Сейсенбі, 16 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастық дамып келеді

22.08.2022
- Жаңалықтар
0
340
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған уақыт ішінде екі ел арасындағы қатынастар теңдессіз жоғары деңгейге жетті: мазмұнды саяси диалог жүргізілуде, өзара сауда қарқыны өсуде, келісімшарттар базасы кеңейіп, көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық нығаюда. 2009 жылы қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы Шарт Қазақстан-Италия қарым-қатынастарының ерекше мәртебесін айғақтайтын аса елеулі оқиға болды.

Бүгінде Қазақстанда ауқымды саяси өзгерістер орын алуда. Мемлекет басшысы саяси жүйені жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге, Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформалар бағдарламасын ұсынды. Осы тұрғыда Италия Республикасымен серпінді қарым-қатынастар елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыруға және ілгерілетуге маңызды үлес қосуда.

Италия Республикасы еліміздің аса ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі, ал Қазақстан Италияның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. 30 жыл ішінде Қазақстан экономикасына құйылған италиялық инвестицияның көлемі 15 млрд. АҚШ долларына жетті.

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

16.06.2026
РАНТ мүшесі Қостанайда семинар өткізді

РАНТ мүшесі Қостанайда семинар өткізді

16.06.2026

2022 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымының жалпы көлемі 8 млрд. АҚШ долларын құрады. Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – энергетика, табиғи ресурстарды барлау және өндіру, құрылыс, инфрақұрылым, көлік, коммуникациялар, ауыл шаруашылығы, ғылыми-технологиялық сала. Қазақстанда Италияның 250-ден астам компаниясы сәтті жұмыс істеуде.

Екіжақты қатынастарды дамыту мақсатында Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобы, сондай-ақ «Қазақстан-Италия» парламенттік достық тобы құрылды.

Халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша ұстанымдардың ұқсастығын ескере отырып, халықаралық ұйымдар аясында елдеріміз арасында сенімді қатынастар орнатылды. Қазақстан мен Италия әлемдік аренада екі елдің өзара құрмет қағидасына негізделген өзара іс-қимылды нығайтуды құптайды.

Өңіраралық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Ү. ж. маусым айынан бастап Алматы және Милан қалалары арасында италиялық «NEOS» компаниясы іске асыратын әуе қатынасы ашылды.

Мәдени-гуманитарлық салада да білім беру, кітапхана ісі, ғылыми-зерттеу қызметі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл кеңеюде. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ұлы ойшылдың «Қара сөздері» мен поэмалары итальян тіліне аударылды. Милан қаласындағы Амброзиан кітапханасында және Венеция қаласындағы «Ка Фоскари» университетінде қазақстандық мәдениет пен әдебиет орталықтары жұмыс істейді.

Қазақстан мен Италияны тек саясат пен экономика ғана емес, сонымен бірге Ұлы Жібек жолы дәуірінен бастау алатын тарих және атақты венециялық көпес Марко Полоның Ұлы Даланың ұлан-ғайыр кеңістігіне саяхаты жақындатады.

Қазақстан Италиямен стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағытталған сыртқы саяси бағытты одан әрі жүргізуге ниетті.

Не арқылы: baq.kz
Таңбалар: ИталияҚазақстанынтымақтастық
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды
Жаңалықтар

Қазақстан ең тартымды мемлекет деп танылды

12.06.2026
Оманмен архив саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Оманмен архив саласындағы ынтымақтастық

12.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Шығыс Азиядағы ең көне Құран

Шығыс Азиядағы ең көне Құран

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    662
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    91
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    58
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    43

Соңғы жарияланымдар

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі
Қоғам

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Түс шариғи дәлел бола ала ма?
Сұрақ-жауап

Түс шариғи дәлел бола ала ма?

16.06.2026
Отандық діни білімнің игілігі
Видео

Отандық діни білімнің игілігі

16.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00