Бейсенбі, 30 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Берекеміз төгіліп, бірлігіміз сөгілмесін десек…

02.03.2022
- Ислам
0
315
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әр тіршілік иесі үшін ауа қаншалықты маңызды болса, адам өміріндегі бірлік пен татулықтың болуы соншалықты маңызды. Әлемдік тарихтың қатпарлы беттері ынтымағы бұзылған талай халықтың берекесі төгіліп, бірлігі сөгілгеніне куә.

Осы ретте Ислам діні бірлік пен үйлесімділікті мұсылман үмбетіне ғана емес, барша адамзатқа қажетті негізгі қағида ретінде ұсынды. Бұл тақырыпқа ерекше мән беріліп, оның практикалық үлгісі ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен көрініс тапты. Соның арқасында әділ халифалар мен олардың ізбасарлары мұсылман елдерінде ғана емес, жалпы әлем бойынша жоғары мәртебеге қол жеткізді.

Ислам тарихындағы бірліктің іргетасы Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзін пайғамбармын деп жариялаған кезден бастап қаланды. Араб тайпалары жеке мүдделерінен, түрлі наным-сенімдерден бас тартып бір тудың астына бірікті.

Бұл туралы қасиетті Құранда:

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

24.07.2026
Құлшылық, құндылық һәм қасиет

Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

11.07.2026

«Барлығың да Алланың желісіне (яғни хақ дініне) мықтап жармасыңдар және өзара бөлінбеңдер. Сондай-ақ, Алланың өздеріңе (үйіп-төгіп) берген нығметін естеріңе алыңдар. Кезінде біріңе-бірің бітіспес дұшпан едіңдер, ал бүгін Алла Тағала жүректеріңді жарастырды. Сөйтіп, Оның (иман, хақ дін Ислам сынды) баға жетпес нығметінің арқасында біріңе-бірің бауыр болдыңдар. Сондай-ақ кезінде сендер тозақ шыңырауының шетінде тұрған едіңдер, алайда Алла сендерді одан сақтады. Сендер тура жолға түссін деп, Алла өзінің аяттарын осылайша ашық баяндайды»[1], – деп айтылады.

Бұл аят бізді Алланың жіберген сеніміне берік болып, бөлінуден, ауызбіршілікке сызат түсіруден сақ болуға үндейді.

Нәтижесінде мұсылман халықтары жеңілмейтін Рим және Парсы патшалықтарын жаулап қана қоймай, өздерінің білімі мен әдебиеті, саясаты пен басқаруы, әділдігі мен шешендік өнері және т.б. арқасында төрткүл дүниені түгел тамсандырды. Дегенмен, үмметіміз бірлігі мен ынтымағынан айырылған тарихи кезеңдерде, беделінің де төмендеуі орын алғаны ащы болса да шындық.

Өткенге көз қиығын тастап, тарих тұңғиығына терең бойласақ бірліктен артық байлық көрмейміз. Бұны жете түсінген қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «бірлік болмай тірлік болмас», «бірлік түбі – береке», «алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйген. Ерте заманнан бірлік елдіктің басты кепілі саналған.

Қазір біз жаһандық ауқымдағы мәселелер мен сын-қатерлер көбейіп келе жатқан заманда өмір сүріп жатырмыз. Осы тұста бір-бірімізге түсіністікпен қарап, қоғамымызда қарапайым сыйластық ұстанымдарын орнатсақ, бұл да бір игі іс болар еді деген үміттемін.

Жаратушы Алла елімізге береке-бірлік нәсіп етіп, ынтымағымыздан айырмасын деп тілейік. Әмин!

Асхат АСҚАРҰЛЫ,
Сырдария ауданының бас имамы

[1] «Әли-Имран» сүресі, 103-аят

Таңбалар: берекебірлікИслам діні
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінімізде ауызбіршілік туралы не айтылған?
Қоғам

Бірліктің қайнар көзі – халықтар достығы

23.07.2026
Дін мен дәстүрдің үйлесімдігі деп нені айтамыз?
Ислам

Дін мен дәстүр – ұлт руханиятының қос тірегі

09.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Барлық өңір "жасыл" аймақта

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    35
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Арбаудың үш деңгейі
Видео

Арбаудың үш деңгейі

28.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00