Сенбі, 13 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ридуан періштесі

09.04.2019
- Қоғам
0
539
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл періштенің міндеті – жұмақты күзету. Ридуан періштесі кейбір діни мәлімет көздерінде Хазин деп те айтылады.[1] Хадистерде де Хазин деген періштенің аты кездеседі. Асылында Ридуан мен Хазин бір періште болса керек. Себебі хадисте: «Жұмақтың есігіне келіп едім Хазин періштесі: «Сен кімсің?», – деді. «Мен Мұхаммедпін». Сонда Хазин сөзін жалғастырып «Мен бұл есікті саған дейін ешкімге ашпауға жауапты періштемін»,[2] – делінген.

Құранда да бұл мәселе жайлы:

الَّذِينَ تَتَوَفَّاهُمُ الْمَلآئِكَةُ طَيِّبِينَ يَقُولُونَ سَلامٌ عَلَيْكُمُ ادْخُلُواْ الْجَنَّةَ بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

«Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда періштелер жандарын алып: «Сендерге есендік болсын, амалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер»  – дейді»[3];

Уақып – сарқылмас сауап

Шариғаттағы уақып ұғымы мен қазақ даласындағы Аққұла дәстүрінің сабақтастығы

12.06.2026
«Құран тізбегі» операциясы қалай жүргізілді?

«Құран тізбегі» операциясы қалай жүргізілді?

02.06.2026

«Раббыларына қарсы келуден сақтанғандар, топ-тобымен жұмаққа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жұмаққа мәңгі қалатын түрде кіріңдер»,[4] – делінген. Иә, аятта нақты айтылғандай шүбәсіз тақуа жандар топ-тобымен жұмаққа кіреді. Олар ең алдымен Аллаһтың жамалын көруге асығады. Ал Аллаһтың бейнесінің салих құлдарына қалай, қандай жағдаятта көріну мәселесіне келсек бұл – біз үшін бір үлкен сыр. Адам баласының, пәнилік тұрғыдан алғанда өзге материялдық болмыстардан ешбір айырмашылығы жоқ. Алайда, пәнилік өмірді мәңгілік өмірге айырбастау жолдары адамзатқа Аллаһ тағала тарапынан нәсіп етілген. Міне, осы істің нәтижесі ретінде жұмақ есіктері айқара ашылып періштелер Жаратушыға мойынсұнғандарды ізгі сәлеммен қарсы алады. Жұмақ – адам баласына берілген баға жетпес үлкен нығмет. Құранда: «Аллаһ мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгілік қалатын бақшалар және Адн жаннатында, көркем орындар уәде етті»[5]; «Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады. Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар (жаннатта) көңілдері қалаған нығметке бөленіп мәңгі қалады. Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: «Міне бұл сендерге уәде етілген күн» деп қарсы алады»[6]; «Олар Адн атты жаннаттарға кіреді. Аталарынан, жұбайларынан және ұрпақтарынан кім түзу болса, олар да кіреді. Періштелер әр есіктен кіреді: Сабыр еткендерің үшін, Аллаһтың есендігі сендерге болсын! Соңғы жұрт нендей жақсы»,[7] – дейді.

Яғни Жасағанның сыйға тартқан мінсіз иләһи заңдылығымен өмір сүріп, күнәлардан бойын аулақ ұстаған тақуа әрі дініне адал жандар топ-тобымен жұмаққа кіреді. Әлбетте оларға жұмақ есігі айқара ашылады. Мұндай жүзі жарқын мүміндерді жұмақ періштелерінің ізгі сәлеммен қарсы алатындықтары жоғарыдағы аятта да ап-анық түрде сүйіншіленген.

Қалмахан Ержан,

Теология ғылымдарының докторы

[1]    Қараңыз: Зүмәр, 39/73; Муслим, Иман, 133; әл-Куда-и, Мүснәдуш-Шихаб, Бейрут, 1986, ІІ/130

[2]    Муслим, Иман, 333; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 3/136

[3]    Нахыл, 16/32

[4]    Зүмәр, 39/73

[5]    Тәуба, 9/72

[6]    Әнбия, 21/101-103

[7]    Рағыд, 13/23-24

Бөлісу13Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды
Жаңалықтар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды

12.06.2026
Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды
Жаңалықтар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Арыстан бабтың кесенесі қалай тұрғызылған?

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    87
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    84
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55

Соңғы жарияланымдар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды
Жаңалықтар

«Qaitadan» Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды

12.06.2026
Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды
Жаңалықтар

Террористік қылмыс жасаған 13 адам сотталды

12.06.2026
Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр
Жаңалықтар

Радикалды көзқарастан арылту мен оңалту мамандарына арналған курс өтіп жатыр

12.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00