Сейсенбі, 28 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Өнер мәні

13.08.2020
- Қоғам
0
1.8k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өнер – өміртанудың бір мектебі. Көркем, сұлу мектеп. Көпшіліктің қолы жете бермейтін, бірақ көрермен бола алатын, сол арқылы бәрібір іштесіп, көңілі сезіп, жаны сусындайтын мектеп.

Әл-Жамал (Ең Сұлу, Сұлулық Иесі) жаратқан жарық дүниенің өзі – сұлулық көрмесі. Көрмені көретін көзге тәрбие керек. Өнер – сол тәрбие мектебінің бірі. Өнердің миссиясы осы жерде анықталады: Сұлулықты танып, паш ету; Сұлулық арқылы Өмір мәніне үңілдіріп, түбінде түп Иесімен қауыштыру. Өйткені Өмір сүру, Тірлік кешу дегеніміз – Сұлулық пен Мән-мағына іздеу…

Өнердің мазмұны шексіз болғанымен, түрі-қалыбы – Ұлт қасиетіне табан тірейді. Ұлтына қызмет ету арқылы, яғни ұлттың Жан-дүниесін әсемдеу, ізгілендіру арқылы – Адамзат көшін көрікті етеді.

Иманның толықтығы көркем мінез арқылы болатынын, яғни сенім-құлшылықтың мақсаты – ішкі дүниенің байлығы екенін ескерсек, орыстың ұлы жазушы-ойшылы Ф. Достоевский айтқан «Әсемдік әлемді құтқарады» деген сөздің пайымына бойлаймыз…

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

Мәдени байланыстар – мызғымас көпір

23.04.2026

«Көзсіз жұмсаған күш – арам, көріксіз істелген іс – арам» деп, әр істегі әдемілікті насихаттаған, «Ілім – іштегі нұр, Өнер – сыртқа салынған түр», «Өнер – қанат, білім – санат» деп, өнер-білімнің орнын бағамдаған, «Ақыл көпке жеткізер, өнер Көкке жеткізер» деп, өнердің қадір-қасиетін түйсінген Қазақ «Өнерді үйрен де жирен» деген сөзді де айтыпты. Соңғы тұжырымды түсінуге талпындық.

Сонымен:

  1. Әуелі үйрену керек! Үйренбей жатып жиренген – толмай жатып солғанмен тең. Тоқмейілсіген тоғышарлық осыдан шығады. Ол не өнердің қадірін білмеуден, не кездескен қиындықтан қашқан жігерсіздіктен, не еңбектен қашқан жалқаулықтан, не бойдағы көрсеқызар тұрақсыз мінезден келіп шығады.
  2. Үйренудің шарты – тоқтамау; біліктілігіңді, шеберлігіңді үздіксіз дамыту. «Тіршілік» атты Көркем дүниенің мінсіз Иесі қандай Шебер, құдіреті қандай шексіз болса, өнердің құбылу, даму көкжиегі сондай шексіз! «Өнерлі өрге жүзеді» депті аталарымыз…
  3. Шыңына шыққанда, кері жүру үдерісі жүзеге асады. Тауға шыққан амалсыз сайға түседі. Бірақ мұңайып керегі жоқ: шыңға шыққанша қаншама өткелден өттіңіз, қаншама дүние көрдіңіз, қаншама ой түйіп, яғни жиған ғибрат-тәжірибеңіз қаншама! Ол енді мәңгіге сіздікі! Бұл Жолдың қалтарыс-бұлтарысы мен азап-ләззатын сізден артық ешкім білмес! Осы Жолдың Ұстазы болдыңыз енді!
  4. «Бір өнермен шектелме, басқасын меңгер, жан-жақты бол – Өмірдің сансыз бояуынан үлесіңді алып, тірлігіңді түрлендір; көкжиегіңді кеңітіп, көңіліңді гүлдендір» дегені. «Жігіт адамға жетпіс өнер де – аз» демей ме?!..
  5. «Санаңды тарылтпа, Мақсат-мұратыңды анықта» деген сөз. «Бұл өмірде өнерден маңызды дүние бар; ол – Өмірлік мақсатың, адамдық борышың, мұсылмандық міндетің! Өнер – сол Жолдың қызметшісі, сол Мұратқа жеткізер Жолың ғана! Ендеше қажет болса, өнеріңді құрбанға шал! Өнер – өнер үшін емес! Өнерді пұтқа айналдырып алып жүрме!» деген сөз.

