Жұма, 7 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Көңіл қайтсе ағармақ?

15.11.2018
- Ғибратты әңгімелер
0
322
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір күні біреу Қожанасырға үйінің тарлығын айтып шағымданып, бір шарасын табуға көмектесуін сұрапты. Қожанасыр әлгінің әңгімесін тыңдап болған соң:

– Егер менің айтқандарымды соңына дейін тыңдап, ақылымды орындайтын болсаң, онда айтайын. Егер оған көнбесең, онда жүре бер, – депті. Әлгі де келісе кетіпті. Содан Қожанасыр кеңесін беріп, былай депті:

– Қазір үйіңе бар да, қораңдағы ешкіңді үйіңе ал, – депті. Сөз берген соң, не етсін, әлгі адам да үйіне барып, қорадағы ешкісін үйіне кіргізіп алады екен де келесі күні Қожанасырға қайтып келіп:

– Қожеке, ешкімді алғаннан мәселем екі есе артты, – деп тағы да шағымданады. Қожанасыр тыңдап болған соң:

Тарихқа тағылым болған әділет

Тарихқа тағылым болған әділет

05.08.2026
Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

23.07.2026

– Енді ешкіңнің қасына тауығыңды да кіргіз, – деп бұйырады. Әлгі Қожекеңнің айтқанын екі етпей жасап, келесі күні қайта келеді.

– Қожеке, үйім тарылғанның үстіне тарылып, мәселем одан сайын өршіп кетті, – дейді. Қожанасыр бұл жолы әлгіге:

– Енді бар да, сиырыңды да үйіңе кіргіз, – дейді. Сөз берген соң көнеді де…

Үйінің тарлығын шағымдана келген әлгі енді тар үйінен сиырына да орын тауып береді. Бірақ ертесі күні шыдамы шегіне жетіп, жарылуға шақ қалып Қожанасырға келеді.

– Бұдан әрі шыдай алар емеспін, шыдамның да шегі бар, – дейді. Қожанасыр бұл жолы:

– Бүгін кешке үйіңнен ешкіңді шығар, – дейді. Ертесі күні әлгі адам Қожанасырға келіп, жағдайының біршама жақсарып қалғанын айтады.

– Бұл жолы үйіңнен тауығыңды шығар, – деп шығарып салады кеңес сұраушысы.

Келесі күні әлгі адам келіп, тағы да жақсарып қалғанын айтады. Үшінші күні келгенде Қожанасыр:

– Бұл жолы үйіңе бар да, сиырыңды шығарып, үйіңді жақсылап бір тазала, – дейді. Әлгі адам Қожанасырдың айтқанындай сиырын шығарып, үйін жақсылап тазалап, келесі күні қайтып келеді де:

– Ой, Қожеке! Үйім кеңейіп, тамаша боп қалды ғой! Қазір аяқты созып қойып, рахаттанып жататын болдық, – деп Қожанасырға рахметін жаудырып кетеді.

***

Қожанасырдың қиссасынан не ғибрат алдық, соны айтайық…

Кейде көңіл сарайымыз да тарылып, мына дүниеге сыймас боламыз. Қазақта «көңіл сыйса, бәрі сыяды» деген сөз бар. «Көңіл сыйса» емес, дұрысы «көңілге сыйса» болуы керек-ау. Себебі, көңіл кең болғанда ғана бәрі сыймақ. Ал, көңіл тар болса, ондай жан еш жерге, ешкіммен сыйыспақ емес.

Көңіл неге тарылады? Көңіл нәпсінің арсыз қалауларымен толғанда тарылады. Қожанасырдың қиссасындағы астар да осы еді. Көңіл хайуани сипаттармен безенген  нәпсілік қалауларға толған кезде көркем қасиеттерге орын қалмайды. Қызғаншақтық, көреалмаушылық, сараңдық, арамдық, алаяқтық, дүниеқоңыздық, нәпсіқұмарлық, жыртқыштық, жауыздық, қомағайлық, еріншектік, жалқаулық, ашкөздік, қулық секілді хайуани сипаттарды қонақ еткен көңілден кең пейілділік, жомарттық, адалдық, ақ жүректік, сабырлық, ынсапқорлық, әділеттілік, шыдамдылық, көркем мінезділік секілді игі қасиеттерге орын табылмайды.

Сондықтан да, көңіл әуелі осындай сұрықсыз сипаттардан арылып, тазаруы тиіс. Сонда ғана көңілге ізгі қасиеттер орнап, ақкөңіл жан болмақ. Сол кезде ғана көңіл кем болмай, кең болмақ.

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Таңбалар: қожанасыр
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Қожанасырдың үйі неге құлады?

25.12.2018
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ең көп маһр алған келіншек

Танымал тақырыптар

  • Мешіттің есепшісі

    Мешіттің есепшісі

    43
  • Абай – кемел мұсылман

    20
  • ШҚО: Әйел-қыздар секторы ұстаздарының қатысуымен тағылымды кездесу өтті

    18
  • Исламда пікір айту әдебі бар ма?

    17
  • Қызметке адал болу – көркем мінез көрінісі

    16

Соңғы жарияланымдар

Күлтөбе қалашығының көшпелі көрмесі ашылды
Жаңалықтар

Күлтөбе қалашығының көшпелі көрмесі ашылды

06.08.2026
Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды
Жаңалықтар

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды

06.08.2026
Исламда жалқаулықтың орны қандай?
Сұрақ-жауап

Исламда жалқаулықтың орны қандай?

06.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00