Сейсенбі, 16 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шындықтың 3 негізі

24.11.2018
- Қоғам
0
495
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Шындық – сыртқы жақсылықтың ішкі жан дүниемен толықтай үйлесуі. Шындықтың үш негізі бар, ол: Жаратқанмен шыншыл болуы, адамдармен шыншыл болуы және өз-өзіне шыншыл болуы. Әйтпесе, сырты – бүтін, іші – түтін бейбаққа айналады. Бірінші, шыншылдық – Хақ Тағаламен болған шындық. Бұл дегеніңіз, әрбір құлшылықты тек Алла Тағала разылығын мұрат етіп, ықыласпен жасау. Құлшылыққа рия мен сумғаны араластырмау. Рия – кісі көрсін деп жасау болса, сумға – ел естісін, білсін деп жасалған әрекет. Бұл екеуі де – құлшылықты зая ететін кісі бойындағы кесір. Өйткені, рия мен сумға араласқан амалды Алла Тағала қабыл етпейді.

Екіншісі, адамдармен шыншыл болу. Дүниелік пайданы көздеп, адамдарға өтірік айту – қиянаттың үлкені. Имам Ахмедтің кітабында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

كَبُرَتْ خيانة أن تحدِّث أخاك حديثًا، هو لك مصدِّق، وأنت له كاذب

«Сен бауырыңмен әңгімелескенде ол саған шындықты айтып, ал, сенің оған өтірік айтуың – қиянаттың үлкені»,-деген хадисі риуаят етіледі.

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

Террористік қылмыс жасағандарға рақымшылық берілмейді

15.06.2026

Үшіншісі, өз-өзімен шыншыл болу. Өзінің иманы, ұяты мен ар-намысы алдында шыншыл болу – айыбы мен қатесін мойындай білуі әрі оны түзетуге әрекет етуі. Себебі, шындық адамды барлық пәледен құтқарады.

Тирмизи еңбегінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

دَعْ مَا يَرِيبُكَ إِلَى مَا لَا يَرِيبُكَ ، فَإِنَّ الصِّدْقَ طُمَأْنِينَةٌ ، وَإِنَّ الْكَذِبَ رِيبَةٌ

«Күмәнді қойып, күмәнсізге көш. Анығында, шыншылдық – тыныштық әкеледі, ал, өтірік – күмән тудырады»,-деген сөзі бар. Хадисте шыншылдық адамның жүрегіне тыныштық беретіні, ал, өтірік болса адамның жүрегіне жайсыздық ұялататындығы айтылған.

Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының: «Өтіріктің балын жеп тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген сөзі соны меңзесе керек.

Руслан ҚАМБАР

Таңбалар: ақиқатбауыржан момышұлышындық
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы” атағы берілді
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлына “Халық қаһарманы” атағы берілді

25.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Есалаңның есті насихаты

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.3k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    662
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    91
  • Қауіпсіз сана – қауіпсіз бала

    58
  • Тақ үстінде дәруіштік жол бола ма?

    43

Соңғы жарияланымдар

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі
Қоғам

Қазақ тарихындағы өнегелі тұлғалар – бүгінгі ұрпаққа үлгі

16.06.2026
Түс шариғи дәлел бола ала ма?
Сұрақ-жауап

Түс шариғи дәлел бола ала ма?

16.06.2026
Отандық діни білімнің игілігі
Видео

Отандық діни білімнің игілігі

16.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00