздап жұмыртқа). Бірақ бұл таңғы ас саналмайды. Таңғы ас 12.00-ге белгіленген. Бірақ оған дейін де далада кеңірек тыныс­тап жүруі шарт. Денсаулық­қа пайдалы ойын-жаттығу­лар жасауға да болады. Түскі ас уақыты – 18.00. Ал кешкі ас (мұнда шай мен жеңсік тамақ) уақыты – 21.00.

Емделушілер күніне қанша бие сүтін ішкен? Бастапқыда шағындау 6 кеседен бастап, соңында 45 кесеге жеткен (орыс дәрігері стақанмен өлшеген). Ем кезеңінде қырыққабат (капуста), қияр жеуге, спирттік ішімдік ішуге қатаң тыйым салынған.

Қымыз (бие сүті) маусымы 10 мамырдан 20 тамызға дейін созылған.

Бие сүтімен емдеу орындары Самара, Орынбор, Уфа губернияларында болған. Бұл өңірлерге қазақтың ежелден қатысы бары мәлім. Сондай-ақ Омбы атқамінерлері мен зиялылары да қазақ ауылдарына соғып, бие сүтін ем үшін ішкені туралы дерек бар (мысалы, жазушы К.Масальскийдің қызы Л.Полторацкаяның естелігі мен суреттері).

Әдебиет алыбы Лев Толстой көбіне Башқұрттың Қарлық атты жерінде, Самара маңында «қымызбен» емделген. Тіпті Самараның бір аулында жыл­қы зауытын ашуды да жос­парлапты. Ясная Поляна­дағы дәрігері қайбір дәрілер­ді ішуді міндеттегенде, арыс­тан ақсақалыңыз қырсығып: «Осыдан далаға кетем де, қымыз ішіп, қой етін жеп, жатып аламын!», дейді екен. Есептей беріңіз, жазушының құт мекені Туладан Самараға дейінгі жол 1 мың шақырымнан асады. Бірақ дана қаламгерді дала дәмі тартқан ұқсайды.

Айтуған ДОСБИ

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: қымыз
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Үздік қымыз өндірушілер анықталды
Жаңалықтар

Үздік қымыз өндірушілер анықталды

21.07.2025
Қымыз ішіп, мас болу мүмкін бе?
Қоғам

Қымыз ішіп, мас болу мүмкін бе?

25.07.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлы ақын шығармашылығын насихаттаған сайыс

Ұлы ақын шығармашылығын насихаттаған сайыс

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123369 бөлісті
    Бөлісу 49348 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00