Жексенбі, 3 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жалпы ғылымда «Ислам эконоимкасы» деген термин қай уақыттан бастап қалыптасқан? Толық мәліметті қайдан алуымызға болады?

16.09.2014
- Сұрақ-жауап
0
275
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Исламдағы тәпсір, хадистану, фикһ, ақида, ахлақ т.б салалар ғұламалардың зерттеуімен дамып, кейін жеке пән болып қалыптасқаны секілді Ислам экономикасы пәні де кейін пайда болды. Жалпы, басқа діни ғылым салалары секілді Ислам экономикасының негіздері Құран және Сүннетен бастау алады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Мәдина қаласына көшіп барып, онда дербес саяси құрылым құрған шақта, Ислам дініне тән экономикалық реформа да жүргізген. Бірақ, Ислам ғұламалары Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) экономикалық реформасын фиқһ ғылымының аясында қарастырғандықтан, классикалық еңбектерде «Ислам экономикасы»  термині бөлек ұғым ретінде аты аталмайды. Осы себептен де Құран мен Сүннетте өзіндік ерекшелікке ие нақты экономикалық үлгінің жоқтығын немесе Ислам экономикасы туралы мәліметтердің айқын емес екенін алға тартатындар жоқ емес. Алайда, Құранда намаз құлшылығы «солат» сөзі арқылы баяндалғанымен, бұл сөздің мән-мағынасы ашып көрсетілмегендіктен, бұдан біз Исламда намаз жоқ деп айта аламыз ба? Жоқ, айта алмаймыз. Сол секілді Құран мен Сүннетте «Ислам экономикасы» атты кесінді үлгінің айтылмағынына қарап, «Ислам экономикасы» деген ұғым да жоқ деп айта алмаймыз. Әсілі, Құранда намаз жайлы бірнеше аят қана берілсе, экономикалық мәселелер жайында жүздеген аят бар. Яғни, «Ислам экономикасы» жоқ деп айтуымыз – Ислам дінінде намаз жоқ деумен пара-пар.

Нағында, ғылымда «Ислам экономикасы» термині алғаш рет ХХ ғасырдың басында Үндістан түбегінде пайда болған. Осы кезеңде үндістандық мұсылман ғалымдары Батыс мәдениеті мен ағылшындардың үстемдігінен тәуелсіз болу үшін Ислами экономикалық көзқарастарды дәстүрлі фиқһ еңбектерінен бөлек, қазіргі заманғы экономикалық ұғымдар тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Осының негізінде бертін келе бұл термин Ислам әлемінде де кеңінен қолданыла бастады. Ал, Еуропа елдеріне «Ислам экономикасы» түсінігін түп-тегі пәкістандық Мұхаммед Хамидуллаһ (Түркия мен Францияның университеттерінде жұмыс істеген) алып барды. Алғашқы «Ислам экономикасы» атты еңбектің де авторы осы М.Хамидуллаһ болатын. 

Ислам экономикасының дамуына мұсылман мемлекеттері бірлесіп құрған халықаралық ұйымдардың да әсері болды. Соның бірі – 1970 жылы Жидда қаласында шымылдығын түрген «Ислам Конференциясы» ұйымы еді. Алғашқыда 26 мемлекет мүше болған бұл ұйымның құрамында қазіргі күні 57 мемлекет бар. Бұдан өзге Жиддадағы Мәлік Абдулазиз университетіндегі, Ислам даму банкі, Кипр Халықаралық Ислам банк ісі және экономикасы институтында, Исламабад және Малайзия Ислам университеттерінде ашылған «Ислам экономикасын зерттеу орталықтары» бұл саланы дамытуға  мол үлес қосып келеді. Сондай-ақ, «Ислам Конференциясы» ұйымының аясында құрылған «Халықаралық Ислам экономистерінің қоғамы» да Ислам экономикасын әлемдік деңгейде зерттеуге баса назар аударып келеді.

«Ислам экономикасының» проблемаларын бүгінде жазылып жатқан сандаған докторлық диссертациялардан оқып білуге болады. Ал, танымдық мәліметті Уаһба Зухайлдың «Фикһ энциклопедиясының» 5-, 6-, 7-томдарынан оқып біле аласыз.

Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

27.04.2026
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет аларда қандай мәкрүһ амалдарға жол бермеу керек?

24.04.2026

Жалпы, Ислам экономикасын бүгінде мұқым ғалам назарын аударған тың ғылым саласы деуге болады. Әсіресе, соңғы жаһандық экономикалық дағдарыстардан соң Батыс әлемі Ислам экономикасын тоқырауға түспейтін экономикалық үлгі ретінде бағалай бастады. Өйткені, Ислам экономикасы –  аяттар мен хадистердің негізінде жасалған мінсіз экономикалық үлгі болып табылады. 

 

Таңбалар: Мұхан Исахан
Бөлісу7Твитерге4Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы
Ислам

Иттифақ-ул-муслимин – Ресейдегі алғашқы мұсылмандар одағы

22.08.2023
Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев
Ислам

Мұсылмандар бюросының мүшесі – Жұбаныш Бәрібаев

17.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алмас Біләл: «Осындай өнеріміз болғанын біреу білсе, біреу білмейді»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы

    Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

    2 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1
  • Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

    2 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1
  • Сәлемдесу аллеясы

    1 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0
  • Дипломсыз медресе – дүбара дін

    1 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0
  • Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

    1 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0

Соңғы жарияланымдар

Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Жаңалықтар

Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады

02.05.2026
«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті
Жаңалықтар

«Рухани кітап айлығы» марафонына қатысты жиналыс өтті

02.05.2026
Қоғам

Қалалану қарқыны

02.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00