Сәрсенбі, 28 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еліміздегі ең бірінші азан шақырылатын мешіт

22.07.2019
- Сұрақ-жауап
2
1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Шығыс Қазақстан облысындағы «Әл-Құддыс» мешіті еліміздегі ең бірінші азан шақыратын мешіт дейді. Сол рас па?  

Жауап: Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы еліміздегі табиғаты ең көркем аймақтардың бірі.

Жыл он екі ай аппақ қардан киген қалпағын бір тастамайтын Өр Алтайдың тік жоталары, көкке найза болып қадалған Мұзтаудың үшкір шыңдары, қысы-жазы түсін бір өзгертпейтін бөктеріндегі балқарағай мен самырсыны, саратанның сартап ыстығында жап-жасыл кілем болып жататын көк майса көгалдары, түгін тартсаң май шығатын құйқасы бөлек шүйгінді шөбі, таудан құлап, сарқырап ағатын өзендері*, қалың ну орманның бұтақтарына мүйізі бір ілікпейтін кербұғысы мен кермаралдары, төбеде аңда-саңда топшысын бір қағып қойып, қалықтаған қыран құстары, құйрығын тік көтеріп бұтақтан-бұтаққа секірген тиындары, жайылымда жүрген үйір-үйір тоқпақ жалды жылқылары, бәрі-бәрі көздің жауын алады.

О молитве джамаатом после намаза

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026

Сұлудың да қас сұлуы болады демекші Катонның кермиық сұлутөрі – Рахман қайнары десек сірә қателеспейміз. Төрт мемлекет – Ресей, Қытай, Моңғолия және Қазақстанның түйіскен тұсында орын тепкен Мұзтаудың етегіндегі Рахман көлі табиғи минералды суға бай.

Жан-жағын Өр-Алтайдың самырсынға толы сілемдері қоршаған. Рахман сарқырамасынан бөлек Тәңірсу** тостақанына тұс-тұстан бұлақ сулары сылдырап келіп құйылып жатады. Кәусар суын қанша сімірсең де бір қанбайсың. Саф ауасы аңқаңа енгенде, құлағыңды тарс бітеп, естен тандыра жаздайды. Төменгі еңісі Сақ дәуіріне тиесілі «Патшалар жазығымен» жалғасады. Атақты «Берел» тарихи-кешені осында орналасқан.

Кереметтің де кереметі болады демекші Рахман қайнары демалыс кешенінің кіре берісінде «Әл-Құддыс» атты қос мұнаралы шағын ғана мешіт орын тепкен. Күмбезі – қас батырдың дуылғасы іспетті, қос мұнарасы хан сарайының кіре берісіндегі күзетшілердің үкілі найзасындай, қызыл кірпіштен өрілген қабырғасы алты қанатты киіз үйдің кергесіндей сәулетті. Сән-салтанаты келіскен мешіт еліміздің қиыр шығысында орналасқандықтан, бұл құтханада намаз уақыттары ерте кіреді. Сол себепті де Әл-Құддыс мешітінде әрбір күні Қазақстанда алғаш болып Алланың аты айтылып, азан шақырылады. Әрі теңіз деңгейінен 1780 метр жоғарыда орналасқандықтан, еліміз бойынша ең биікте орын тепкен мешіт саналады.

Қызықтың да қызығы болады демекші мешіттің салыну тарихы да тым қызық. Осыдан он бір жыл бұрын Берел жақтан кенеттен тілсіз жау – өрт шығады. Лаулаған өрт лезде Өр Алтайды қып-қызыл отқа орайды. Орманшылары бар, өрт сөндірушілері бар төменнен де, төбеден де су бүркігенімен, одан еш қайран болмайды. Тілсіз жау ауыздықталмай, неше жүз жылғы балқарағай мен самырсындардың жапырағын өрт шалып, қарияның сүйенетін қу таяғындай жалаң ағашқа айналып шыға келеді. Өрт толастамай қалың елді қатты әбігерге салады. Жан-жақты жалмап бара жатқан қызыл от енді Тәңірдің тартуы – Рахман қайнарына қарай бет алады. Осы кезде орманшы болып жұмыс істейтін мұсылман бір жігіт дереу үйіне барып, Жаббар Хаққа жалбарынып, бір өгізді құрбандыққа шалып, тасаттық жасайды. Іле-шала Тәңір-Тағаланың таңғажайыбы орын алады. Қас-қағым сәтте көкті қазбауыр бұлттар торлап, жауын сіркірей бастайды. Бірте-бірте қою қара бұлтқа айналып, жаңбыр төпелеп нөсерлейді. Жауын ара-сыра демін алып, екі күн нөсерлеп,  қызыл өртті ада-күде өшіреді.

Өрт орын алған шақта жанын қоярда жер таппаған Рахман қайнары демалыс орнының иесі А.М.Балушкин орманшы жігіт тасаттық жасағаннан кейін барып тілсіз жаудың тыңшығанын жұрттан естіп біледі. Бұл оқиға қатты әсер етіп, ол Алла-Тағалаға шүкіршілік ретінде «Әл-Құддыс» мешітін тұрғызуға шешім қабылдайды. Оның бұл ізгі бастамасына Катонның ығай-сығайлары қолдау көрсетеді. Осылайша Қазақстанда ең биікте орналасқан және әрбір күні ең алғаш азан шақырылатын Әл-Құддыс мешіті бой көтереді. Мешіт ресми түрде 2013 жылы пайдалануға берілген.

Мұхан Исахан

* Бұқтырма.
** Рахман көлінің ескі атауы.

Таңбалар: азанМұхан Исаханшығыс қазақстан
Бөлісу25Твитерге16Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…
Ғибратты әңгімелер

Ей, адам! Ғұмырыңды бағала…

20.09.2026
Азан айтуда сауап бар ма?
Сұрақ-жауап

Азан айтылғаннан кейін дұға жасауға бола ма?

14.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

М.Иманбаев: Дінді саясиландыру тек мұсылмандарға қатысты емес

Пікір 2

  1. Марал Ермекқызы жазған:
    7 жыл бұрын

    Осының өзін жақсылап насихаттап, туристердің келуіне жағдай жасар ма еді?..

  2. Әбдімәлікова Айару жазған:
    7 жыл бұрын

    Қызықты әрі танымды ақпарат екен. Шығысқа барып жатсақ, осы мешітті көріп қайту керек екен.

Танымал тақырыптар

  • Шынайы тәуекел

    Шынайы тәуекел

    189
  • Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    83
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    71
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    69
  • «Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

    65

Соңғы жарияланымдар

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр
Видео

Заңсыз діни білімнің зардабы ауыр

28.10.2026
Шынайы тәуекел
Ғибратты әңгімелер

Шынайы тәуекел

28.10.2026
Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді
Жаңалықтар

Қыш өнеріне арналған халықаралық жәрмеңке өтеді

28.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00