Бейсенбі, 7 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қосшыда 1 «Ы» сыныбы ашылды

01.09.2021
- Жаңалықтар
0
161
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Білім және ғылым министрі Ақмола облысының №2 Қосшы орта мектебінде болып, Білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді, білім алушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Білім күні – маңызды мереке және биыл бұл атаулы күннің орны ерекше. Пандемияға байланысты бұған дейін мектептердің бір бөлігі қашықтан оқыту форматына көшуге мәжбүр болған еді. Бүгін еліміз бойынша 7 мыңнан астам мектеп есігін айқара ашып, жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастады. Әлбетте, мұғалімдер гаджет экрандары арқылы емес, балалармен тікелей байланыста бола отырып беретін білімді заманауи технологиялармен салыстыру қиын», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр бірінші сынып оқушыларына алғашқы оқулықтары – «Әліппе» және «Букварь» табыс етіп, оқушыларға мықты денсаулық және жаңа оқу жылы қызықты әрі пайдалы болуын тіледі.

Биыл 394 мыңға жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылында 3,6 миллионға жуық бала білім алады, бұл – рекордтық көрсеткіш. Асхат Аймағамбетов балаларға білім беруде педагогтердің рөлін ерекше атап өтті.

«Мұғалімдерге мен ерекше ықыласпен және құрметпен қараймын. Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің кәсібилігі, тәжірибесі мен оқушының өміріндегі атқаратын рөлі айқындалды. Әріптестеріме қажырлы еңбегі және аз уақыттың ішінде жаңа жағдайларға тез бейімделгені үшін тағы бір мәрте ризашылығымды білдіремін. Әрине, пандемия оқыту сапасына да әсер етпей қоймады. Сондықтан жаңа оқу жылында біз оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрі өз сөзінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңды іске асыруда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңызды рөлін атап өтті.

Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты

06.05.2026
«Нұр-Мүбарак» оқу ордасын Қазақ-Египет халықаралық университеті деп атау мәселесі талқыланды

«Нұр-Мүбарак» оқу ордасын Қазақ-Египет халықаралық университеті деп атау мәселесі талқыланды

06.05.2026

Биыл оқу процесі санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтеді. Білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін үзілістер әртүрлі уақытта болады, сонымен бірге қосымша ауысымдар енгізіледі. Сыныптар мен кабинеттерде кварцтеу, желдету және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу міндетті. Сабақтар «бір кабинет – бір сынып» қағидаты бойынша ұйымдастырылады, яғни әр сыныпқа белгілі бір кабинет бекітілуі керек. Жаңа оқу жылындағы сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. Білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Айта кетейік, 1200 орынға арналған №2 Қосшы орта мектебінің 1-сыныбына биыл 700 оқушы қабылданды. 1-сыныптардың ұзын-саны «Ы» әрпіне дейін жетті.

Таңбалар: басты тақырыпбілім күні
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты

06.05.2026
Бірлік – береке бастауы
Ислам

Ынтымақты сақтау – қоғам кепілі

02.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алла Тағала – Кәрим!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    202
  • Өте маңызды өсиет

    154
  • Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

    119
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    98
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    97

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Қазақстандағы ерлер саны 10 миллионнан асты

06.05.2026
Мемлекет және дін

Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты

06.05.2026
«Нұр-Мүбарак» оқу ордасын Қазақ-Египет халықаралық университеті деп атау мәселесі талқыланды
Жаңалықтар

«Нұр-Мүбарак» оқу ордасын Қазақ-Египет халықаралық университеті деп атау мәселесі талқыланды

06.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00