Жексенбі, 13 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алланы «Құдай» немесе «Тәңір» деп айту дұрыс па?

25.04.2019
- Сұрақ-жауап
2
4.6k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Шариғат бойынша Алланы «Құдай» немесе «Тәңір» деп айту дұрыс па?

Жауап: Әсілі, «Алла» сөзі айырықша есім. Оның орнын басқа ешбір сөз баса алмайды. Құран кәрімде «Алла» атауы ең көп (2800) рет айтылған. Әйтсе де, Құран кәрімде Алла-тағала «Рабб», «Илаһ», «Мәула» деген атаулармен де аталған. Тегі, арабтар жаһилиет дәуірінде пұттарға да осы атауларды қолданған еді. Тіпті, Құран кәрімдегі: «Илаһтарының оларға ешқандай пайдасы болмады» (Һұд, 101), «Пұттарды илаһ деп санадың ба?» (Әнғам, 74) деген аяттарда пұттарға «илаһ» атауы қолданылған. Осы себептен де, Құран кәрімде өткен Хақтың «Рабб», «Илаһ», «Мәула» және т.б. «Алла» сөзінің орнына қолданылған атауларға  қатысты  мутакәллимдер арасында пікірталас жоқ. Сонымен қатар, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетінде Ұлы Жаратушының 99 есімі (әсма-й хусна) аталған. Ғұламалар «әсма-й хуснадағы» есімдер Хақ тағаланың көркем есімдері мен сипаттары болғанымен, дәл «Алла» сөзінің орнын баса алмайды. Бірақ, «Ең әдемі есімдер Алланыкі. Аллаға бұл есімдермен дұға етіңіз» (Ағраф, 180) деген аятты негізге алып, Алланы «әсма-й хуснада» көрсетілген есімдермен атауға болатынын айтады.

«Алланың» орнына «Құдай» және «Тәңір» деген басқа атауларды қолдануға бола ма деген мәселеде мутакәллимдердің көзқарасы екіге бөлінген. Имам Әшғаридің көзқарасынша наста (Құран мен Сүннет) өтпеген атауды Алла сөзінің орнына қолдануға болмайды. Имам Шафиғи да осы пікірді жақтаған. Муғтазали мен Кәррами мәзһабының өкілдерінің пайымынша Алланың мағынасын беретін өзге тілдегі атауды қолдануға болады. Әл-Бақиллани әшғари ақидасында ұстанса да «Алланың мағынасын беретін өзге тілдердегі атауды қолдануға болады» деген көзқарасты құптаған. Имам Тафтазани насты жақтағанмен, бұл мәселеге қатысты нақты пікір білдірмеген.

Түркі тілінде жазылған діни еңбектер Ж.Баласағұнның «Құтадұғу білік», А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы», Қ.А.Ясауидің «Диуани-хикметінде» Алланы «Тәңір» және «Құдай» деп атаған жыр жолдары кездеседі. Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы.Алтынсаринның «Шарайт-ул ислам», А.Құнанбаевтің «Тасдиқ», Ш.Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» рисалелерінде де Алланы – «Тәңір» және «Құдай табарака уа тағала» деп атаған. Халқымыздың сөйлеу дәстүрінде де Алланы «Тәңір» және «Құдай» деп атау жиі ұшырасады. Ескіден осындай үрдістің бар екенін ескерсек, Алланы «Тәңір» және «Құдай» деп атаудың сөлекет емес екенін аңғаруға болады.

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026

Мұхан Исахан

Таңбалар: АллақұдайМұхан ИсаханТәңір
Бөлісу110Твитерге69Бөлісу14Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бір мәрте Алла десе…
Ғибратты әңгімелер

Жүректе екі бірдей махаббат болмайды

21.01.2026
Адамның Алла алдындағы деңгейлері
Ғибратты әңгімелер

Адамның Алла алдындағы деңгейлері

02.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Талғат МАХАНОВ: Қызылордалықтар мемлекеттің дін саясатын қолдайды

Пікір 2

  1. Қарлыға жазған:
    7 жыл бұрын

    Сол сөздердің өзін де жаратқан бір Алла ғой. Қандай ниетте айтып жатқанымызға байланысты сияқты.

  2. Пралиев Ақылбек жазған:
    7 жыл бұрын

    “Тәңірі Құдай жар болсын” дегенді жиі естіп жүрмін. Демек, ешқандай сөкеттігі жоқ.

Танымал тақырыптар

  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    528
  • Қару-жарақ тәркіленді

    518
  • Мешіт құрылысымен танысты

    516
  • Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

    280
  • Ақтөбе: Республикалық Құран байқауы мәресіне жетті

    274

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қажылыққа баруға жағдайы бола тұра, орнына басқа біреуді жіберуге бола ма?

13.09.2026
Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?
Сұрақ-жауап

Жаңбыр жаууында хикмет бар ма?

12.09.2026
Бөтен сенім бедел әпермейді
Видео

Бөтен сенім бедел әпермейді

12.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00