Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлы ел – қайырлы мекен

25.07.2022
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
496
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі кезде «зайырлылық» және «зайырлы мемлекет» ұғымдары Қазақстанның бет-бейнесін айқындайтын негізгі сипаттардың біріне айналды. Зайырлылықты мемлекет пен дін ажыраған деп қысқа қайыруға әсте болмайды. Әр елдің салт-дәстүріне, дүниетанымына, ұстанатын дініне байланысты өзіне тән ерекшелігі болады. Бұл мәселені елімізге белгілі дінтанушы мамандар жіктеп талдап, халыққа жеткізіп келеді.

Зайырлылық – демократияны ұстана отырып, ұлттық дүниетанымға еркіндік, ар-ождан мен діни сенімге бостандық беріп, мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуын қамтамасыз ету деген сөз. Мұндай мемлекетте діни бірлестіктерді қаржыландырмайды, олардың ішкі мәселелеріне араласпайды, бірақ әр азаматтың өз сенімін, дінін ұстануына кепілдік береді, тіпті жағдай жасайды.

Демек, зайырлылықтың аясын кеңейтіп, халқымыздың рухани қажеттілігін өтейтін жаңаша жол табу, басқа мемлекеттің идеологиясының көшірмесі болмау, қайта ұлтымыздың болмысын, ерекшелігін осы зайырлылықпен көрсету керек. Еліміздің эволюциялық дамуын ұлтымыздың рухани құндылықтарымен толықтыру, Фарабилер мен Ясауилердің рухани ілімдерін жалғастырушы, мың жылдық тарихы бар, бүгінгі таңда дәстүрлі мемлекет екенімізді әлемге паш етіп, оны мақтан тұтуымыз қажет.

Тек азаматтық құндылықпен шектеліп қоймай, әрбір азаматтың білуі керек рухани құндылықты қоса ұстану – зайырлылықтың белгісі. Өйткені, рухани құндылық, бұл – ұлттық дүниетаным, имандылық тәрбие, рухани адамгершілік, мораль, көркем мінез, ахлақ тәрбиесі, әрбір адамның жүрегінде жататын жауһар қасиеттер. Осы себепті, зайырлылық – қоғамның рухани деңгейінің көтерілуін көрсетеді.

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026

Заң – адамдардың  өмір сүру тәртібі, яғни қоғамдық тәртіпті бұзбай, қылмыс жасамай, мемлекет алдындағы бар міндетіңді орындап жүру азаматтық құндылыққа жатса, діни ұстанымымыз бойынша біреудің ала жібін аттамау, күнә жасамау, обал мен сауапты, адал мен арамды ажыратып жүру – рухани құндылық. Осы екі құндылық бірлескенде ғана жоғары руханиятты, шынайы зайырлы мемлекет болатынымыз айдан анық. Мемлекеттік идеологияның негізгі ұғымдары ретінде осы аталған ұғымдарды мектеп қабырғасынан бастап жастардың санасында қалыптастырып, дәстүрлі діни танымды үйретудің заманы келді.

Жалпы зайырлылықтың заманауи үлгісін көрсетуде Қазақ елі әлемнен өз орнын тапты. 2003 жылдан бері бас қаламызда бұрын әлемде аналогы болмаған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі тұрақты өткізіліп келеді. Оған әлемнің барлық дерлік елдері қызығушылық танытып, съезд жұмысына мемлекет басшыларынан бастап дінбасыларға дейінгі елеулі тұлғалар қатысты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айрықша атап өткен болатын.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы қазақстандық бастама шеңберінде нығайып келе жатқан үнқатысу форумның айналасына мүдделі қатысушыларды көптеп тартуда. Мемлекет басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, танымал саяси және қоғам қайраткерлері, ғылыми қоғамдастық пен азаматтық сектор өкілдері діни көшбасшылардың үнқатысудағы тікелей серіктестеріне айналды», – деді Мемлекет басшысы.

2017 жылы өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVI отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі әлемде дін лидерлерінің рөлі аса маңызды. Халықаралық өткір мәселелерді шешуде сіздерге көп нәрсе байланысты. Біз ортақ күш-жігерімізбен діндер мен өркениеттердің шынайы текетірестеріне жол бермеуіміз керек. Сіздерге, дін көшбасшыларына бүкіл әлем зор үмітпен қарап отыр», – деп атап өтті.

Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған. Біздің жас елордамыздың мәртебелі меймандарды қарсы алуының да нышандық сипаты бар. Нұр-Сұлтан – конфессияаралық келісімнің қаласы. Бұл өзінің бүкіл тарихында аса ұлы өркениеттердің тарихи және мәдени мұраларының тоғысу орталығы болған елдің ордасы.

Көптеген елдерде әлемдік тәртіпті құлдырату, ксенофобияны өршіту, этностық-діни белгілер бойынша кемсіту қаупіне ұшырататын популизмге ұмтылу үрдісі шегіне жетіп тұр. Жер бетіндегі өркениеттің барлық жетістіктерін жоқ қыла алатын жаһандық экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемалар да планетамыздың қауіпсіз болашағына қатер төндіруде.

Осы орайда діндер арасындағы достыққа шақыратын Қазақстан бастамасының маңызы зор. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, алдағы қыркүйек айында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті съезі өтпек.

Жалпы ислам дінінде адамзатты бақытқа жеткізетін жол – дін ұстанудағы орта жол екендігі айтылады. Яғни ол – біржақты шетін көзқарасқа кетіп қалмай, дін мен дүниені қатар ұстау деген сөз. Зайырлылықты осы орта жол деп айтуға толық негіз бар. Ол діни мемлекет емес және атеистік мемлекет емес. Халықтың дін ұстануына толық еркіндік берген, заңмен басқарылатын құқықтық мемлекет. Бүгінде Қазақ елі өзін осындай зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде толық орнықтырды.

Елімізде дін негізіндегі кикілжіңдер, жанжалдар, түсініспеушіліктер жоқ. Әр діннің өкілі өз құлшылығын емін-еркін атқаруда. Мұсылмандар мешітке, христиандар шіркеуге, өзге де дін ұстанушылар өзінің құлшылық қылатын ғибадатханаларына барып, Құдай алдындағы борышын атқаруда. Олардың өзара қарым-қатынасы да әлемнің өзге аймақтарында ұлттар мен ұлыстар үшін үлгіге айналды. Бұл зайырлы қоғамның анық көрінісі, Қазақстанның қол жеткізген тамаша жетістігі.

Толеранттылық, дінаралық достық, конфессияаралық келісім – біздің басты байлығымыз. Осы құндылықтарымызды одан әрі байыту әрі нығайту жолында еңбектене беруіміз керек.

Гүлмира Қуатқызы Балғожаева,

«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы

Таңбалар: Зайырлы елзайырлылықмемлекет және дін
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Светскость – залог духовного развития казахстанского общества
Жаңалықтар

Қазақстандағы зайырлылық: оны қалай түсінеміз?

16.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Исламды қабылдағандар атын өзгертуі қажет пе?

Исламды қабылдағандар атын өзгертуі қажет пе?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123504 бөлісті
    Бөлісу 49402 Твитерге 30876
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00