Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ халқының Ислам дінін қабылдауына әсер еткен бірден-бір фактор не деп ойлайсыз?

22.10.2014
- Сұрақ-жауап
0
281
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әбу Ханифа Нұғман ибн Сәбит (80 150699-767) –  көрнекті Ислам ғалымы. Атақты сунниттік Ханафи мәзһабының негізін салушы. Ол жер бетіндегі миллиондаған мұсылмандар үшін  «Имам Ағзам»  деген құрметті атаққа ие. Оның мәзһабын ұстанатын мұсылмандар дүниенің түкпір-түкпірінен кездесіп жатады. Әрі сунниттік жолдағы мұсылман қауымының басым көпшілігі осы мәхзһабты ұстанады. Иә, Орталық Азия және Дешті-Қыпшақ мұсылмандары ежелден осы Ханафия мәзһабын ұстанып келеді. Дегенмен, тарихи деректерді саралайтын болсақ, орта ғасырлардағы түрлі саяси оқиғаларға байланысты Ислам дінінің атын жамылған мутазалия, кайсания-мубайдия, карматия, исмайлия, шафия секілді ағымдардың Орталық Азияда төбе көрсетіп отырғаны байқалады. Алайда, Орталық Азия мен Дешті-Қыпшақты мекен еткен түркі халықтары Ислам атын жамылған түрлі бағыттардың бәрін тәрк етіп, Ханафи мәзһабына таңдау жасады. Өйткені, оның өзіндік тарихи һәм ділдік себептері бар. Әлбетте, тарихи себеп ретінде Имам Ағзамның бел шәкірті Мұхаммед Шайбанидің Орталық Азияға тақау Хорасанда қазылық қызмет жасап, шәкірт тәрбиелеп, осы өңірде Ханафи мәзһабының қанат жаюына еңбек сіңіргенін негізге аламыз. Ал, ділдік тұрғыдан алғанда Ханафи мәзһабының құндылықтары түркі халқының дүниетанымымен, ойлау жүйесімен, өмір сүру салтымен терең үндестік табатынын негізге аламыз. Әсілі, Ханафи мәзһабында догматика мен буквализмнен көрі қажет кезде ақыл мен қисынды қолдана отырып құқықтық үкім беруге басымдық берілген. Бұл әдісті Ханафи мәзһабында қияс және истихсан деп атайды. Сондай-ақ, Ханафи мәзһабы әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігінің сақталуына барынша мүмкіндік береді. Айталық, Ханафи мәзһабында ұлттардың дін негіздеріне қайшы емес әдет-ғұрпының сақталуына жағдай жасалған. Мысалы, Ханафи мәзһабында әдет-ғұрыптар «сахих» және «фасид» болып екіге бөлінеді. «Сахих» әдет-ғұрыпта Құран мен Сүннетке қарама-қайшылық болмайды. Ал, «фасид» әдет-ғұрыптың дініміздің негіздеріне қайшы тұстары болады. Шынтуайтында, Қазақ халқы мың жылдан астам уақыттан бері Ислам дінін ұстанып келеді. Яғни, Ислам дінін сан ғасырдан бері ұстанып келе жатқандықтан, халқымыздың ескі әдет-ғұрыптары шариғат сүзгісінен өтіп, дін негіздеріне қайшы емес салт-дәстүрлеріміз ғана сақталып қалды. Осы тұста ерекше айта кетітін жәйт – Қазақтың әдет-ғұрып заңын зерттеуде әріптестеріміз (құқықтанушылар) билердің шешендік һәм тапқырлықпен үкім беруін англо-саксондық құқықтық жүйедегі сот прецедентімен байланыстырып жүр. Бұл түбірімен қате тұжырым. Себебі, біздің билердің кесім айту әдіснамасы англо-саксондық жүйедегі сот прецедентіне ұқсағанымен, екі құқықтық жүйенің арасында ешқандай тарихи байланыс болған емес. Тегінде, билердің шешендік һәм тапқырлықпен үкім айтуы – Ханафи мәзһабындағы «хила», яғни, шариғат құптаған айла әдісіне негізделген. Кеңес дәуірінде Исламды құндылық ретінде мойындауға шектеу қойылғандықтан, зерттеушілеріміз әдет-ғұрып құқығының түп-негізін басқа қайнар-көздерден іздеуге мәжбүр болды. Ал, шындап келетін болсақ, билердің даналықпен үкім беруіне – Ханафи құқығындағы хила әдісі әсер еткен. Қажет болса, біз бұл пікірімізге жүздеген бұлтартпас дәлелдер келтіре аламыз. Демек, би-қазыларымыздың хила әдісіне жүгінген болса, онда біз дәстүрлі әдет-ғұрып құқығымызды Ханафи мәзһабының ажырамас бөлшегі ретінде қарастыруға тиістіміз. Яғни, Ханафи мәзһабы – Қазақ  халқының табиғи бітім-болмысының сақталуына және көшпелілердегі қоғамдық қатынастың оң реттелуіне мол мүмкіндік бергендіктен де бабаларымыз бұл мектептің канондық негіздерін өмір сүрудің үлгісі ретінде таңдап алды деп айта аламыз.

О молитве джамаатом после намаза

Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

23.10.2026
Толерантность: Понятие, значение и его ценность

Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

22.10.2026
Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Орталық Азия кеңістігінде Ханафи мәзһабының қандай тұлғалары өмір сүрді?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00