Жұма, 1 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жұма намазы уақытындағы мешіттердің жағдайы қалай?

28.03.2020
- Сұхбат
0
372
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пәтуаға сәйкес жұма намаздың орнына әркім өз үйінде бесін намазын өтеуі керектігі, бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайтыны хабарлаған еді.

Аталған талаптың қаншалықты орындалып жатқандарын білу үшін KAZISLAM тілшісі Елордада орналасқан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Есмахан Бауыржан Әбдірашұлымен тілдесті.

Оқи отырыңыз:  Індет кезінде мешітке кіргізуін талап еткендері дұрыс па? 

Бас имамның айтуынша,  Дін басқармасының пәтуасынан кейін мешітке келушілер тарапынан наразылық білдіріп жатқандар байқалмайды. Алдынғы аптадағы Жаңаөзен қаласында болған жағдайдан кейін мешіт жамағаты тәртіпті қатаң түрде сақтауға, ол қателікті қайталамауға тырысады.

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

Дінтанушы: Қазақстандағы діни бірлестіктер – қоғам тұрақтылығының маңызды бөлігі

25.04.2026
Геральдикада терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындық қажет

Геральдикада терминологиялық дәлдік пен ғылыми айқындық қажет

24.04.2026

–   «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатпен бірге намаз оқимыз дейтіндердің легі бұрынғыға қарағанда әлдеқайда азайған. Десек те, олар топтаспай жеке-жеке келеді. Бір күнде  таң намазына 5 адам келсе, түскі намазға 10 адамдай келеді. Жалпы күніне 20 шақты адам болады. Олар барлық санитарлық норманы сақтайды және құлшылық жасау кезінде бір-бірінен алыс отыруға икемделеді.

Бірақ осы аптадағы жұма намазға ешкім келмеді, себебі біздің мешітті бір күндік дезифекцияға жауып тастады. Мешіттің сыртына келуші жұртқа арнайы хабарландыру ілдік.

Өмір – Алла Тағаланың  пенделеріне берген аманаты болғандықтан, ол «Өз-өздеріңді қауіп-қатерге тікпеңдер», – деп ескерту жасаған. Коронавирус ауруының таралуы  адам өміріне қауіпті екенін көріп отырмыз. Сондықтан әркім парызын үйлерінде отырып орындағандары абзал» – дейді Бас имам.

Бауыржан Әбдірашұлы елімізде төтенше жағдай бірден жарияланғаннан кейін жұрт абдырап қалғанын айтады. Незізінен оларға алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек еді. Әрине, күнделікті мешітке келіп-кетіп жүргендер бірден мешітке келмеуге дағдыланбаған. Сондықтан елімізде наразылық білдірген топтар болғандығын айтады.

– Бұл ауыр індеттің таралуынан жамағаттың мешітке аз келуі бізге де ауыр тиіп жатыр. Себебі бұған дейін орталықта орналасқан мешітке адамдар кіріп-шығып жүретін. Жұма намазға 200-дей адам жиналатын. Ал қазіргі жайпаған тыныштық біртүрлі сезім тудырады.  Адам аз. Дегенмен бұл – Алланың бізге берген сынағы. Адамдар қазір тәртіпке үйреніп, әр нәрсенің құнын түсіне бастағандай,-дейді.

Имам ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат беретінін айтты. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына, мал-мүлкіне, бала-шағасы мен отбасы мүшелеріне әлдебір залал тиетін болса, шариғатымыз оның мешітке келіп, бес уақыт намазды жамағатпен оқуын, тіпті жұма намазға қатысуын міндеттемейді екен.

 – Еске салсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасына қатысты бірнеше мәлімдеме жасаған:

  • Біріншіден,мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді.
  • Екіншіден,мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды.
  • Үшіншіден,мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар (жетісі, қырқы, жылы т.б. дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылады.
  • Төртіншіден,жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізген дұрыс,-дейді орталық мешіттің Бас имамы.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жұқпалы ауруға байланысты: «Науқас кісі дені сау адамға жақындамауы тиіс»,– деген екен. Сондықтан сабырлық танытып, еліміздің амандығы үшін төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындасақ, көретін жарық күндеріміз алыс болмайды деді имам сөз соңында.

Коронавирус індетін жұқтырғандардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 75 адам, Алматы қаласында – 55 адам, Қарағанды қаласында – 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы – 3 адам, Ақмола облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, жалпы 150 науқас тіркелді. Соның ішінде жазылғандар саны – 3, ал қайтыс болғандар саны – 1.

Балжан ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ

Таңбалар: Бас имамбасты тақырыпелордаЖұма намазы
Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасы – ең маңызды құндылық
Видео

Отбасы – ең маңызды құндылық

24.04.2026
Имам AI жобасы іске қосылады
Жаңалықтар

Имам AI жобасы іске қосылады

22.04.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қажылыққа бармаған адам басқа біреудің орнына бара ала ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    123554 бөлісті
    Бөлісу 49422 Твитерге 30889
  • Духа намазы қалай оқылады?

    5261 бөлісті
    Бөлісу 2104 Твитерге 1315
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    3079 бөлісті
    Бөлісу 1232 Твитерге 770
  • Құран аяттарын ғұсыл-дәретсіз оқуға бола ма?

    3346 бөлісті
    Бөлісу 1338 Твитерге 837

Соңғы жарияланымдар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Жаңалықтар

Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

29.04.2026
Жаңалықтар

Бүгін – Халықаралық би күні

29.04.2026
Дипломсыз медресе – дүбара дін
Видео

Дипломсыз медресе – дүбара дін

28.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00