Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қиын сәтте ҚМДБ «Зекет» қорының қайырымды істері артуда

30.04.2020
- Сұхбат
0
305
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» корпоративтік қоры көмекке мұқтаж  жандарға қалай көмек беріп жатқандығын білу үшін  KAZISLAM порталы  қордың директоры Талғат Омаровпен әңгімелесті.

– Талғат мырза, карантин кезінде жұмыс қалай жүріп жатыр?

– Елімізде жарияланған  төтенше жағдай барлық салаларға қатты әсер тигізгені анық. Біраз адам жұмыстарынан айырылып, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті жабдықтар мен азық-түліксіз қалып қойды. Еліміз үшін осындай қиын сәтте біз мұқтаж жандарға барынша көмек қолын созуға тырысудамыз. Қызметіміз тоқтаған жоқ. Өңірлердегі Зекет өкілдерімен бұрынғыша қашықтықтан жұмыс істеп жатырмыз. Айта кетсек, Зекет қорының республика бойынша 17 өкілдігі бар. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы Зекет қорының бас кеңсе қызметкерлері өкілдердің жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, есептемелерін уақытылы алып тұруда.

Осы Рамазан айының алдында өкілдермен онлайн жиналыс өткізген болатынбыз. Төтенше жағдайға байланысты өзгерістер ескеріліп, арнайы тапсырмалар берілді.

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

25.04.2026
Геральдикада терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындық қажет

Геральдикада терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындық қажет

24.04.2026

Ал карантинге дейін жалпы діни басқармаға қарасты «Зекет» қоры зекет пен садақаларды қабылдап, оны шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысады. Республика бойынша қайырымдылық іс-шаралар атқарудамыз. 2019 жылы жәрдем берілген отбасылардың саны 73 мыңнан асты.

Сонымен қатар ел аумағындағы ең ауқымды «Ел үлесі – пәтерге» жобасының аясында тек 2019 жылы 117 баспананың кілті мұқтаж отбасыларға табысталса, бүгінде ол сан 193-ке жетті.

Жыл бойы іске асырылатын «Тайқазан» жобасы аясында 23 975 отбасыға азық-түлікпен көмек берілді.

Ауыр дертке шалдыққан балаларға «Үміт сыйла сәбиге» жобасы бойынша көмек беруге тырысамыз. «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый», «Мұқтаждың мұңын бөліс», «Жақсылықта жарысайық», «Жетім көрсең жебей жүр», «Мектепке жол», «Жылулық сыйла» сияқты жобалар төтенше жағдай аяқталған соң алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген үміттеміз.

– «Ел үлесі пәтерге» жобасы туралы толығырақ айтып кетсеңіз?

– Біздің ең ауқымды жобаларымыздың бірі «Ел үлесі пәтерге» жобасы  – «Зекет» қорының және халықтың мұқтаж жандар өміріне қосқан үлесі. Жобаның мақсаты –  қордың базасына тіркелген мұқтаж жандардың арасынан арнайы комиссия мүшелері арқылы іріктеліп алынған отбасыға көпшіліктің көмегі арқылы пәтер алып беру. Олардың арасында көпбалалы жалғызбасты аналар, мүгедек жандар мен жетім-жесірлер бар.

Тек 2019 жылы 117 баспана кілтін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға табыстадық. Қазіргі таңда жалпы 193 отбасыны өз баспаналарымен қуанттық. Биыл ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай 30 мұқтаж отбасыға және 30 әлеуметтік ахуалы төмен дін қызметкерлеріне баспана беруді қолға алдық. Біз бұл санмен шектеліп қалмай, барынша көп мұқтаж жандарды баспанамен қамтамасыз етуге тырысамыз.

 Осындай ортақ іс бір-бірімізді игі шараға үгіттеп, қолдап, түсінушілік танытуға жетелейді. Бұл қолдау әрбір жанды жақсылыққа шақырып, қоғамда ерекше орынға ие болатын азаматтық позицияны айқындайды.

– Ал қазір еліміздің басына қиын іс түскенде сіздердің ұжым қандай қайырымдылық шараларды жүзеге асырып жатыр?

– Иә, шынымен қазір қиын кезді бастан кешудеміз. Адамдар жұмыстарынан, табыс көздерінен айырылып қиналып жатқандардың саны артуда. Оны бізге лег-легімен түсіп жатқан өтініштерден байқадық. Осындай қиын кезде біз қайырымдылық қор ретінде барынша көмек беруге тырысудамыз.

Мысалы,  «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық керуенін айтуға болады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Зекет» қоры республика бойынша мыңдаған мұқтаж отбасыларға тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік таратты. Ең бірінші карантинге жабылған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына өңірлерден арнайы қайырымдылық керуендері жеткізілді.

Бұл іс-шараға Зекет өкілдері мен өкіл имамдар толығымен ат салысты. Осындай қиын-қыстау заманда өкіл имамдар және Зекет өкілдері жамағатпен бірігіп, ауқымды қайырымдылық шаралар жасағанын ерекше атап өткім келеді, өз басым оларға үлкен алғыс айтамын. Ат салысқан барлық азаматтарға Алла разы болсын!

