Жұма, 17 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құран неге 23 жылда түсті?

16.05.2019
- Сұрақ-жауап
0
2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Құран неге 23 жылда түсті?

Жауап: Құран ақиқатын жоққа шығаруды ойлаған кейбіреулер, «Құран неге бұрынғы иләһи Тәурат, Інжіл кітаптары секілді бір жолда түспейді. Оның бөлек-бөлек 23 жылда түсуінің өзі адам тарапынан жазылғандығын көрсетеді» деп түрлі күмәнді сұрақтар қойылып жатады.

Әрине, мұндай сұрақтардың қисынсыз екендігін Құранның 23 жылда бөлек-бөлек түсу мәніне үңілген адамның ғана аңғарары сөзсіз. Қасиетті Құранның 23 жылда бөлек-бөлек түсу мәнін ашу том-том кітап боларлық мәселе. Бұл жерде сұраққа қысқаша ғана жауап беріп өтуді жөн көрдік.

Атақты тәпсір ғалымы Ибн Кәсир, Құрандағы: «Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік» («Қадір» сүресі, 1-аят) деген аяттың тәпсірінде: «Алла Тағала Құранның қадір түні түскені жайлы хабар берді.

Қадір түні, ол – «Біз оны құт-берекеге толы қасиетті түнде түсірдік» («Духан» сүресі, 3-аят) делінген, берекелі түн. Басқа бір аятта: «Рамазан айы – Құран түскен ай» («Бақара» сүресі, 185-аят) делініп, Құранның Ләухул-Махфуздан аспан әлеміндегі Бәйтул-Ғиззәға бір бүтін (толық кітап) болып түскені айтылды. Содан кейін Алла елшісіне (с.ғ.с.) 23 жылда түрлі жағдай, қажеттілікке сай бөлек-бөлек түсті» (Мұхтасару Тәфсири Ибн Кәсир, 2-том, 750 б.), – дейді.

Отыз жылғы қажылық

Қажылық жасау міндет пе?

16.07.2026

«Құдайдан қорық» деп не үшін айтады?

15.07.2026

Құдіреті күші Алла Тағала үшін Құранды бір жолда түсіру қиын іс емес. Алайда, өмірлік жүйелері әділетсіз құрылымдар мен көп құдайлық түсінік негізінде қалыптасқан халықтың әрбір аяты мен сөзі хикметке толы Құран бір жолда түскенде, оны түсініп кетулері, өмірлеріне сіңдіре алулары қиынға соғары анық.

Сондай-ақ, күрмеулі бір мәселе туындай қалған сәтте оған Құраннан тұшымды жауап беріліп, аяттың түсіп отыруы құтты қатты шөлдеген адамның мұздай суды мейірлене ішкені тәрізді түсінікті әрі жұғымды болмақ. Яғни, Құран өмірлеріндегі сан түрлі шешімін таппаған мәселелерге реті келгенде жауап беріп отыру арқылы адамдардың көңілдеріне ислам нұрын сіңіріп, рухани кемелдендірді.

Алғашқы буын, яғни, сахабалар 23 жылдық Құран түсу кезеңінде діни түсініктері тереңдеп, сенімдері шыңдалды. Сол рухани күшпен ислам діні төрткүл дүниеге таралды.

Қорыта айтар болсақ, Құран 23 жылда бөлек-бөлек түсу арқылы әрбір істі ретіне қарай істеп, уақыты келгенде білім беріп отырудың адам өмірін өзгертудегі алатын орны ерекше екендігін ұқтырды.

Сонымен қатар, Құранның 23 жылда қажеттілікке сай бөлек-бөлек түсуі иләһи Хақ кітап екендігінің бірден-бір дәлелі.

Таңбалар: Құранхикмет
Бөлісу47Твитерге30Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құранда жәндіктер жайлы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Құранда жәндіктер жайлы не айтылған?

17.06.2026
Сұрақ-жауап

Құранда қандай тақырыптар қамтылған?

15.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ауызашар дәстүрінің игілігі қандай?

Танымал тақырыптар

  • Азан айтуда сауап бар ма?

    Азан айтылғаннан кейін дұға жасауға бола ма?

    19
  • Жамандыққа себепші болу күнә ма?

    15
  • «Құдайдан қорық» деп не үшін айтады?

    14
  • BaiQymyz-2026: 60-тан астам қымыз түрі ұсынылды

    14
  • Алланы көріп тұрғандай құлшылық жасау

    14

Соңғы жарияланымдар

Конституциялық құндылықтар мен азаматтық қоғамның мәселелері талқыланды
Жаңалықтар

Конституциялық құндылықтар мен азаматтық қоғамның мәселелері талқыланды

16.07.2026
Жаңалықтар

Қазақстанның музей-қорықтарына 784 мыңнан астам адам барды

16.07.2026
Отыз жылғы қажылық
Сұрақ-жауап

Қажылық жасау міндет пе?

16.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00