Сәрсенбі, 9 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ата Заң күні Алаш баласына айтарым бар

30.08.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
118
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жағрапиятанушылардың айтуына қарағанда, жаһанда бес мыңға тақау ұлт өмір сүретін көрінеді. Әлбетте, оның ірісі бар, ұсағы бар, әлейім жұрт білетіні бар, білмейтіні бар, Құдай тағала жаратқан қаншама этнос ғаламшарда өз несібесін иеленіп, қал-қадерінше тіршілік қамын қылуда. «Алуан-алуан жүйрік бар әліне қарай шабатын» демекші, осы этностардың басым көпшілігінің мемлекеттік институты жоқ. БҰҰ-ның құрамына 200-ге жуық субекті ғана енген. Қаншама этнос өзге гегемон ұлттарға кіріптар күйде ғұмыр кешуде. Бақытымызға орай, Алаш баласы Алланың теңдессіз сыйы – тәуелсіздікке ие, яғни мемлекеттілігі бар ұлттардың қатарына жатады. Осыған Аллаға шүкір дей отырып, елдігімізді арттыра түсетін базбір мәселенің шешімі ретінде қысқа-нұсқа өз ұсыныстарымызды ортаға салмақшымыз.

                 Ата Заңда ұлттық бояу басым болу керек

Ата Заң – ұлттың мемлекеттік деңгейге көтерілгенін айқындайтын басты саяси-құқықтық құжат екені баршаға мәлім. Қазақтың арғы-бергі тарихында Ата Заңға парапар көптеген хартиялық мәнге ие құқықтық құжаттар қабылданған. Аталған құжаттардың әрқайсысы қазақ мемлекеттілігінің нығаюына өз үлестерін қосып, өз дәуірінде ұлтымыздың айбынын асырған.

Тарихтан тартып айтар болсақ, сонау Ғұн дәуірінде Оғыз қаған қабылдаған жарлықтар, Түркі дәуірінде «Төре» заңдары, Хақ дінді қабылдаған Қарақан кезеңінде «Ясама» құқығы, Шыңғыс хан дәуірінде «Ұлы Яса» заңы, Алтын Орданы Едіге бидің «Жасақ» заңы, Қазақ халқы өз алдына дербес шаңырақ көтерген XV ғасыр басында «Қасым ханның қасқа жолы», XVI ғасырдың алғашқы ширегінде «Есім ханның ескі жолы», 1680-1716 жылдары билік құрған Әз-Тәуке дәуірінде «Жеті жарғы» секілді Ата заңдарымыз болды. Олардың әрқайсысының тарихта Қазақ мемлекеттілігінің негізі қалануына екпінді ықпал етті.

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

08.07.2025
Ана сүті туралы хикая

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025

Арғы тарихты айтпағанда, бүгінгі мемлекетімізді Қазақ хандығының заңды жалғасы дейтін болсақ, онда қазір дербес субекті ретінде өмір сүргеніміз үшін кешегі бабалардың жанқияр еңбегін, олар қабылдаған саяси-құқықтық құжаттарды өз деңгейінде дұрыс бағалай білуіміз қажет. Өкінішке қарай, тарихшы Н.Кенжеахмет айтпақшы қазіргі қолданыстағы заңнамаларымызда ата-бабаларымыздың әдет-ғұрып құқықтарының ең болмағанда сынықтарын да ұшырастыра алмаймыз. Қазақстанның құқық саласында Англо-саксон заңдары, Рим құқығы, ХІХ-ХХ ғасырлардың еншісіндегі социологиялық заңдар абсолюттік мәнге ие. Неге Жапония, Корея, Израиль мемлекеттері тәрізді ұлттық құқықтық мектептерге басымдық бере алмаймыз? Қасқа жол мен Ескі жолды былай қойғанда, неге «Жеті жарғыдағы» бітім, жүгініс, ала жіп тастау, үме, қызыл көтеру, шүлен тарқату, жылу жинау, енші беру, төбе би, сүбе би, ара би институттарын дамытып, құқықтық қолданысқа енгізбеске? Қыбын келтіріп, жөнін тауып, ұлттық құқықтық институттарымызды құқық процессіне қолдана алсақ, бұл біздің шынында да бабалар салған дара жолмен келе жатқан дербес ел екенімізді әйгілейтін еді.

             Әдет-ғұрып пен шариғаттың өзара үндесуі

Х ғасырда Қарақан дәуірінде басталған түркілердің ислам дінін қабылдау процессі Алтын Орда кезеңінде жалғасын тауып, оның соңы көшпелілердің басым бөлігінің Хақ дінге өтуімен аяқталды. Алтын Орда ыдырап, Қазақ хандығы тарих сахнасына шыққанда, оның құрамындағы түркі тайпаларының барлығы Хақ дінді қабылдаған, Әбу Ханифа мәзһабын ұстаған халық еді. Ислам дінін ұстанғаннан кейін бабаларымыз Хақ дін мен әдет-ғұрыптың өзара үндесуіне басымдық берді.

