Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Орамал дауын қайтсе оңтайлы шешеміз?

01.09.2023
- Ислам, Таңдаулы
1
366
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінгі қазақ қоғамын көптен толғандырып, толғағы басылмай тұрған екі мәселе бар: бірі – тіл, екіншісі – орамал дауы. Соның ішінде жыл сайын кезекті оқу жылы басталар алдында мектеп жасындағы балалардың хиджабпен сабаққа бару мәселесі көтеріліп жүр. Бірақ түпкілікті шешілер түрі жоқ. Керісінше барған сайын оны қолдаушылар мен қарсылар арасындағы қиян-кескі пікір қайшылығы үдеп бара жатқандай.

Дін секілді нәзік мәселеде туындаған түсініспеушіліктердің дер кезінде алдын алмай болмайды. Өйткені, дін – сенім мәселесі. Бұл жерде қоғамды жікке бөлмейтін сары майдан қыл суырғандай сындарлы шешім керек. Осы орайда біз дін саласындағы белгілі мамандар мен сарапшыларды сөзге тартып, орамал дауын қалай оңтайлы шешеміз деген сауалымызды қойдық.

Павлордар қаласының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» директоры, оңалту мәселелері бойынша сарапшы Гүлназ Раздық бұған дейінгі жылдары мектепте орамал тағуға қатысты талап-тілектер қоғамда ішінара көтеріліп, әр жерден бір естілетін жүйесіз сипатта болса, соңғы уақытта оны қолдаушылар жүйелі әрекет ететін үлкен күшке айналып үлгергендігін айтады.

– Бұл мәселеге құқықтық көзқарас тұрғысынан баға беріп, әрекет етуіміз керек. Өйткені біз құқықтық, зайырлы мемлекеттің заңдарымен өмір сүреміз. Дегенмен қоғамда діни нормаларды басшылыққа алатын діндар адамдар да бар. Бұл олардың құқығы. Осыған орай орамал тағып мектепке бару мәселесінде зайырлы заңдар мен діни нормалар арасында қайшылықтар туындап қалып жатыр. Айта кетейік, біздің елімізде 18 діни конфессияның өкілдері өмір сүреді. Олардың да өз діни заңдары бар. Сондықтан біз бір конфессия өкілдеріне басымдық беріп, екіншісіне бермей, қоғамдық әділетсіздікке жол аша алмаймыз. Бұдан шығатын қорытынды, ең алдымен әрбір адам құқықтық, зайырлы мемлекеттік заңдарын басшылыққа алуымыз керек, – дейді сарапшы.

БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды

БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды

12.05.2025
Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

12.05.2025

Оның айтуынша, діни киім тек мектептің ішінде тыйым салынады, ал сыртта кез келген адам өз дінінің талабы бойынша киіне алады. Сонымен қатар мектептен тыс уақытта баланың діни мекемелерге барып, рухани білім алуына шектеу қойылмаған. «Ал мектеп – балаға ешбір діннің немесе ұлттың идеологиясынан тыс, зайырлы және ғылыми тұрғыда ғана жан-жақты білім берілетін орын екенін ұмытпайық. Ол жерде біркелкі мектеп формасы сақталуы керек. Бұл ең сындарлы ұстаным деп санаймын» деді Гүлназ Раздық.

«Қазақстандық заңгерлер қауымдастығы» РҚБ атқарушы директоры Серік Беркамалов зайырлы мемлекет дегеніміз – біреулер айтып жүргендей «құдайсыз қоғамды» білдірмейтінін, сонымен бірге елдегі барлық конфессияның теңдігін сақтайтын концепция екендігін айтады. Оның пікірінше, әр баланың сапалы білім алуға бірдей құқығы болуымен қатар, олардың діни ұстанымдарына қатысты да бірдей қатынас болуы керек. Яғни бір бала екіншісінен діни белгілері бойынша ерекшеленбеуі қажет.