Сонымен қатар, қасиетті Рамазан айының әр күнінде мұқтаж жандарға қуаныш сыйлауға бағытталған «Нығметке толы 30 күн» атты жоба жұмыс істеуде. Бұл жоба аясында мұқтаж жандардың пәтерақыларын төлеп,  үйлеріне азық-түлік, ет, балаларға базарлық апарып қуантуға тырысамыз.

Бұдан бөлек «Берекелі нан» жобасы аясында дүкендерге тегін нан сөрелерін орналастырып, оларды уақытылы толтырып тұрамыз.

– Сонда көмекке мұқтаж жандарды қалай анықтайсыздар?

– Көмекке мұқтаж жандар қор офисіне келіп өтініш жазады. Өтінішпен қоса қажетті құжаттарының көшірмелерін тапсырады. Кейін қор қызметкерлерінен болған арнайы комиссия өтініштерді іріктеп, қажет болған жағдайда үйлеріне барып жағдайларын көріп қайтады.

Ал қазіргі төтенше жағдайға байланысты өтініштерді онлайн қабылдау мүмкіндігін іске қостық. Электронды құжат қордың ресми http://www.zeket.online  сайты арқылы қабылданады. Көмекке мұқтаж болған адам сайтқа кіріп, анкета толтырады. Берілген деректер қор базасында сақталып, пайдаланушы кезек тізіміне енгізіледі. Кейін қабылданған өтініштер сараланып, жіберушінің мекен-жайына қарай «Зекет» қорының өңірлердегі өкілдеріне жіберіледі.

–  Қазіргі кезде халық зекетті, садақаны онлайн түрде беріп жатыр. Жалпы бұл ыңғайсыздық тудырмады ма?

– Еліміздегі төтенше жағдай экономикалық жағынан кәсіпкерлерге де, қарапайым жамағатқа да соққы бергені анық. Сонымен қатар күнделікті тұрмыс-тіршілікке де қатты әсерін тигізгенін көріп отырмыз. Біздің қайырымдылық істерге, зекет жинау-тарату жұмыстарымызға да едәуір соққы болды. Дегенмен, «Зекет» қоры садақа және зекет берудің оңтайлы жолдарын осыдан бірнеше жыл бұрын бір ізге қойған болатын.

«Зекет» қорының басты принциптерінің бірі – ашықтық. Сол себепті де, қаражат ағымы барынша қаржылай мөлдірлікке сай болу мақсатында жұмыс жасаудамыз. Қордың зекетке және садақаға арналған есеп-шоттары бар. Келіп түскен қаражатты қадағалап, ашықтықты көздегендіктен, онлайн садақа жасау және онлайн зекет төлеу жүйелерін іске қосылған және қазіргі төтенше жағдай кезінде осы салаға басымдылық берілуде.

Мысалы, арнайы Zeket мобильді қосымшасы арқылы, Kaspi.kz қосымшасы немесе зекеттің ресми сайты арқылы онлайн садақа жасау, зекет беру тәсілдері бар.

Сонымен қатар «Зекет» қорының электрондық баннерлері Qiwi терминалдарында орналасқан болатын. Алайда елімізде төтенше жағдай жарияланып, көп жерде карантин ережелері іске қосылғандықтан, садақа беру де осы күндері бірнеше есе күрт төмендеп кеткені шыңдық. Дей тұрғанмен, еліміздегі жағдай тұрақталғанда, ісіміз қайтадан бірізділікке түсіп, жобаларымыз өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

– Талғат мырза, бұл атқарылған іс-шараларды кеңірек насихаттау керек сияқты. Қарапайым халыққа ақпаратты жеткізу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

– «Зекет» қорының насихат жоспарына сай әр өкілдік жергілікті теле-радио каналдарына жүйелі түрде сұхбаттар беріп отырамыз.  Сондай-ақ газет-журналдарға мақалалар жарияланып тұрады. Қандай да бір ауқымды іс-шара ұйымдастырылатын болса, телеарна журналистерін шақырып, жаңалықтарға жариялап тұрады. Қазіргі медиа сала өркендеп тұрған заманда бұқара ақпарат құралдарымен байланыс жүргізу аса маңызды. Сол себепті, біз журналистердің біздің қорға қатысты сұрақтарына жауап беруге әрдайым ашықпыз әрі дайынбыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Таңбалар: басты тақырыпҚМДБ "Зекет" қорытөтенше жағдай
Бөлісу7Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасы – ең маңызды құндылық
Видео

Отбасы – ең маңызды құндылық

24.04.2026
Имам AI жобасы іске қосылады
Жаңалықтар

Имам AI жобасы іске қосылады

22.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қарызға берілген ақшаны зекет ретінде санауға бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123485 бөлісті
    Бөлісу 49394 Твитерге 30871
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5260 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3078 бөлісті
    Бөлісу 1231 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3345 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 836

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00