Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ зиялыларының діни көзқарасы

17.05.2024
- Ислам, Таңдаулы
0
68
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласы қандайда бір дінде, наным–сенімде болады. Дін Жаратушы мен жаратылыстың арасындағы тылсым байланыс дейтін болсақ, дінсіздердің өзі сол тылсымнан қуат күтеді, қорқады, тағдырдың өз қолында еместігін біледі.

Сондықтан әлемдегі халықтың 80 пайызы өздерінің шаңырақтарында құлшылық етеді екен.

Мемлекет құраушы қазақ халқының негізгі ұстанған діні ислам болса, сол діннің қамқоршысы қазақ билігі, қазірде қамқоршысы, болашақта да солай бола бермек. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», дегені белгілі.

Енді әріге шегініс жасасақ. «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсынов: «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуы сақталу» деп ислам дінінің әділдікті, шындықты жақтайтынын айтады. Тіпті, ислам ғұламаларының мемлекет билеудегі амал-тәсілдері жайлы айтады.

Семья – фундамент личности

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025

Исламның ең алғашқы шарты – иман. Иман – жазылған заңнан да әділ. Ал дана Абай болса: «Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды», – деп исламдағы иман парызының рөлін көрсетеді. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз да: «Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады», деп, иманды алғашқы орынға қояды. Иманы, ары, адамгершілігі бар адам ешқашан да опасыздық жасамақ емес. Отанды сүю шынайы иманнан көрініс табады. Имансыз адам Отанның қадір-қасиетін де, маңызын да білмей өтеді.

Ы.Алтынсарин өз еңбегінде: «Ол Алла Тағала дене иесі емес, сурет иесі емес, асыл жауһардай заттар сипатында емес, мекен я бір орын иесі емес, бос орынды толтырушыдан емес, тамақ жеушілерден, ішушілерден емес, біреуді тудырған емес, яки біреуден туған емес…» дей келіп мұсылманша жүрсек мін баспас еді бізді дейді. Яғни, бас ұстаздың исламға деген құрметі соншалықты зор еді, алайда кеңестік саясат осы тұстарын сүріп тастап отырды. Оның бір белгісі «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңіндегі «Бір Құдайға сыйынып» деген жерінің алынып тасталуы.

Мәшһүр Жүсіп бабамыз:

«Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,

Боларға басқа-басқа бөлектенбес

Алланы ешнәрсеге ұқсатуға

Еш нәрсе оған ұқсап, жөні келмес

Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

Мекенін бір Алланың ешкім білмес», деп жазған өлең шумағымен исламға деген көзқарасын білдіреді. Өз өмірін болжап кеткен бабамыз «дін талаптарын орындаңдар, сендерді ешқашан жамандық баспайды» деп аманаттаған кейінгілерге.

Шәкәрім Құдайбердіұлы болса, өзінің «Мұсылмандық шарты» атты кітабында адам хақы мен хайуан хақына қатысты, адамның жақсы, жаман мінездері, күнә, тәубә, ниет, т.б. істер жөніндегі шариғат үкімдерін жіктеп жазады. Ислам дініндегі парыз, уәжіп, сүннет, мүстәни, мүбах, харам, мәкрүһ, мәфсад сияқты істерге түсінік береді. Күнделікті тұрмыста кезігетін мал сою, неке қию, қарыз беру, жерге, суға иелік жасау, аманат, ақы алу, т.б. жағдайларға байланысты шариғат үкімдерінің әрқайсысын жеке-жеке таратып түсіндіреді. Сонымен қатар хақ жолдан да адасып жүргендер мен өзге діндерді сынаған ол:

Жердің жүзін дәл тауып,

Ешбір дін жоқ орныққан.

Бәрінде де бар қауіп,

Дін көбейді сондықтан, – деп дінде адаспай тура жолға түсуді насихаттайды. Қазақ зиялыларының барлығы исламды хақ деп танығанмен, кешегі кеңес заманында осы бір сенімдерге селкеу түсті. Дей тұрғанмен барлығының жүрегі ислам деп соққаны сөзсіз. Бір ғана айғағы Мұқағали Мақатаевтың:

«Алла – ақиқат.

Аллаға сеніп өтем,

Адалдық пен ақиқат серігі екен.

Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,

Арамдыққа баспаймын – жолы бөтен!» деген сынды сенімдері сол заманда да исламның көк байрағы желбірегеніне куә.

С. АЛДАШБАЕВ,

Қызылорда облысы дін істері басқармасы

дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы

Таңбалар: дінсенім
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәдениет – дүниетанымның шынайы көрінісі
Видео

Мәдениет – дүниетанымның шынайы көрінісі

29.04.2025
Қазақ пен мұсылман – бір ұғым
Видео

Қазақ пен мұсылман – бір ұғым

24.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бір үйден бір адам құрбан шалса жеткілікті ме – Бауыржан Әлиұлының жауабы

Бауыржан Әлиұлының соңғы посттары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75291 бөлісті
    Бөлісу 30116 Твитерге 18823
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?
Сұрақ-жауап

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды
Жаңалықтар

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00