Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қари болғым келеді» кітабының таныстырылымы өтті

16.07.2021
- Жаңалықтар
0
536
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алматы қаласында исламтанушы, «Байкен» мешітінің ұстазы әрі «Балапан қари» орталығының жетекшісі Малика Айтжанқызының «Қари болғым келеді» кітабының танытымы өтті.

Тағылымды іс-шараға ҚМДБ-ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, Алмалы аудандық «Төле би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміре, Нұр-Мүбарак университетінің оқытушылары Бауыржан Әлиұлы мен Құрманғазы Садыбаев қатысты.

Алматы қаласының бас имамы, қари Төлеби Дәділұлы: «Қасиетті Құран – Алланың сөзі. Алла Тағаланың сөзін толық жаттау – исі мұсылманның арманы екені сөзсіз. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис шәрифінде: «Адамдардың ең жақсысы – Құранды жатқа білген, Алланың дінін жақсы түсінген, адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған және туған-туыспен қарым-қатынасы өте көркем болған жан» деген.

Аллаға шүкір, бүгінде елімізде қарилыққа ниет етіп, Құран жаттауға ықылас танытушылардың қатары күннен күнге артып келеді. Бұл – өте қуанарлық жайт. Тек осы мақсатта табандылық, сабырлық пен ықылас керектігін баса ескергеніміз абзал. Жаттаудың көптеген әдіс-тәсілдері мен артықшылығы қамтылған бұл кітап, қалың оқырмен үшін әсіресе, Құран жаттап, қари атанғысы келетін ынталы қауымға пайдалы болады деп сенемін» деген жылы лебізін білдіріп, кітап танытымын ашып берді.

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026

Кітапта еліміздегі 6 қаридың пікірі берілген. Оның бірі – Құраннан 5 қырағат иесі, қари Ерсін Әміре.

«Қари болғым келеді» кітабы Құран жолында, оны үйрену, үйрету арқылы үмбеттің ең қайырлысы болу жолында сіздерге шамшырақ болады деп үміттенемін. Алла Тағаладан осы еңбекті жазған қазақ тіліндегі алғашқы авторына, сондай-ақ мұсылман үмбетінің екі дүниесіне қайырлы, пайдалы болуын сұраймын» деді Ерсін қари.

Малика Ергешованың «Қари болғым келеді» кітабы жалпы оқырман қауымға, әсіресе Құран үйреніп, оны басқаларға үйретемін деушілерге арналған.   Аталмыш еңбекте Құранның уахи болып түскен сәтіндегі жаттау ерекшеліктері туралы, қазіргі уақыттағы әлемдік қарилық әдістемелері ұсынылған. Одан өзге болашақ қариларға пайдалы ақыл-кеңестер де қамтылыпты. Тағы айта кетерлігі, кітапқа ҚМДБ сараптама секторының оң қорытындысы берілген.

Аталған шарадағы қонақтар қатарында ұстаз, дін мамандарынан өзге өнер азаматтары мен блогерлер де болды. Солардың бірі, әнші Мөлдір Әуелбекова: «Өзім орамал атты тәжімді таққаныма бір жылдан аса уақыт болды. Иманды күшейтетін, рухани кештер өзіме ұнайды. Өз басым «Қари болғым келеді» кітабына аса қызығушылық таныттым. Себебі, баламның, інілерімнің қари  болғанын қалаймын. Осы кешке автордың шақырғанына қуаныштымын. Малика ұстазға кітаптың әр оқылған әр әрпіне сауаптан жазсын деймін.Әр отбасыда Құдай қаласа бір емес, бірнеше қаридан болуын тілеймін. Ұстаздарымыз бен осындай кітаптарымыз арқылы иманды, салиқалы ұрпағымыз тәрбиелене берсін!» деген лебізін білдірді.

Шара қортындысында кітаптың авторы, «10000 қари дайындап шығарсам» деген арманы бар Малика Айтжанқызы өзі үш жыл тәрбиелеген шәкіртіне, Құранды толық жаттап, қари атанған құрметіне орай ресми түрде тәжін кигізіп, куәлігін табыстады.

Әр шаңырақта Құранға амал етуші қарилар көп болсын!

Таңбалар: кітап
Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Кітап – даналықтан басталады

23.04.2026
Кітап және кітапхана
Инфографика

Кітап және кітапхана

13.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Бұл Құрбан айт бұрынғыдан өзгерек

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123366 бөлісті
    Бөлісу 49346 Твитерге 30842
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00