Жексенбі, 2 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Көрші ақысы» дегенді қалай түсініп жүрміз?

20.04.2019
- Қоғам
0
684
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Хадистерде «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болған адам – бізден емес» делінеді. Ал әйгілі ғұлама Әбу Ханифа өзіне пайдасынан зияны көп тиген, үнемі мас күйде жүріп, мазасын алатын көршісін түрмеден босатып алған. Көрші ақысына аса мән берген ғалымның бұл жақсылығына разы болған әлгі кісі Әбу Ханифаның үлгілі шәкірттерінің бірі болған деседі.

Тұтас мұсылман әлемінен бөлек, қазақ даласында да көршіге қатысты аңызға бергісіз хикая көп-ақ. Ыдыс-аяқ, табағы араласып жататын көршісі жайында қазақ халқы «Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық», «Көршіні Құдай, досты Пайғамбар қосады» немесе «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деп Пайғамбардан (с.ғ.с.) жеткен хадисті бір-ақ ауыз сөзбен ұрпағына ұғындырған.

Қазір кейбір ауыл, елдімекендерде болмаса, қалаларда көршілердің қарым-қатынасы жақсы деп айта алмаймыз. Өйткені, бүгінгі зәулім үйлер мен осы заманғы тұрмыс-тіршілік көршілердің қоян-қолтық араласуына мейлінше кедергі болып тұр. Есесіне дін ғұламалары көрші тек үйіңнің маңайында тұратын адамдар ғана емес, күнделікті жұмыстағы әріптесіңіз, бір-екі минут болса да қоғамдық көлікте немесе жолаушылап жүрген кездегі сапарласыңыз, мектеп-университеттегі парталас көршіңіз, тіпті, бір жерде (мәселен, банкте) кезек күтіп тұрған кезде жаныңызда болған адам да сіздің көршіңіз саналады дейді. Яғни, қазақ дүниетанымындағы көрші ақысы жоғарыда аталған адамдарға да қатысты деген сөз. Демек, олармен көркем мәміледе болу, қуанышына ортақтасып, қиындық-қайғысын бөлісуді естен шығармаған жөн. Тіпті, пайдаңыз тимесе де, зияныңыздың тимеуіне қатты көңіл бөлу керек.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, көрші – тек үйі жақын көрші ғана емес, күнделікті жолығып қалатын маңайымыздағы барлық адам. Көрші – дінге, ұлтқа, жасқа, жынысқа бөлінбейді. Яғни, Алла Тағала сізбен кездестірген әрбір пенде – сіздің көршіңіз, сіздің ода, оның сізде көршілік ақысы бар. «Өмірдің адамға ең жақын сыйы – сыйласқан сіз бен біз» деп Төле би бабамыз айтпақшы, көршінің үкіміне кіретін барлық адаммен сыйласып өту – Құдай бұйырған міндет әрі өмірдің мәні.

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

27.07.2026

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026

Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Таңбалар: көршікөрші ақысы
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Исламда көрші ақысы жайлы не айтылған?

06.04.2026
Көршің жақсы болса – тынысың
Қоғам

Көршің жақсы болса – тынысың

29.11.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Әбу Ханифа және мәзһабы

Танымал тақырыптар

  • Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    Қазығұрт атауы қайдан шыққан? Әулиелік нұсқа

    32
  • Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

    26
  • Діни төзімділік деген не?

    24
  • Дінтанушы: Деструктивті діни ағымдармен күресте алдын алу маңызды

    20
  • Жамағат намазында сапты не үшін түзеу керек?

    20

Соңғы жарияланымдар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті
Жаңалықтар

ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

31.07.2026
Жаңалықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жұмыстары жалғасып жатыр

30.07.2026
Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті
Жаңалықтар

Ұлытау: XV республикалық Құран байқауына іріктеу сайысы өтті

30.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00