– Біріншіден, осы мақсатта елімізде мектептерде біркелкі форма енгізілді. Әркімнің материалдық жағдайы әртүрлі болатыны белгілі. Біреулер бай, екіншілері орташа болуы мүмкін. Егер әр бала өзінің жағдайына сай киінетін болса, олардың арасында жікке бөліну жағдайы туындауы мүмкін. Сол секілді орамал тағу немесе тақпау белгілері бойынша да кейбір оқушылар көпшіліктен ерекшеленіп тұрса, бұл олардың арасында бір-бірін келеке қылу, буллинг оқиғаларына алып келуі ғажап емес. Екіншіден, бастауыш мектептің 6-7 жастағы оқушысының діни киім киюі қаншалықты ақылға сыйымды? Ата-анасы неліктен оларды хиджаб секілді киіммен орайды? Иә, олар балаларын өз дінінің нормаларымен тәрбиелесін, бірақ балиғатқа толмаған балаларын басқалардан ерекшелеп, діни киім кигізу дұрыс емес. «Менің балам орамал тағады немесе мектепке мүлдем бармайды» деу – тікелей заң бұзу. Тіпті исламның өзінде балаға балиғат жасына толғаннан кейін ғана намаз, ораза, орамал тағу парыз. Қарап отырсаңыз, діннің өзі жеткіншектің белгілі бір ақыл тоқтататын жасқа жетуін дұрыс деп отыр, – дейді заңгер.

Зайырлылық қағидаттарына сәйкес дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керектігін тілге тиек еткен ол «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда ислам дінінің ханафи мәзһабы және христиан дінінің православиелік бағытының қоғам өміріндегі тарихи маңызды рөлі атап көрсетілгеніне қарамастан, еліміз өзінің зайырлылық бағытынан ажырамағанын атап өтті. «Бұл жерде аталған заңда ел халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерге құрмет білдірілетіні һәм азаматтардың діни нанымдарын сыйлаудың маңыздылығы, конфессиялар арасындағы келісімнің басты назарда болатыны да жазылған. Қоғамның санасын, дін жайлы түсінігін өзгерту көп уақыт алатын процесс. Мен философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетайдың «Еліміз зайырлы құқықтық ұстанымнан айрылмауы керек. Зайырлы дегеніміз – озық, толерантты, ашық қоғам» деген сөзімен толықтай келісемін» деді ол.

Сарапшылар мен мамандардың пікірі ең алдымен зайырлы елдің заңдарын басшылыққа алу керек дегенге сайып отыр. Дегенмен жыл сайын орамал дауы бекерге көтеріліп отырмағаны да белгілі. Себебі – дін соны талап етеді. Нақтырақ айтқанда, балиғат жасына толғанда қыз баласына өз үйінен тыс жердің бәрінде орамал тарту және жабық киіну міндеттелінеді. Осы жерде өгізді де өлтірмейтіндей және арбаны да сындырмайтындай бір оңтайлы шешім болу керек екені ақиқат. Біз осы сұрақты ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, исламтанушы Мұхан Исаханға қойдық. Ол балиғат жасына толмай жатып кішкене бүлдіршіндерін хиджабқа орап қоятын ата-аналарға түсіндірме жүргізу және орамал дауын біржолата тоқтату үшін бірқатар ұсынысын жеткізді. Соның біріншісі – балиғат жасын арнайы пәтуамен бекіту.

«Діннің дәлелдерін, сондай-ақ медициналық тексерулерді негізге ала отырып еліміздегі орташа балиғатқа толатын жасты анықтап, соны пәтуамен бекіту керек деп ойлаймын. Ол 13 жас па немесе 15 жас бола ма, нақты бір меже көрсетілуі керек. Бұл бастауыш мектепте оқитын қыздарына орамал тақтыратын ата-аналар мектептің ішкі тәртібін тыңдамайтын болса, діни тұрғыда да жауап беру үшін қажет нәрсе.

Екінші ұсынысым – бізде ұлдар мен қыздар білім алатын діни медресе-колледждер бар. Бұлар Оқу-ағарту министрлігіне тіркелген ресми оқу орындары. Ол жерге талапкерлер басқа да зайырлы білім ордалары секілді 9-сыныптан кейін қабылданады. Орамал таққысы келетін қыз балалар да осы оқу орындарына түсулеріне болады. Бірақ, бір айта кетерлігі, қыздар медреселерінің барлығы еліміздің оңтүстік жағында орналасқан. Сондықтан еліміздің солтүстік, шығыс, т.б. аумақтарынан да қыздар оқитын ресми медресе-колледждер ашу жағын ойластыру керек.

