Время намаза

Намаз уақыты / Время намаза

Тег: дін

Досай Кенжетай: Ненің бұрыс, ненің дұрыс екені айқындалады

«Заң бойынша дінді насихаттауға кез келген азамат құқылы. Бірақ насихаттаудың да шегі мен тегі анық болу керек. Мысалы деструктивтік діни ағымдарды насихаттауға, олардың идеологиясын таратуға тыйым салу шарт». Бұл туралы еліміздегі танымал дінтанушы, профессор, теология – философия ғылымының докторы, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ғылыми – зерттеу орталығының директоры Досай Кенжетаймен сұхбаттасқанымызда мәлім етті. Қазіргі уақытта дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, қоғамда талқылануда. Діни радикализмнің алдын-алудағы шаралар бірауыздан қолдау тапқанымен, сарапшылар арасында түрлі пікір бар. Бұл ретте біз Д.Кенжетай мырзамен әңгімелесіп, пікірін білген едік.

Зайырлылықтың атеизмнен айырмашылығы неде?

Зайырлылықтың атеизмнен айырмашылығы неде? Исламда зайырлылық туралы түсінік бар ма?

Зайырлылық атеизм бе?

Бірден ашық айтайын, Зайырлылық  атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – толерантты және ашық қоғам. Зайырлы қоғамда дінге сенушілерге өздері  ұстанатын дәстүрлі діндерінің діни ұстанымы бойынша құлшылық жасауларына қолдау көрсетіліп отырады.

Қазақ ойшылдарының дәстүрлі діни дүниетанымы

Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы Құран-кәрім, Хадис-шәріп, Шариат секілді исламның қайнар көздерiден бастау алып, дәстүрлі ислам арнасында қалыптасты. Жалпы дәстүрлі ислам дегенде, Қазақстан жеріне ислам Хижаз бен Хорасан жерлерінде қатаң әһл әл-хадис мектебіне тән ортодоксалдық күйінде тарала қойған жоқ. Жергілікті  мұсыл­ман жамағатының басым бөлігі діни ұстанымы мен көзқарастарында ақидада самарқандық матуридилік ілімді, фыкхта ханафилік мазхабты  бас­шылыққа алады. Құлшылық, ғиба­дат­тарында ата-баба жолын ұста­натындықтан, оларды «дәстүрлі мұ­сылмандық сенімдегілер» деп атау әдетке айналған.

Дін және құқық

Бір-бірімен бірігіп қоғам түзіп, елдікке ерікті жұмсаған адам баласы қауымдық немесе дала заңдарымен қатар, Жаратшы жіберген елшілері мен пайғамбарлары арқылы діни заңнамалармен толықты.

Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі

Орта Азиядағы ғылым мен мәдениеттің іргетасы ислами құндылықтарымен сабақтасып,осы аймақта ислам дінін дәлел-дәйектерімен түсіндіретін атақты ғалымдар шыға бастады. Соның бірегейі имам Матуриди.

Имам әл-Матуриди және кәлам ілімі

 

 

 

Әбу Мансур әл-Матуриди деп танылған Әбу Мансұр Мұхаммед б. Мұхаммед б. Махмуд әл-Матуриди, Мауараннахрдағы Самарқанд қаласының маңындағы Матурид елдімекенінде дүниеге келген.

Қазақтың ақидасы

 

 

 

Сөз – Құдіреттің елшісі. Танылып бітпеген нақыл қазақта көп. Соның бірінде «Күн нұры – тары, дін нұры – тау» деген екен даналығы иманға суарылған халқымыз.

Матуриди өмірі мен мектебінің қалыптасу кезеңдері

Бүгінгі әлем мұсылмандарының 90 пайызын сунниттер құраса олардың жартысынан көбі Ханафи мәзһабын ұстанады. Ал олар имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады.

Имам Матуриди Имам Ағзамнан кейінгі үлкен ғалым

Имам Матуриди өмір сүрген кезең Аббаситтер мемлекетінің әлсіреп, соның нәтижесінде бірқатар Ислам мемлекетінің пайда болған уақытпен тұспа-тұс келді.

Көп қаралғандар

Соңғы жарияланымдар