Сенбі, 13 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ең қадірлі адам кім?

29.06.2019
- Ғибратты әңгімелер
0
761
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Отбасы – қоғамның іргетасы. Кез келген қоғамның негізі. Отбасы салауатты болса, қоғам да салауатты. Қоғамның бұзылуы да отбасы  дағдарысынан басталады. Отбасы – кіші отан деген сөздің төркіні де осында жатыр. Ендеше, бала-шағамызды қалай тәрбиелейміз?

Бала махаббат, мейірімділік және тыныштықты отбасынан сезініп өсуі қажет. Бала – әкенің айнасы. Бала әкесінен көргенін айна-қатесіз көшіріп, бойына сіңіреді. Алла Тағала:

«Әке мен балаға серт» (Бәләд сүресі, 3-аят),-деп ант етуде.

Құран Кәрімде құбылыстар мен жаратылыстарды айтып, Жаратушының ант етуі оның маңызды екенін аңғартады. Әке мен балаға серт етумен отбасындағы ата-ана мен перзенттің қарым-қатынасының маңызды екенін білдірген. Сонымен бірге, ең үлкен нығмет тәрбиелі бала-шаға екенін мына аяттан байқауға болады. Фурқан сүресінде мұсылманның ең көп тілегінің бірі айтылады. Мұсылман Алла Тағаладан:

«…Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!..»,-деп дұға етеді.

Бұл аяттың мән-мағынасы жөнінде сахаба Ибн Аббас (р.а.): «Көзімнің қарашығындай ұрпақ бере гөр деумен, бұл дүние мен ақыретте жаны тыныш табатын ұрпақ сұрауда. Ол – Аллаға бойұсынған және құлшылық ететін ұрпақ»,-дейді. Ұл-қыздың тек жаттанды білім алуы мен ішіп-жеуіне, киім-кешегіне ғана мән беру – асыл тектіліктің мұраты емес. Басты мақсат – бала тәрбиесі.

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

Оларды аяз емес, өзімшілдік өлтірді…

10.06.2026
Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

Мұса пайғамбардың жәннаттағы көршісі

08.06.2026

Һарун Рашид екі баласы, Әмин мен Мамунды тәрбиелеуге ұстаздың қолына тапсырады. Еті сенікі, сүйегі менікі деп сол заманның ең атақты ғалымы Асмағиге табыстайды. Тәлім-тәрбие әдебін толықтай қадағалауын талап етеді. Ұстаздың қадір-қасиетін біліп өсу үшін есігінің алдында күтуді, қажет болған жағдайда қатаң шара қолдануды тапсырады. Сонымен бірге: Құранды үйрет, мән-мағынасын оқыт. Ата-бабасының өлеңдерін үйрет, сүнетті оқыт. Сөз саптауды білсін. Арзан күлкіге жол берме. Әрбір дәрісте сенен пайдалансын,-деп айтады.

Халифа балаларының оқуы мен тәрбиесін сырттан қадағалап отыру үшін арнайы қызметкері ол туралы күнде баяндап отырады. Бұдан ұстаз пен балалар хабарсыз еді. Кезекті дәрістен кейін Әмин мен Мамун шығып бара жатқан ұстазының аяқ киімін ұсыну үшін таласып қалады. Ақыры, екеуі бір-бір кебістен алып баруға келіседі. Бұл шәкірттер халифаның баласы болса да, жақсы тәрбиенің нәтижесінде ұстазға және білімге деген құрмет бойларына қалыптаса бастағанының белгісі еді. Болған жайдан халифа сол күні-ақ хабардар болды. Халифаның өзі де мұндайды күтпеген. Іштей дән риза болды. Келесі күні халифа ұстазбен әңгіме барысында төтесінен:

-Бұл дүниеде ең мәртебелі әрі қадірлі адам кім?,-деп сұрады. Ғұлама:

-Уа, мұсылмандар әміршісі! Сізден қадірлі кісі бар ма?,-деді жауап ретінде. Һарун Рашид болса:

-Жоқ, тақ мұрагерлері кебісіне таласқан тұлға – ең қадірлі адам,-деп өзі жауабын берді. Сонда ғалым халифаның кешегі балалардың қылығынан хабары бар екенін түсініп, ыңғайсызданды. Тіпті, халифа ашуланды ма деген ой да келді. Ал, Һарун Рашид болса керісінше ұстазға алғыс білдіріп, рахметін айтып: балаларымның бұл әрекеті мені дән риза етті, – деді. 

Демек, бала оқу-жазудан бұрын тәрбие мен әдепке мұқтаж.

 Руслан ҚАМБАР

Таңбалар: руслан қамбартәрбиеұстазхалифа
Бөлісу18Твитерге12Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрма ағашының көлеңкесіндегі халифа
Ғибратты әңгімелер

Құрма ағашының көлеңкесіндегі халифа

08.02.2026
Ихсан – рухани тәрбие өзегі
Жаңалықтар

Ихсан – рухани тәрбие өзегі

22.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Мұсылманның бауыры алдындағы 6 міндеті

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды
Жаңалықтар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды

12.06.2026
Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды
Жаңалықтар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00