Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Уәли» сөзінің тұжырымдамасы

29.06.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сөздікте «бір нәрсеге өте жақын болу, біреумен іргелес болу» деген мағынаны білдіретін (الولي) әулие мен «біреудің жұмысын қолға алу; ел басқару; көмектесу, жақсы көру» мағынасын беретін «Уилаиат» түбірінен шыққан «Уәли» «көмекші, дос» дегенді білдіреді.[1] Сонымен қатар, Алланың сипаттарының бірі.

Бұл сөз қасиетті Құран Кәрімнің жиырмадан астам аятында (бір жерде «Уәли») Алла Тағалаға тән болып, Оның мүміндердің досы әрі қорғаушысы екендігі, ал кейбір аяттарда пайғамбарлар мен мүміндер Алланы өздеріне қамқоршы етіп алғандарын білдіреді. Кейбір аяттарда болса, «Уәли» сөзінің жанында «насир» (көмекші) және «шафи, уаки» (қорғаушы) сынды сөздермен де айтылған. Тоғыз аятта «уәли» сөзінің көпше түрі болған «әулие» де тура осы мағыналарда айтылған.

Сонымен қатар, Құран Кәрімде осы түбірден шыққан «мәулә» сөзі де илаһи болмысқа жатқызылған. Сондай-ақ, сөздің бір түбірін құрайтын уәлаят пен әулие және тәуәлли түбірлерінен шыққан екі коннотативтік сиғалар Алла мен мүміндердің амалдары ретінде де айтылады.[2] Бұған қоса алғанымызда, уәли мен мәулә сөздері Тирмизи мен Ибн Мәжәнің Әсмәу Хусна тізімінде бар.

Құран Кәрімде «иманның» нәсілден алдын келетінін білдіретін аяттармен[3] қатар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде көптеп айтылған. Зәжжәж, «Аллаға иман келтіргендердің уәлиі»[4] деген мағынада айтылған аятта, «уәли» сөзі «қорғаушы», «көмекші» дегенді білдіреді. Аяттың тәпсіріне үңілетін болсақ: Алла Тағала мүміндерге бұл дүниеде жәрдем бергеніндей, қамқоршы болғанындай және тәрбиелегеніндей, ақыретте де мүміндерге жәрдемші болды және сауапты өзі береді. Әбу Мансур әл-Матуриди дәл осындай түсіндірмеден кейін уәлидің «ең жақын, ең қолайлы» деген мағынаны білдіретін әулие дегенді де білдіруі мүмкін екенін айтқан. Өйткені мүміндердің барлық үміті мен бағыты Аллаға тән екенін айтады. [5]

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026

Әбул Қасым Әз-Зәжжәж «уәли-Әулие» сөзін он түрлі мағынада қолданылатынын және бұлардың барлығының ортақ мағынасы туралы былай дейді: «Екі нәрсе арасында ешбір кедергісіз қатар тұру» дегенді білдіретінін айтқан. Алайда Алланы мойындамайтындар «уәли-Әулие» деп сипаттауға да болмайтынын да нақты айтқан. Өйткені мүміндер нығмет беруші тек Алла деп шүкіршілікпен, мойынсұнушылықпен және таухидпен алса, Аллаға сенбейтіндер теріске шығарумен жауап береді. Бұл Пайғамбарымызға қарата айтылған «Қиямет күнінен қорқатындарды ғана ескерте аласың»[6] деген аятына негізделеді. Сонымен қатар, Алла елшісінің ескертулері баршаға арналған, бірақ Аллаға сенбегендер одан пайдалана алмайды.

Кушейридің айтуынша, Алла тағала дос тұтқан адамның белгісі – қандайда бір істе жамандықтан қорғанып амал еткен және барлық ісінде махаббатпен істеуімен қатар Алланы жан-тәнімен сүю. Фахреддин ер-Рази болса бұл сөз туралы Алланың Уәли есімінен құлдың үлесі, Алла тағаламен достығының жалғасуын қамтамасыз ету міндетін орындау екенін айтады. Ал бұл міндетте,  Алладан басқаның барлығынан бас тартып, бар болмысыңмен Оның ұлылығының нұрына бет бұру арқылы орындалады.

Қорыта айтқанда, Алланың сипаттарынан болып, мұсылмандардың да есімдерінде қолданылған, қазақи есімдерде де кездесетін Уәли есімі «сенімді дос» дегенді білдіреді. Біз бұл жерде қазақи есімдердің өзін исламнан алғанын және қазақ дүниетанымы мен мәдениеті исламмен ұштасқанын айта аламыз. Ислам шариғатымен біте-қайнасқан қазақи салт-дәстүріміз жаңғыра берсін. Аумин.

Исатай БЕРДАЛИЕВ

[1] Лисанул-Араб, «ули» маддесі.

[2] Абдулбақи, әл-Мусем, «ули» маддесі.

[3] «Тәубе» сүресі, 24-аят; «Мужәдала» сүресі, 22-аят.

[4] «Бақара» сүресі, 257-аят.

[5] Тәуләту л-Қуран, 1-том, 161-162 бет.

[6] «Назиат» сүресі, 45-аят.

Таңбалар: әулиеИсатай Бердалиев
Бөлісу29Твитерге18Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отырар хикаялары
Қоғам

Отырардағы көп айтылмайтын бір әулие

19.01.2026
Балуандығымен танылған әулие-ишандар
Сұрақ-жауап

Діндегі әулие түсінігі қандай?

13.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мүфтият ғимаратының ауласына 440 арша ағашы отырғызылды

Исламда ағаш отырғызу туралы не айтылған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123462 бөлісті
    Бөлісу 49385 Твитерге 30866
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00