Бейсенбі, 15 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық дәстүр – ел тұтастығы мен тұрақтылығының кепілі

20.11.2023
- Қоғам, Таңдаулы
0
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әрбір ұлттың ғасырлар бойы жинақтап, бойына сіңірген рухани құндылықтары бар. Атап айтқанда салт-дәстүрі, таным түсінігі болады. Алайда бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарын мансұқтап, керітартпалық немесе діни танымыма қайшы келеді деп қарсы шығушылардың қатары артуда.

Шындап келгенде дәстүрлі дүниетанымымыз, салтымыз ұлтымыздың жазылмаған заңы іспетті. Ұлтымыздың ұлт болып сақталып қалуының кепілі. Осы орайда дәстүрдің шығуы мен ұлттың ұлт болып қалыптасуында алатын орны жайында сөз еткен орынды. Белгілі отандық ұлт менталитетін зерттеуші Т.Бурабаев руханилық халықтың мінез-құлқында, салты мен дәстүрінде, санасы мен дүниеге көзқарастарында, қала берді аңыз-ертегілерінде, мифтерінде, практикалық іс-қимылдарында, тұрмыс-салтында орын алғанын ерекше атап өтеді. Олар ұлттың бет-бейнесін, қадір-қасиетін, басқалардан ерекшелігін, жалпы ұлттық рухани болмысын көрсетеді.

Халықтың дәстүрі оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор. Дәстүр – руханияттың өзекті саласы. Дәстүр тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы дәстүрді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше.

Кез келген ұлттың мәдени дәстүрлері мен менталитетінің астарында сол халықтың рухани негізі саналатын дүниені қабылдау және ойлау ерекшеліктерін көрсететін құндылықтары бар. Ұлттық мінез-құлық стереотипінің қалыптасуына ықпал ететін және дәстүрлі тұрмыс-тіршілігіндегі мәдени белгілерінде көрініс табатын рухани құбылыс – діни наным-сенімдердің негізінде санада туындаған терең қатпарларында сақталады және ұлттық мәдениеттің рухани түп-тамырына айналады.

Семья – фундамент личности

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025

Бүгінде әрбір тұлға дәстүрдің туындау себептері мен ұлттық дәстүрде сақталған киелі ұғымдарды біліп, олардың қазақ мәдениетіне қатынасын түсінуі қажет. Түркі дүниетанымының негізінде орныққан киелі ұғымдардың салт-жоралардағы көрісін ажырата білмегі ләзім. Діни түсініктер мен наным-сенімдер және мұсылмандық діни дәстүрлердің өзара бір-бірімен терең ұштасқан даму процесі мен заңдылықтарын ұғынбағы керек.

Қазіргі заманғы адамның санасын, оның мәдени-рухани даму процесіне қатынасын екі ұғым арқылы сипаттауға болады. Оның бірі – «тарихи зерделік, екіншісі – «мәңгүрттік»  деп атап көрсетеді белгілі ғалым А. Қасымжанов.

Тарихи зерделілік – әрбір жеке адамға, тұтас ұрпаққа байланысты адамның, жас ұрпақтың тарихты сезінуі, өзінің шыққан тегін, ұлтын, оның рухани түп-тамырларын танып-білуге ұмтұлу, сана-сезімінің оянуы. Мәңгүрттік – адамның ұлттық рухани тамырларынан, тарихынан қашықтауы, өзгермелі құндылықтарды қабылдап, ұлттық рухани құндылықтардан бас тартуы. Демек, руханилық – кез келген ұлттық мәдениеттің «жаны», дүниетанымы, салт-дәстүрлері, құндылықтары, идеялары мен символдары.

