Бейсенбі, 10 Шілде, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәселеге қатысты түрлі пікір білдірген жағдайда ең дұрыс пікірді таңдаудың белгілі бір қағидалары, жолдары бар ма?

03.09.2014
- Сұрақ-жауап
0
170
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ханафи мәзһабында ғылыми тереңдігі мен жеке тұлғалық қасиеті мен мәзһабтың қалыптасуы тұрғысында имам Ағзам Әбу Ханифаның беделінің жоғарылығы күмәнсіз. Сонымен қатар аты айтып тұрғандай ханафи мәзһабы тек қана Имам Ағзамның көзқарасынан тұрмайды. Тарихи даму барысында түрлі даму сатыларынан өтіп, әр кезеңде түрлі беделді ғалымдар тарапынан көзқарастар дамытылып, мол мұра қалыптасқан. Уақыт талабына қарай түрлі жаңа көзқарастар пайда болып, ақыр соңында бұлардың бәрін жүйелі түрде қолдану үшін ханафи мәзһабының өз ішінде көзқарастарды таңдау тәртіптерінің белгіленуі ді заңды құбылыс. Ендігі кезекте осыларға тоқтала кетейік.

  1. Кітаптар тұрғысынан таңдау. Таңдалатын көзқарасты анықтау барысында ол көзқарастың қай қайнаркөз кітаптарда орын алғандығы маңызды болып табылады. Бірінші кезекте имам Ағзам Әбу Ханифа, Әбу Юсуф және имам Мұхамметтен риуаят етіліп имам Мұхамметтің «заһирур-риуая» деп аталатын алты («Мабсут», «Зиядат», «Жамиус-сағир», «Жамиул-кабир», «Сиярул-кабир», «Сиярус-сағир») кітабындағы осы үш имаманың көзқарасы негізге алынады. Ал осы кітаптардың ішінде бір мәселеге қатысты әр-түрлі көзқарас болса, олардың жазылу кезеңдеріне мән беріледі. Олардың арасында ең алғаш жазылғаны «әл-Мабсут», ал соңғы жазылғандардың бірі ретінде «әс-Сиярул-кабир» саналады. 
  2. Имамдар тұрғысынан таңдау Таңдалатын көзқарастың кімге тән екендігі де маңызды рөл ойнайды. Зәрулік жағдай орын алмаса, қағида бойынша мәзһабтағы имамдардың бір ауыздан келіскен көзқарас негізге алынады. Ал мәзһаб имамдары бір мәселеге қатысты түрлі көзқарас білдірген жағдайда мына тәртіп негізге алынады. 
  • Бір мәселеге қатысты түрлі көзқарастар білдірілсе алдымен имам Ағзамның көзқарасы таңдалады. Егер ол мәселеге қатысты Имамның көзқарасы жоқ болса, алдымен Әбу Юсуфтың, сосын имам Мұхаммедтің, содан кейін үлкеннен кішіге қарай Зуфар мен Хасан ибн Зияд секілді ғалымдардың көзқарасы таңдалады. Имам Зуфар мен Хасан ибн Зиядтың деңгейлерінің бір екендігі де айтылады. 
  • Бір мәселеде имам Ағзам мен екі шәкіртінің ойлары келісімді болса, ол пәтуадан шегінуге болмайды. 
  • Сахибәйн деп аталатын екі шәкіртінің (Әбу Юсуф пен Мұхаммед) бірі имам Ағзаммен бір көзқарасты ұстанса, Әбу Ханифаның көзқарасы таңдалады. 
  • Бір мәселеге қатысты мәзһаб имамдарының көзқарасы жоқ болып, кейінгі келген ғалымдар ол мәселеге бір ауыздан келіссе, соған қарай пәтуа беріледі. 
  • Кейінгі ғалымдардың пікірі әр түрлі болса, көпшілік ғалымдардың көзқарасы таңдалады. 3. Тақырыптық тұрғыдан таңдау 
  • Кейбір ерекше жағдайлардың тысында мәселе құлшылыққа қатысты болса, онда имам Ағзамның көзқарасы таңдалады 
  • Мәселе сотқа, мирасқа және куәліктерге қатысты болса, Әбу Юсуфтың ойы алға шығады. 
  • Мәселе туыстық қатынастарға қатысты болса, Мұхаммедтің ойы алға шығады. 
  • Үшеуінің келісімі бойынша истихсан тәсілі қияс тәсілінің алдына шығады. Қияс ижмағ пен ғұрыпқа қайшы болған жағдайда истихсан қиястың алдына шығады. 
  • Кейбір жағдайлардың тысында екі көзқарастың бірі мұсылманды күпірлікпен айыптаудан сақтаса, әлсіз болса да сол көзқарас таңдалады. 
  • Бір мәзһабтағы үкімді басқа мәзһабтың үкімімен жарамсыз ету дұрыс емес. 
  • Өз мәзһабы бойынша қате істелген құлшылықты қайта атқармауы үшін, басқа мәзһабтағы «дұрыс» деген үкімге сүйену дұрыс емес. 
  • Бір мәзһаб бойынша істеліп жатқан құлшылық сол мәзһаб бойынша аяқталуы уәжіп. 
  • Бір мәселеге қатысты «дұрысы мынау», ал «пәтуа» мынау деген екі ой кездескенде пәтуа алға шығады. Өйткені, ханафи мәзһабындағы «Заһирур-риуая» дәрежесіндегі мәтіндерде ыждағатты бекіген «пәтуа» ұғымы «сахих» ұғымынан күштірек. «Биһи юфта» (пәтуа осы бойынша беріледі) сөзі «әл фәтуа әлейһ» (пәтуа осы бойынша) сөзінен күштірек. «Асахх» сөзі «сахихтен», ал «Әхуат» сөзі «Ихтиат» сөзінен қуаттырақ. 
  • Мұқтаждық қысқан ауыр күй тумаса, мүфти әлсіз сөзбен үкім айтпайды және пәтуа бермейді.

Исламда адалдық туралы не айтылған?

09.07.2025

Дәреттің парыздары мен сүннеттері қандай?

08.07.2025
Таңбалар: Алау Әділбаев
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет
Видео

Қайырымдылық – қанға сіңген қасиет

07.12.2023
Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы
Видео

Ихсан мектебін дамыту – заман сұранысы

03.11.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Жаназа намазын оқуға болады ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Медресеге қалай түсуге болады?

    479 бөлісті
    Бөлісу 191 Твитерге 119

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады
Жаңалықтар

Израиль мен ХАМАС Газадағы атысты тоқтату бойынша келісімге келе бастады

10.07.2025
Шәкірттің талабы
Ғибратты әңгімелер

Шәкірттің талабы

10.07.2025
Тарихшы: Кәмпескелеу мен ашаршылықтың ақиқаты әлі толық ашылған жоқ
Жаңалықтар

Тарихшы: Кәмпескелеу мен ашаршылықтың ақиқаты әлі толық ашылған жоқ

10.07.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00