Сенбі, 17 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам туралы естімегендер ақыретте есеп бере ме?

10.06.2020
- Сұрақ-жауап
0
505
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Ислам дінінен хабары жоқ қауым ақыретте есеп бере ме?

Жауап: Бұл мәселе туралы мутәкәллимдер әртүрлі пікір айтқан. Жалпы, Хақ діннен хабарсыз қалу – «фәтрат» деп аталады. «Фәтрат» – араб тілінде «әлсіреу», «күші сарқылу», «ықпалынан айырылу» мағыналарын білдіреді.

Шариғи мағынасына келер болсақ, илаһи бір дінді ұстанушы қауымның кейін бұзылып, дін құндылықтары едәуір өзгеріске ұшырап, келесі Алла елшісі келгенге дейінгі арадағы мезгіл – «фәтрат» деп аталады. Ал, ислам деректерінде «фәтрат» деп көбінесе Иса (с.ғ.) мен Мұхаммед (с.ғ.с) арасында Хақ діннің насихаты жасалмаған бос уақыт айтылады.

Құран Кәрімде «фәтрат» сөзі бірнеше жерде қолданылған:

Ислам зираттарды, рухани орындарды зиярат етуге рұқсат бере ме?

16.05.2025
Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

Неге кейбір «намазхандар» сәлемге дұрыс жауап қайтармайды?

15.05.2025

«Әй Кітап иелері! Пайғамбардың арасы (фәтратин) үзілгенде, сендерге Елшіміз келді. «Бізге қуантушы, қорқытушы келмеді» дерсіңдер деп, міне сендерге қуантушы, қорқытушы Елші келді» («Мәида» сүресі, 19-аят).

«Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды (ла йәфтурун)» («Әнбия» сүресі, 20 аят).

Ал, «Зухруф» сүресінің, 75-аятында: «Олардың азабы жеңілдетілмейді (лә йуфәттәру) де, олар онда күдер үзген түрде қалады» делінген.

Ислам дінінен хабары жоқ қауым ақыретте қалай есеп береді деген мәселеде әһлі-сүннет ғұламаларының көзқарасын бірнеше категорияға бөліп, түсіндіруге болады.

Біріншіден, харижилер, шиғалар және Имам Әшғари мен Имам Шафиғи, сондай-ақ, кейбір Сарахси, Қадихан, Ибнул-Хумам секілді матуриди ғұламаларының көзқарасы бойынша фәтрат дәуірінде өмір сүрген пұтқа табынушы, мүшрік, тіпті атеистің өзі де Хақ дін туралы мағлұмат алмағандықтан, ақыретте жұмаққа кіреді.

Бұлай тұжырым жасауға олар Құран Кәрімнің мынадай «Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз» («Исра» сүресі, 15-аят), (Мұхаммед ғ.с.) «Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес» («Қасас» сүресі, 59-аят) аяттарын дәлелге алған.

Екіншіден, Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Матуридидің және муғтазила ғұламаларының көзқарасы бойынша фәтрат дәуірінде балиғатқа толған адам баласы ақылымен Алланы танып, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, ізгі амалдар жасауы тиіс.

Жаманшылыққа үйір адамдар тозаққа, ізгілік жасаушылар жұмаққа кіреді. Олар бұл пікірлеріне Құран Кәрімнің «Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік» («Мүлік» сүресі, 10-аят) деген аятты, сондай-ақ, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) исламнан бұрын ханиф сенімінде өмір сүріп, жан тәсілім еткен Уарақа мен Зейд бин Амрдің жұмақтық екенін хабарлауын негізге алады.

Ал, жоғарыдағы ғұламалардың «фәтрат дәуірінде өмір сүрушілер ақыретте есептен құтылып, жұмаққа кіреді» деген көзқарасына дәлел ретінде көрсетілген аяттардағы («Исра» сүресі, 15-аят, «Қасас», 59-аят) ескертулер ақырет үшін емес, бұл дүние үшін айтылған деп біледі.

Үшіншіден: Бәйқақи, Ибн Тәймийа, Ибн Жәузи, Ибн Кәсир секілді ғұламалардың пікірінше фәтрат дәуірінде өмір сүрген адамдардың ақыреттегі жағдайы үшін алдын ала пікір айтуға болмайды. Олардың о дүниедегі ахуалы қиямет күнгі есептен кейін ғана белгілі болады.

Себебі, Ахмед ибн Ханбал жеткізген бір хадис бойынша ақырет күні саңыраулар, ақыл-есі ауысқандар, фәтрат дәуірінде өмір сүрген адамдарды сынап көру мақсатында оларға жасаған күнәлары үшін тозаққа кіру бұйырылады.

Осы сәтте, Алланың әміріне қарсы келмей мойынсұнғандар құтқарылып, жұмаққа кіргізіледі де, қарсы келушілер тозаққа жіберіледі (Муснад, IV, Хайсами, VII, 215-217). Яғни, адам баласы дүние есігін ашып, сынақ алаңында өмір сүрген болса, олар міндетті түрде ақыретте емтиханға тартылады. Ақырет күнгі емтихансыз жұмаққа кіруді – әділетсіздік деп есептейді.

Төртіншіден, Имам Раббанидің көзқарасы бойынша фәтрат дәуірінде өмір сүрген адамдар қиямет күні емтиханға тартылып, жасаған күнәлары үшін мәһшарда азапқа тартылып, сосын не тозаққа, не жұмаққа кіргізілместен, хайуандармен бірге жойылады. Тек, олардың іштеріндегі пайғамбар насихатын естімесе де, Аллаға иман келтіргендері жұмаққа кіреді (Мәктубат, І, 238).

Мұхан ИСАХАН

Таңбалар: ақыретдінесеписламсұрақ-жауап
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Мәдениет – дүниетанымның шынайы көрінісі
Видео

Мәдениет – дүниетанымның шынайы көрінісі

29.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Құрандағы Адам болмысы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    75639 бөлісті
    Бөлісу 30256 Твитерге 18910
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2476 бөлісті
    Бөлісу 990 Твитерге 619
  • Төрт мәзһаб – ислам

    4811 бөлісті
    Бөлісу 1924 Твитерге 1203
  • Тәһәжжүд намазын түннің қай уақытында оқыған дұрыс?

    2714 бөлісті
    Бөлісу 1086 Твитерге 679

Соңғы жарияланымдар

Ерім дейтін ел қайда?
Қоғам

Ерім дейтін ел қайда?

16.05.2025
Бірінші түскен аят білімге шақырған
Видео

Бірінші түскен аят білімге шақырған

16.05.2025
Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы
Мемлекет және дін

Діни саладағы заңсыз әрекет: 453-баптың құқықтық қолданысы

16.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00