Жексенбі, 14 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құран қиссаларының маңызы қандай?

19.04.2019
- Сұрақ-жауап
2
882
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Құран қиссаларының маңызы қандай?

Жауап: Алла Тағала: «(Уа, Мұхаммед!) Біз саған бұл Құранды уахи ету арқылы өткеннің ғибратқа толы деректерінің ішіндегі ең керемет бір қиссаны баяндап береміз. Анығында сен бұрын-соңды бұдан бейхабар едің» (Юсуф сүресі, 3-аят) деген.

Араб тіліндегі, «قصص القرآن» (Құрандағы қиссалар) деген сөз бұрынғы пайғамбарлар мен олардың үмметтері жайлы жүз берген оқиғаларды баян етуін білдіреді. Бұл аяттың мәнісінен Құрандағы әрқандай бір қиссаның өмірде шынайы болған іс екенін көруге болады. Немесе Құрандағы кез-келген бір қиссаны ойдан тоқылған әпсана әңгімелер мен хикаяларға салыстыру дұрыс емес.

Қасиетті Құранда Адам ата және Хауа ана, олардың екі баласы, Нұх, Салих, Ибраһим, Исмағил, Исхақ, Лут, Яғқуб, Юсуф, Шуғайб, Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Юнус, Закария, Яхия, Муса, Һарун және Иса сияқты пайғамбарлар, Мариям, Ғузайр, Зүлқарнайн, Лұқман және Асхабул Кәһф сынды салихалы адамдардың қиссаларымен қатар өз пайғамбарларына қарсы шыққан Намурд, Ферғауын, Ад және Самуд қауымдарының оқиғалары да баяндалады. Тіпті, кейбір сүрелер пайғамбарлардың есімімен аталып, Құранда қиссаларға көлемді орын берілген. III ғасырда өмір сүрген атақты тәпсірші имам Әт-Табари, Құранның үштен бірі (3/1) қиссалардан тұрады деп болжам жасайды.

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
В мечетях Казахстана прошли первые таравих-намазы

Мешітте жамағатпен намаз оқу парыз ба?

13.06.2026

Адамзат тарихы мыңдаған ғасырларды бастан өткізгенімен ғұмыр кешу үрдісі өзгермек емес. Танымдық-тәрбиелік мәні бар тарихи қағидаттар мен ұстанымдарға мұқтаж. Құрандағы қиссалар өткен замандағы оқиғаларды баяндай келіп, адамдардың көңіліндегі ұмыт болып кеткен немесе күйбең тіршілікпен ескермей, ғапылдықта жүрген істерін есіне салады. Мысалы, Адамның (а.с) жаратылуы, оған көптеген білімнің (есімдердің үйретілуі) берілуі, періштелердің сәжде (құрмет көрсетуі) етуі және шайтан Ібілістің Алланың әміріне бойсынбай, адамзаттың қас жауына айналуы, т.б.

Құран – Алладан түскен қасиетті кітап болса, Оны адамзатқа жеткізуші елшісі Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәллам). Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) пайғамбардың ең ұлы мұғжизасы, ол – Құран. Осы тұрғыдан, Құрандағы бүкіл қиссалар Мұхаммедтің (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) Алланың соңғы елшісі әрі пайғамбары екендігін дәлелдейтін айғақтар деуге болады. Өйткені, оқу-жазуды білмеген бір үмми пайғамбардың бұрынғы үмметтер жайлы егжей-тегжейлі хабар беруі мүмкін бе?! Әрине, мүмкін емес. Әрі бұрынғы үмметтер жайлы Мекке халқының да көп білімі жоқ еді. Мұның барлығы Мұхаммед (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) пайғамбардың хақ пайғамбар екенін растайды.

Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!) Міне, бұлар – ғайби хабарлар, Біз саған оны уахи арқылы жеткізудеміз. Өзің де, қауымың да бұдан бұрын олар жайлы еш нәрсе білмейтін едіңдер. Ендеше, (Алла жолында басыңа түскен ауыртпалықтарға мойымай) сабырлылық таныт. Шүбәсіз, жеңіс Алладан шын именетін тақуаларға тән» (Һуд сүресі, 49-аят) делінеді.

Демек, Құрандағы қиссалар бәзі біреулердің айтқанындай мән-мағынасыз, бос сөздер емес. Керісінше, әрбір қиссаның өзіндік мәні маңызы бар иләһи шындық. Күллі адам баласына дұрыс бағыт-бағдар көрсетудің басты қағидаттары. Мысалы: Аллаға және Оның елшісі Мұхаммедке (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) иман еткен мүміндердің сенімін шыңдаса, соңғы пайғамбар Мұхаммедті (саллаллаһу әлейһи уә сәллам) пайғамбар ретінде қабыл етпейтін бұрынғы үмметтердің ұстанымының дұрыс еместігін өзге де пайғамбарлардың қиссасын баян ету арқылы тура жолға шақырады. Сонымен қатар, Жаратушы Алланы және Оның елшілерін мойындамаған қауым үшін үлкен азаб барын да ескертеді. Сондай-ақ, Құрандағы қиссалар күллі адамзаттың бір сенім, бір мақсатта өмір сүру керектігін тарихи қырынан қарастыратын иләһи ілімнің қайнаркөзі болып табылады.

Бөлісу21Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ажуа құрмасы туралы не білеміз?

Пікір 2

  1. Мағжан Қайырбеков жазған:
    7 жыл бұрын

    Мына сұрақты мен жолдаған едім. Көп рақмет сіздерге! Табыс тілеймін!

    Жолдау
  2. Ғасыр жасаған қазақ жазған:
    7 жыл бұрын

    Құран қиссалары ғибратқа толы. Әсіресе, пайғамбарлардың өмірі өте қызық.

    Жолдау

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    659
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    89
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    55
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    42

Соңғы жарияланымдар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды
Жаңалықтар

Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығында жасанды интеллекттің дін саласына ықпалы талқыланды

14.06.2026
Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды
Жаңалықтар

Ұлыбритания: Имамның үйіне шабуыл жасалды

14.06.2026
Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді
Сұрақ-жауап

Әбутәліп МУТӘЛІ: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

14.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00