Исламды қабылдаған көптеген халықтардың өткеніне назар салсаңыз, олардың тарихында ескі сенім мен жаңа нанымның арасында белгілі бір деңгейде қақтығыстардың болғанына куә боласың. Алайда, мұндай кереғарлық біздің шежіремізде орын алмады. Себебі, ұлы заңгерлеріміз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би т.б. аузы уәлі абыздарымыз шариғат пен әдет-ғұрыптың өзара үндесуі үшін асқан шеберлікпен әрекет етіп, екі құқықтық қайнар-көзді бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай етіп ымыраластырды. Қазіргі таңда құқықтың қолданыстағы «мемлекет», «қауым», «саясат», «зайыр», «мәжіліс», «мәслихат», «әділет», «қазы», «әкім», «әмір», «нақыл», «әдіс», «тәсіл», «айла», «шарғы», «үкім», «шара», «жаза», «қағида», «талап», «шарт», «тәртіп», «бап», «мансұқ», «санат», «әдеп», «ғұрып», «дәстүр», «хикмет», «кәде», «неке», «талақ», «нәпақа», «хақы», «құқық», «ереже», «асыл», «қасам-ант», «уәде», «хат», «әрекет», «қабілет», «қарар», «мәміле», «мүлік», «мирас», «шүбә», «наразылық» және т.б. арабша терминдерді біз күнделікті өмірде тікелей усул ул-фиқһ (мұсылман құқығының теория-методологиясы) іліміндегі мағынасына сай қолданамыз. Әсілі, терең үйлесімнің арқасында ғана мұндай құбылыс бүр жара алады.

Біздің бай құқықтық мәдениетіміздің қалыптасуына мұсылмандық құндылықтар ерекше әсер етсе, оның басында сөз жоқ біздің ұлы билеріміз тұр. Ағымдағы жылы Президент Қ.Тоқаев қазақ әдет-ғұрпының ғылыми теориялық негіздерін зерделеу керектігін айтқан болатын. Олай болса, құқықтық мәдениетіміздің қос бастау-бұлағы – әдет-ғұрып пен мұсылмандық үкімдерді жаңа контексте қайта зерттеуіміз қажет.

          Реституция туралы заң қабылдауымыз керек

Қазақ руханиятында елеулі мәнге ие – ескі тарихи ғимараттарды ел игілігіне қалай қолдансақ болады? Бұл Қазақ қоғамындағы басты рухани проблемалардың бірі десек асыра айтқандық емес. Кезінде «Сакральды Қазақстан» жобасы қолға алынғанмен, өкініштісі оның соңы сиырқұйымшақтанып кетті. Қаншама еңбек жасалынып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі киелі орындардың тізімі жасақталғанмен, оның ел руханиятына аса пайдасы бола қоймады. Бұл мәселенің түйінін қалай шешуге болады?

Шынтуайтында, біздегі тарихи ғимараттардың басым көпшілігі Мәдениет комитеті мен басқармаларының балансына енген. Оның кейбір соқталысы мұражай ретінде жұмыс істеп тұр. Ал, кейбірі мүлде қараусыз қалған. Аталған рухани мәні зор тарихи ғимараттарды ел игілігіне пайдалану үшін реституция (қалпына келтіру) туралы заң қабылдауымыз керек. Бізбен қоңсы Ресей, Өзбекстан, Түркия секілді елдер ескі тарихи ғимараттардың функциясын өзіне қайтарып беру арқылы қоғамдағы көптеген түйінді мәселелердің шешімін таба алды. Мысалы, Уфадағы «Ғалия» медресесі Кеңес үкіметі тұсында медпункт, қойма, казарма ретінде қолданылған. Ресей Федерациясы реституция туралы заң қабылдағаннан кейін Башқұртстан муфтияты «Ғалия» медресесін өз балансына алып, діни  оқу орны ретінде қайта жаңғыртты. Дәл осындай рухани жаңғыру үдерістері қазіргі таңда Өзбекстанда да қолға алынуда. Өзбекстанда Имам Бұқари, Имам Матуриди, Имам Нахшбанди мектептері өз жұмысын бастады. Түркияда да Ая-София мешіті құлшылық орны ретінде қайта ашылып, мұсылмандардың көзайымына айналды.

Ал, біздің елде діни оқу орны ретінде жұмыс істеуге әзір Қызылордадағы  «Қалжан ахун», Шаяндағы «Аппақ ишан», Тараздағы «Әбдіқадір» медреселері қаңырап бос тұр. Мына біздің Шығыста Зайсан қаласында ХІХ ғасырда «Қазақия» және «Ғизаттия» атты медреселер жұмыс істеген. Оның ғимараты қазіргі уақытта ІІБ-нің қоймасы ретінде қолданылуда. Аталған тарихи ғимараттарды қайта жаңғыртуға құқықтық тетік жоқ. Ол үшін реституция туралы заң қабылдауымыз қажет. Сонда тарихи ғимараттарға жан кіріп, ел руханиятының артуына елеулі үлес қоса алады деп ойлаймын.

Түйін: Қайтсек мемлекеттілігіміздің одан әрі қарай дәрпін асыра аламыз, не істесек ел руханияты тоғая түседі, қандай амал ұлтымыздың жоғын түгендейді? Бұл сауалдар көзі ашық, көкірегінде саңлауы бар әрбір Алаш баласын ұдайы мазалауы тиіс. Әрі осы мазасыз сұрақтарға жауап іздеумен біз Хаққа да, халыққа да қызмет ете аламыз. Осы жолда Алла тағалам Алаш баласына жар болғай!

Ермек МҰҚАТАЙ,

ШҚО бас имамы

Таңбалар: Ата заңКонституциямемлекет және дін
Бөлісу3Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Үш дос
Видео

Үш дос

11.06.2025
Заң және зайырлылық
Видео

Заң және зайырлылық

16.01.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тұтынушыдан қалған тамақты жеуге бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті
Жаңалықтар

«Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

08.07.2025
Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд
Жаңалықтар

Құрақ көрпе жинаудан әлемдік рекорд

08.07.2025
Ана сүті туралы хикая
Қоғам

Ана сүті туралы хикая

08.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00