Үшінші ұсынысым – ешбір тарапты ренжітпейтін шешімдердің бірі – мектеп формасына ешқандай діни белгі бермей-ақ ұзын етекті форманы да бекіту керек. Сонымен қатар, кейбір елдердегі секілді қыздар үшін «вандамка» секілді бас киім түрін тартуға рұқсат берілгені дұрыс. Бірақ барлығы да бір стильде, бір түсте болуы керек. Қалаған адам ұзын етек киіп, басына заманға сай сәнді киімді кисе, оған ешкімнің қарсылығы болмайды деп ойлаймын.

Төртінші ұсынысым – қазіргі күні елімізде жекеменшік мектептер көптеп ашылып жатыр. Солардың қатарында тек қыздар білім алатын мектептер ашылса құба-құп. Ол жерде жұмыс істейтін мұғалімдер, күзетшілер, басқа да қызметкерлердің бәрі әйелдер болса, орамал тағатын қыз мектепке кіргеннен кейін оны шешіп қоя алады. Өйткені дінде әйелдер бір-бірінің алдында жалаңбас жүрулеріне рұқсат. Егер осы айтылған мәселелер шешімін тауып жатса, орамал дауын біржолата тоқтатуға мүмкіндік туады деген сенімдемін» дейді Мұхан Исахан.

Дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев қоғамда орамал дауының қозуына себепші болып отырған тағы бір себепті айтты. Ол – «хиджаб» сөзі. «Ең алдымен «хиджаб» дегенді қолданбай, оның орнына өзіміздің қазақ тіліндегі «орамал» деген сөзді пайдалану керек. Өйткені араб тілінен соңғы жылдары енген таңсық сөздің өзі адамдарды теріс ойға жетелеуі мүмкін. Діни сауатты мамандар «хиджаб» емес, орамал деп айтады. Ал «хиджаб» сөзін көбіне әлеуметтік желіде исламофобтық пікір қалыптастыруға ынталы адамдар жиі қолданып жүр. Себебі «орамалға» қарағанда «хиджаб» қара түсті жапқышты, ниқапты (бетперде) көз алдымызға келтіреді. Сондықтан қоғамның тыныштығын шайқалтқысы келетіндер үшін бұл да елді дүрліктірудің бір амалы» дейді ол.

Жалғас Сандыбаев дін ұстанушы азаматтарды әсіре діншілдікке берілмеуге шақырып, ел үшін діни тұрақтылықтың ең маңызды байлық екенін айтты. «Он екіде бір гүлі ашылмаған кішкентай қыздарды орамал тағуға ықпал ету дұрыс емес. Жастар тәрбиесі – бәрімізге ортақ міндет. Жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін бөлінбей бірігіп жұмыс істейік. Ал жалпы дінге қарсы адамдарға айтарым, кейбір ересек қыздардың орамал тартуымен қоғам түгелдей діншіл болып кетпейтінін ұмытпайық. Карл Маркстың: «Атеизм дінді толықтай терістеймін деп үнемі дінге сілтеме жасап отырады. Дін болмаса, атеизмнің мәні қалмайды, сол үшін атеизмнің өзі де дін», – деп айтқан әйгілі сөзі бар. Қазір мектепте, балалар арасында орамал дауынан де ауыр проблемалар бар. Суицид, буллинг, нашақорлық, ойынқұмарлық, басқа да күн тәртібіндегі мәселелерді қоғам болып шешуге атсалысуымыз керек. Жастарымыз жат діннің ықпалына кетпеуі үшін ең алдымен олардың санасына кіретін жат идеологияның жолына тосқауыл қойған жөн. Сол сияқты орамал мәселесінде әлі де құқықтық ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек» деді ол.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпЕскендір Зұлқарнаймектепмемлекет және дінорамалхиджаб
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы
Мемлекет және дін

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы

12.05.2025
Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер
Қоғам

Жеңістің 80 жылдығын көрген майдангерлер

09.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дін vs терроризм

Пікір 1

  1. Сая жазған:
    2 жыл бұрын

    Онда тым болмағанда балиғатқа толған қыздарға рұқсат берсін үкімет.

    Жауап беру

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    74456 бөлісті
    Бөлісу 29782 Твитерге 18614
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2466 бөлісті
    Бөлісу 986 Твитерге 617
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    545 бөлісті
    Бөлісу 218 Твитерге 136

Соңғы жарияланымдар

Террористік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясы тарады
Жаңалықтар

Террористік ұйым деп танылған Күрдістан жұмысшы партиясы тарады

12.05.2025
БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар

БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды

12.05.2025
Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді
Жаңалықтар

Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

12.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00