Кеңес ғылымдары “дәстүр дегеніміз белгілі бір қоғамда, таптар мен әлеуметтік топтарда ұзақ уақыттар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырылатын әлеуметтік және мәдени мұраның элементтері” деп үйретіп келді. Ал бұл, шындап келгенде, дәстүр ұғымының мәніне тым шолақ қайырым еді. Дәстүр ұғымына К.Бикенова, М.Садырова Әлеуметтенудың түсіндірме сөздігінде «Дәстүр дегеніміз – (лат. traditio – сабақтастық) – әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойына адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады, – деп анықтама береді. Ал Мәдени-философиялық энциклопедияда «Дәстүр» – әлеуметтік және мәдени құндылықтардың ұзақ уақыт қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтастық арқылы сұрыпталып келуін білдіретін және мәдениеттануда да кеңінен қолданылатын ұғым-термин. Дәстүрдің негізі ретінде белгілі бір қоғамдық ұстанымдар, мінез-құлық, құндылықтар, идея, әдет-ғұрып, басқа да рухани дәстүрлік қасиеті бар іс-әрекет көрініс табады, –  деп анықтама береді. Сондай-ақ діни тұрғыда мынадай түсіндірме келтіріледі «Дәстүр» – «дустур» деп айтылатын арап сөзінің баламасы, конституция, құқытық негіз, заң дегенді білдіреді.

Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар – материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтар дәстүрді құрайды. «Салт-дәстүр – тіл мен мәдениет бастауларының анасы» деген. XVIII ғасырдағы неміс ағартушысы И.Г. Гердер оның жазба мәдениет пен азаматтық қоғам қалыптасқанға дейінгі уақыттағы мәдениетті тасымалдаушы маңызын бағалап отыр.

Дәстүр дегеніміз, біздің таным-түсінігіміз бойынша, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл тіршілік тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп, бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген конституциясы. Оған басқа ұлттың ортақтығы жоқ. Оның бір ұлтқа тәуелділеніп, “ұлттық дәстүр” деп аталуы да сол бір ғана ұлтқа тәндігінде, жалғыздығында. Қазақтың дәстүр сөзіне “салт” сөзін тіркеп айтатындығының мәні де, оның осы даралығында. “Салт” сөзі жалғыздықты, даралықты білдіреді. Сонда “ұлттық салт-дәстүр” деген белгілі бір ұлттың өзіне тән жеке дара дәстүрі деген ұғымға саяды деп түсініктеме береді ғалымдарымыз.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, науры көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі – деген анықтама берілген Қазақ энциклопедиясында.

Өкінішке орай, бүгінгі жастарымыз ата бабаларымыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтарымызды жатсынады. Ата анасының діни көзқарастарын сынап, құрметсіздік көрсетеді. Ұлттық мейрамдарымызды  мойындамай, тек діни мейрамдарды ғана тойлаумен шектелгісі келеді. Дәстүрлі дүние танымымыз арқылы дінімізге сіңісіп кеткен салт-жоралғыларымызды жоққа шығаруда. Шындап келгенде ғасырлар көлемінде електен өткендей іріктеліп жеткен салт-дәстүрлеріміз дінімізге қайшы емес, керісінше ұлтымыздың тұтастығы мен тұрақтылығының кепілі болмақ.

Гүлмира СЕРІКБАЕВА,

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

Таңбалар: басты тақырыпдін мен дәстүрсалт-дәстүр
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Можно ли совершить хадж без визы?
Жаңалықтар

ҚМДБ: Жалған қажылық жасағандарға айыппұл салынады

13.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

Елдің қанша пайызы ешқашан отбасын құрмаған

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75290 бөлісті
    Бөлісу 30116 Твитерге 18823
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2473 бөлісті
    Бөлісу 989 Твитерге 618
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4808 бөлісті
    Бөлісу 1923 Твитерге 1202
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2711 бөлісті
    Бөлісу 1084 Твитерге 678

Соңғы жарияланымдар

Семья – фундамент личности
Жаңалықтар

Аида Балаева: Отбасын қолдау – тұрақты дамудың берік негізі

15.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?
Сұрақ-жауап

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025
Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды
Жаңалықтар

Бразилияда Димаштың суретімен безендірілген автобустар пайда болды

15.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00