Дүйсенбі, 4 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әйелді төрт қабырғаға қамаған ислам діні ме?

31.07.2020
- Қоғам
0
595
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Әйелді төрт қабырғаға қамаған дін – ислам діні. Исламнан алдын әйелдер патша болған. Ханымдар, ойланыңыздар! Исламсыз елдер – бақытты елдер! Исламнан арылайық! Балаларыңызды мешіттерге оқуға жібермеңіздер! Өздеріңізді тыңдамайтын, бірбеткей адамға айналады», – деген фейсбуктегі діннен безгендердің пікірі әлеуметтік желіде оқырмандар арасында үлкен дау тудырды.

Осы мәселенің ақ пен қарасын ажырату үшін KAZISLAM порталының тілшісі діни білімі бар мамандардың пікірлерін білді.  

Исламтанушы Мұхан Исаханның айтуынша, Исламдағы әйелдің орны мен ролі туралы терең зерттелген шығармалармен көпшілік қауым жете таныс болмағандықтан, Ислам мәдениетінде әйел адамның құқығы тым шектеулі деген жадағай түсінік қалыптаcып қалған.

– Бұндай түсінік қазіргі батыс елдерінің Исламды жаппай қаралауынан туындаған тенденция екені белгілі. Әйтсе де, Ислам дінінде әйел затына үлкен мәртебе берілген. Исламға дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығын тым төмен бағалаған. Әсіресе, арабтар қыз балаларды тірідей жерге көметін. Өлтіруге қимағандары қыздарын ұл балдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстайтын.

Бұлай әйелдің мәртебесін тым төмендететін себебі, қыздар өскенде жезөкшелік жасап, абыройымызға дақ түсіреді деп ойлайтын. Шынында да Исламға дейінгі жабайы араб қоғамында жезөкшелік ерекше асқынып тұрды. Кейбір арабтар ұлдарын текті ету үшін әйелдерін өз қолымен ақсүйек адамның төсегіне апарып жатқызатын. Жезөкше әйелдер жүкті болып қалған жағдайда, Кайф деген сәуегей келіп, еркектердің біріне мына баланың әкесі сенсің деп, оны зинадан туған балаға әке қылатын.

Арабтардың «шиғар» деген некесі бойынша, қыздары бар арабтар бір-біріне қыздарын қалың малсыз беріп үйленетін. «Бәдел» деген неке бойынша, арабтар әйелдерін бір-біріне беріп айырбас жасайтын. Күйеуі өлген жесірді туыстарының бірі зорлықпен өзіне әйел ететін. Исламнан бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тіпті олар өгей шешелеріне дейін үйлене беретін еді, – дейді Мұхан Исахан.

Ал «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан әйел қауымына Ислам діні неке жүрек пен жанның жұбанышы ретінде қарағандығын айтады.

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026

– Қасиетті Құранда  былай делінеді: «Сендердің  әйелдерің сендер үшін киім сияқты, ал сендер оларға киім сияқтысыңдар…» (Құран,  Бақара  сүресі,  187). Олар  бір-біріне  жақсы  киімдер  сияқты  –  жайлылық  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етеді,  қорғайды,  көркем  етеді,  жылытады,  бөгде  көздерден  жасырады.  «Сендердің  ең  жақсыларың  –  әйелдеріңе  жақсы  қарым-қатынаста  болғандарың.  Ал  мен  әйелдерім  үшін  ең  жақсысымын»  (ат-Тиризи).

Некенің артықшылығы ол ер мен әйел бір-бірін қолдап, белгіленген отбасылық міндетті орындауға екеуара жанұя құруына мүмкіндік береді. Бұл өзара түсіністік пен көмек, шынайылық пен төзімділік ережелерін ұстанған, бір-бірін ұнататын, бауырға тартатын ер мен әйелдің бірге өмір сүруі, – дейді имам.

«Араб өркениеті» кітабының авторы Др. Г. Лебон Ислам әйелдің дәрежесін арттырып қана қойған жоқ, ол бұны жасаған алғашқы дін екендігін алға тартады.

– Құранда көрсетіліп, оны тәпсірлеушілердің түсіндіруіндегі әйелдің отбасылық міндеттері еуропалық әйелдердің құқығынан әлдеқайда жақсы, – дейді Г.Лебон.

Ал имам Бауыржан Есмахан Ислам дінінің келуімен әйелге деген зорлық атаулы күшін жойып, олар ерекше жоғары мәртебеге қол жеткізгенін айтады. Сондай-ақ «ислам әйелге мән бермеген» деп айтатындар діннің  дұшпандары дейді.

– Мұсылман әйелі сауда-саттық, ғылым, өнеркәсіп, егіншілікпен шұғылдануға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануына, ақша табуына тыйым салынған емес, харам да емес. Бірақ бұлармен шұғылданғанда және ілім үйренгенде еркектер арасына кірмеулері, оларға ашық күйде көрінбеуі, харамнан ұзақ болуы керек. Әйелдің жасаған күнәларының жазасына оған сол күнәні жасауға рұқсат берген еркек де тартылады. Ал еркектің жасаған күнәсінің әйелге зияны жоқ, – дейді Бауыржан Есмахан.

Хадис шәрифте әйелге қалай қарым-қатынас жасау керек екендігі көрсетілген:

  • «Мүмин жаман мінезді деп әйеліне ашуланбасын! Жақсы мінезі де болады» (Мүслим)
  • «Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибн Лал)
  • «Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Алла тағала жақсы көреді, ризықтарын арттырады» (И. Лал)
  • «Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам. Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін» (ат-Тиризи)
  • «Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады» (Р. Насихин)
  • «Әйелдерді тек текті және абыройлы адам ғана қадір тұтады. Оларды тек жаман және төмен адамдар ғана қор көреді.» (И. Асакир)

Ислам – бейбітшілік пен мейірімділік діні. Ислам сөзінің өзі «бейбітшілік» деген сөзден шыққан. Мейірімділік пен кішіпейілділік қасиеттері әрбір мұсылманның бойынан табылуы тиіс.

Сондықтан асыл дінімізді мансұқтайтын, халықтың ауызбіршілігін жоятын жаңсақ пікірлер білдірмес бұрын мың рет ойланайық, ағайын!

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: Ислам діні
Бөлісу14Твитерге9Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры
Сұрақ-жауап

Діндегі рухани байлық не?

22.04.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әлемнің атымтай жомарттары

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

    186
  • Кітапханашылар күні мен Ұлттық кітап күні 23 сәуірде бірге атап өтіледі

    104
  • Отыз жыл сал болған сахаба

    99
  • Тек ниет жеткіліксіз, амал қажет!

    91
  • БҚО: Байқоныс ауылында жаңа мешіт ашылды

    88

Соңғы жарияланымдар

Интернет – имам емес
Видео

Интернет – имам емес

04.05.2026
Ислам

Өте маңызды өсиет

04.05.2026
Сұрақ-жауап

Ғаламтордағы ашық діни ақпараттың қаупі қандай?

04.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00