Бейсенбі, 24 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Семейде аймақтық ақсақалдар форумы өтті

25.09.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
306
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары ақсақалдарының «Қазыналы қария – даналық пен парасат иесі» аймақтық форумы өтті.

Форумға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Діни басқарма жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен жергілікті имамдар қатысты.

Айтулы жиын Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, кейін ҚМДБ-ның жыл басынан бері атқарған негізгі жұмыстары бейнеролик түрінде көрсетілді.

Жиынды ашқан облыс әкімі Нұрлан Телманұлы қарияларымыздың қоғамдағы орны мен тәрбиенің тірегі туралы айта келе форум жұмысына табыс тіледі. ҚМДБ Төрағасы өз сөзінде ұлттың ұлт боп сақталуы, бала тәрбиесіндегі бабалар жолы, ұлағатты ұрпаққа ақсақалдың көрсетер керемет образы жайлы баяндамасында атап өтті.

«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

24.09.2026
“Тәңіршілдік” деген дін бар ма?

Өзін пайғамбармын деп жүргендер кімдер?

24.09.2026

«Қазақ «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді. Онда қарттық жаспен өлшенбейді, көрген-білген, түйгенмен өлшенеді. Ал Сіздердің осы жастағы көрген-түйгендеріңіз талай жасқа жылдар бойы азық болары сөзсіз.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген адам», – деген болатын. Хәкім Абай да «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» дейді. Сондықтан әр азамат «Қазақстан» атты алып ғимаратқа бір кірпіш болып қаланып, сол орында өз міндетін ұқыпты, мұқият, тиянақты, адал атқаруы ләзім. Осы ретте біз қазақ халқында ежелден қалыптасқан Аталар институтын қайта жаңғыртуымыз қажет деп білемін. Бұл институт қазіргі қалыптасып келе жатқан Жаңа Қазақстанды көтеру тұрғысынан пайдалы болады деп сенеміз.

Өмір мектебінің сан түрлі сатысынан өткен, көпті көрген, көргенін көкейге түйген ақсақалдардың кеңесі ауадай қажет.Себебі біз болмысымыздан бір сөзбен ердің құнын кешірген, қай заманда да жүйелі сөзге тоқтаған халықпыз. Сол себепті сіздерді ел мүддесі үшін бірігіп қызмет етуге шақырамын.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ел азаматтарының басым көпшілігінің қолдауымен Ата заңымызға өзгерістер енгізілді.Енді мемлекеттігіміздің тұғырнамасы түбегейлі өзгермек.

Бүгінгі алқалы жиын да елімізді, елдігімізді дамыту жолында серпін береді деп білемін. Әрдайым бірлігіміз бекем болып, Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуді Алла нәсіп етсін» деді Бас мүфти.

Сонымен қатар форумда ел ағалары Жабал Ерғалиев, Абдулла қажы Жолдас, Манарбек Мұхаметжанов, Асан Омаров, Рашид Бектеміров, Зейнолла Тоқаев сынды елге белгілі ақсақалдарымыз сөз сөйлеп, форумның мәнін аша түсті.

Жиын соңында қатысушылар бір ауыздан ақсақалдар мектебін жаңғыртуға күш салатынын жеткізді.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: ақсақалдар форумыҚМДБНаурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құран жаттау орталықтарының жұмысы талқыланды
Жаңалықтар

Құран жаттау орталықтарының жұмысы талқыланды

16.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді
Видео

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
В Абайской области открылась новая мечеть

Семейде жаңа мешіт ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    Қызыр – патша, Ұлықпан хәкім – уәзір болған Қазақстандағы қай қала?

    39
  • Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

    23
  • Иманмен дүниеден озған адамның белгілері

    20
  • Отбасы тәрбиесі: Қоғам қалыптастыратын басты мектеп

    18
  • «Ой, папа, болды!..»

    14

Соңғы жарияланымдар

«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды
Жаңалықтар

«Бір кәсіпті меңгер» жобасы аясында тігін курсы ашылды

24.09.2026
“Тәңіршілдік” деген дін бар ма?
Сұрақ-жауап

Өзін пайғамбармын деп жүргендер кімдер?

24.09.2026
Ислам

Мәзһабтар арасындағы адамның іс-әрекеттеріне қатысты түсініктер

24.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00