Бейсенбі, 30 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ауа райын болжау шариғатқа қайшы емес пе?

21.09.2020
- Сұрақ-жауап
0
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ауа райын болжау шариғатқа қайшы ма?

Жауап: Жалпы метеорология мамандары Алла Тағаланың жаңбырға қатысты бекітіп қойған заңдылығын ғана біледі. Жаңбыр жауудың өзіне тән бұлттың қаптауы, желдің есуі тәрізді белгілері бар. Егер ауа-райын болжаушы мамандар бұлттың қаптағанын, желдің есуін, ауаның ылғалдығын көрсе, онда мынадай уақытта жаңбырдың жаууы күтілуде деп айтады.

Спутниктік технологиялармен желдің, бұлттың биік немесе төмен қозғалыстарын алдын ала есептеу ғайыпты білу деген сөз емес. Керісінше ол себептерге (ғылыми мәліметтерге) сүйеніп алдын ала бір нәрсеге үкім беру бабына жатады.

Имам Мәликтің «әл-Муатта» атты кітабында: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) егер теңіз жақтан бұлт көрінсе, кейін Шамға қарай бағытталса, онда ол нөсерлі жаңбырдың белгісі» деп айтқанын келтірген [1].

Қазақ жері – толеранттылықтың алтын бесігі

Діни төзімділік деген не?

27.07.2026
В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы

Жамағат намазында сапты не үшін түзеу керек?

27.07.2026

Бұл тәжірибенің, айғақтың, бақылаудың нәтижесінен жаңбырдың жауатынын хабарлау көместі білгенге жатпайтынына дәлел. Ал Құранда: «Ақиқатында, Алла (сондай), Сағаттың [Қиямет күнінің] білімі (тек) Соның дәргейінде әрі Ол нөсер де түсіреді, жатырлардағыны да біледі. Ешір жан ертең не істейтіндігін [басынан не өтетіндігін] білмейді һәм ешбір жан қай жерде өлетіндігін білмейді, Асылында, Алла – білуші һәм Хабардар!»[2] – деп баян етілгендей, «жаңбырдың жаууы» Алладан басқа ешкім білмейтін бес нәрсенің бірі дегеннің мағынасы оны бақыламай жатып жаңбыр жауады деп айтуы.

Алла Тағала қияметтің қашан болатынын, жаңбырдың қай уақытта жауарын, жатырдағы баланың жынысын, адамның ертеңгі күнін және қашан, қай жерде өлетінін, бұлардың барлығын болмай жатып та, себебі көрінбей тұрып та біледі. Бұны Алладан басқа ешкім білмейді. Алайда, олар жүзеге асқаннан кейін немесе алдын ала себептерге, тәжірибеге сүйеніп пенделер де білу мүмкін.

Өйткені, Алла Тағаланың ілімі адам баласы жаңбырдың жауарын ғылымға сүйеніп білгеніндей себептермен шектеліп қалмаған. Адам баласының білімі тәжірибе мен зерттеулер арқылы ғана іске асатын шаралар. Осы тәжірибеден кейін нәтижесі көріне бастайды.

Бірақ Алланың ілімі шексіз. Тәжірибе, зерттеу амалдарына байланысты емес. Жаратушы Иеміз бұлт қаптамай, жел еспей жатып жаңбырдың жауарын білуші.

Ескеретін жайт, бұл мәселеде ешкім нақты жаңбыр жауады деп кесіп айтпайды. Керісінше жаңбыр жауудың күтілуін хабарлайды. Дегенмен, ауа райы болжамының басым көпшілігі күнделікті өмірімізде жүзеге аспай жатқанын байқаймыз. Жаңбыр міндетті түрде жауады деп кесіп айту ақидаға да, ақиқатқа да қайшы. Біздің сенімімізде бүкіл істің барлығы Алланың иелігінде, жаңбырдың қашан жауатынын Алладан басқа ешкім білмейді.

Осыған орай, «жаңбырдың жаууы күтілуде» деп, одан кейінгі істі Аллаға тапсыру дін және ғылым тұрғысынан дұрыс болмақ. Алла толық білуші!

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] «әл-Муатта», 1/192.

[2] «Лұқман» сүресі, 34-аят.

Таңбалар: үкімшариғат
Бөлісу26Твитерге16Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Вакцинаның қолданылуы және шариғаттағы үкімі
Қоғам

Вакцинаның қолданылуы және шариғаттағы үкімі

19.07.2026
Ислам

Діни мәтіндерге өз бетінше үкім шығару адасуға апарады

18.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Интернеттегі тұзақ

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    526
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    35
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    30
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    20
  • Ұлттық таным адасудан сақтайды

    15

Соңғы жарияланымдар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр
Жаңалықтар

Бес өңірде мәдени инфрақұрылым жаңартылып, музей және архив қорлары цифрландырылып жатыр

29.07.2026
Насихат елді түзейді
Видео

Насихат елді түзейді

29.07.2026
Арбаудың үш деңгейі
Видео

Арбаудың үш деңгейі

28.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00