Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әйелдер жаназа намазына неге қатыспайды?

26.07.2020
- Сұрақ-жауап
0
6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Әйелдер жаназа намазына неге қатыспайды?

Жауап: Жаназа намазы – кифая парыз болып табылатын ғибадат. Яғни, бір  немесе бірнеше мұсылман жаназа намазын оқыса жетіп жатыр. Бұл жерде еркек-әйел деп ешқандай бөлектеу жоқ. Бұл намазды мейлі еркек болсын, мейлі әйел болсын бір мұсылман адам оқыса болды, парыз орындалған болып саналады.

Мысалы, ешқандай еркек болмаса да, жалғыз әйелдің жаназа намазын оқуы жеткілікті. Сонымен қатар, мүлдем еркек кіндік болмаған кезде жаназаны әйелдер жамағатпен оқи алады. Имам болғаны саптың ортасында тұрады, қалғандары жамағат болады.

Осындай үкім болғанына қарамастан «неге жаназа намазына әйелдер қатыспайды?» деген орынды сұрақ туындайды.

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026

Бұл сұраққа қатысты мынаны айтуға болады:

  1. Жаназа намазы – кифая парыз. Бәрінің бірдей оқуы шарт емес. Сондай-ақ, жаназа намаздары әдетте мешітте оқылатындықтан және мешітке негізінен ер адамдар келгендіктен, жаназа намазын әрқашан ер адамдар оқыған.

  2. Әйелдер еркектерге қарағанда эмоционалды болып келетіндіктен олар қайғы-қасіретті көтере алмайды. Көз жасына ие бола алмайды және айқайлап жылайды. Осылар ескеріле отырып, әйел затын туыстары тарапынан жаназа намазына қатыстырмау әдетке айналған.

Бұл тәжірибенің қайнар көзі белгілі дәрежеде хадистерге сүйенеді. Умму Атийя (р.анха) былай дейді: «Біз әйелдерге Алла Елшісі (с.ғ.с.) тарапынан жаназаны жерлеу рәсіміне қатысуымызға тыйым салынды, тек бұл тыйымға бағыну бізге уәжіб етілген жоқ». (Ибн Маж, Жанаиз, 50.)

Хазірет Әлиден (р.а.) жеткен хадисте былай бұйырылады:

Алла Елшісі (с.ғ.с.) сыртқа шығып, бір топ әйелдер отырғанын көріп:

– Бұл жерде неге отырсыздар? – деп сұрады.

– Біз жаназаны күтіп отырмыз.

– Марқұмды сендер жуындырасыңдар ма?

– Жоқ.

– Табытты сендер көтересіңдер ме?

– Жоқ.

– Марқұмды қабірге қоятындармен бірге түсіресіңдер ме?

– Жоқ.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деп бұйырды: «Олай болса, күнә жасамай және сауапсыз кері қайтыңыздар». (Ибн Маж, Жанаиз, 51.)

Осы хадисті дәлел ретінде алған ханафи мәзһабының ғалымдары әйелдердің жаназаға қатысуы «тахрибан макрух» деген тұжырымға келген және жаназа рәсіміне әйелдердің қатыспауы орынды болады деген тұжырым жасалған.

Балғабек МЫРЗАЕВ

Таңбалар: әйелдержаназа намазыжерлеу рәсімі
Бөлісу144Твитерге90Бөлісу20Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бір уыс топырақ
Ислам

Бір уыс топырақ

29.06.2026
Әйел әуретінің толық түсінігі мен үкімдері
Қоғам

Әйел әдебі – көркем мінездің бастауы

03.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Енді ешкімнің жағдайын сұрамаймын

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    527
  • Қару-жарақ тәркіленді

    518
  • Мешіт құрылысымен танысты

    516
  • Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    280
  • Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

    274

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?
Сұрақ-жауап

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді
Видео

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00