Абайдың «Китаб тасдиқ» («Иман кітабы») деп аталған, көпшілікке «38-қара сөз» ретінде таныс шығармасында былай делінеді: «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз, малменен ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер – өзі де мал, өнерді үйренбек – өзі де ихсан. Бірақ ол өнер ғәдәләттан шықпасын, шарғыға муафих болсын».

Хәкім сөзін түсіну үшін сәл түсіндіре кетейік: Ихсан – діни дүниетанымда ең жоғары құлдық мақамы. Алла Тағаланы көрмесең де, көріп тұрғандай құлшылық хәлінде болу. Бұл дәрежеге жеткен адам іштей ашылуға, рухани шабытқа бөленеді.

Ислам – сыртқы көрініс, форма болса, Иман – ішкі мазмұн, мән, Ихсан – ақиқатқа қауышу. Бұл жерде Абай хакім өнерді осы ихсан дәрежесіне теңеу арқылы: «шынайы өнер – ғибадатпен тең» деп меңзегендей, «өнер хәлі – құлшылық хәліндей қастерлі» деп тұрғандай.

Келесі «Бірақ ол өнер ғәдәләттан шықпасын, шарғыға муафих болсын» дегені «өнердің қасиеті мен дұрыстығын шарғыға (шариғатқа) қарап өлшеймін, саралаймын» дегені. Яғни «өнердің де таразысы бар; ол таразы – адамшылық, ар-иман тезі» деп тұр емес пе хакім? Осы өлшемге сай келген дүние, яғни адам жанын тазартып, ізгілендіретін, ар-иманына шуақ шашып, жан-дүниесін байытатын дүние – шынайы өнер туындысы болып саналмақ.

Өнердің нәр алатын негізі – жүрек, құралы – сезім болса, сезімнің өзегінде – махаббат жатқанда ғана айтулы туынды өмірге келмек. Сол себепті өнердің мақсаты – сүйіспеншілікті арттыру. Мейірімнен, махаббаттан сұлу нәрсе бар ма?!

Түйіндесек: «Адамның сәні – өнер, білім, ақылы» (Жетес шешен). Өнер – адам баласының жасампаздығының белгісі, дәлелі. Өнер дегеніміз – сұлулықты сезіну, дүниенің ғажайыбын түйсіну; жан-дүниемізді жарыққа бөлеу арқылы Субхан Иемізді тану-табыну… Өнердегі нәзіктік пен шеберлік рухани тереңдіктен нәр алады. Бұл жайлы Таласбек аға: «Өнер деген – сұлулықта ояну», – десе, атақты ғалым Альберт Эйнштейн: «Дін, өнер және ғылым – бір ағаштың бұтақтары» депті. Яғни Өнер – адам баласын біріктіретін, кемелдендіретін құрал. Иә, өнер – пұт емес, құт…

Біздіңше, «өнер» деген ғажап дүниенің мән-мазмұны осындай. Әрине, анығын Алла біледі!

Алғадай ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ

Таңбалар: Білімдіниманөнерсанаүйрену
Бөлісу44Твитерге28Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінді саясиландыру қауіпті ме?
Сұрақ-жауап

Дінді саясиландыру қауіпті ме?

07.04.2026
Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді
Жаңалықтар

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді

03.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Дәрежелеріне қарай мәміле

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123365 бөлісті
    Бөлісу 49346 Твитерге 30841
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5258 бөлісті
    Бөлісу 2103 Твитерге 1314
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3077 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 769
  • Астанадағы ауызашар өткізуге болатын халал дәмханалар

    90 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23

Соңғы жарияланымдар

Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді
Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар қазақстандық реставраторларға дәріс өткізді

28.04.2026
ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті
Жаңалықтар

ТМҰ Пәтуа кеңесінің мәжілісі өтті

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00