Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пушкиннің тіліндегі қасиетті Құран

12.10.2020
- Қоғам
0
648
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өткен мақалаларымызда шетелдіктердің Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы ойлары, сондай-ақ шығармалары озық классикалық еңбектер арасына кірген кемеңгерлердің бірі – Й. Гётенің Исламға деген сүйіспеншілігі жайлы жазған болатынбыз. Бүгінгі мақаламыз орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің қасиетті Құранға деген қызығушылықтары жайлы болмақ.

Тегі Карфаген патшасы Ганнибалға дейін созылған Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Орыс реалистік бағытының негізін қалаған ақын, драматург, прозашы, әдебиет сыншысы әрі теоретигі, тарихшы, публицист А.С. Пушкин – XIX ғасырдың ортасына дейінгі ең беделді әдеби қайраткерлердің бірі болған.

Әкесі орыс патшасы Ұлы Петрдің сарайында маңызды орынға ие жандардың бірі еді. Сол себептен ұлына өте жақсы білім берген.

Пушкиннің анасы Надежда Осипованың үлкен атасы – эфиопиялық  Авраам Петрович Ганнибал. Ол орыс патшасы І Петрдің шомылдыру рәсімінен өткен ұлы әрі патша әскерінің белді офицері болған. Сондай-ақ, ақсүйектер отбасының мүшесі.

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

07.09.2026

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026

Пушкиннің анасы мен әкесі білімді адамдар болған. Болашақ ақын алғашқы білімді француз губернаторларынан алды. Ол сегіз жасында француз және орыс тілдерін үйренген. 11 жасында француз әдебиетіне деген қызығушылығы артып, онда либертариандық және сатиралық жазушыларды ұнатады, француз өлеңдері мен комедияларын жаза бастайды.

Жастайынан зеректігімен көзге түскен ол, аз уақыт ішінде ұлы орыс ақыны ретінде танымал болып, беделі асқақтайды. Сондай-ақ, қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалаушы ретінде саналады. Оның орыс әдебиетіндегі орнын зерттеушілер мынадай пікір қалдырған:

«Пушкиннің 10 жылда орыс әдебиетіне қосқан үлесін, оған дейінгі әдебиетшілер 100 жылда да жасай алмаған… Оның дамытқан әдебиеті, өзінен бұрынғы жасалған барлық орыс әдебиетіне тең»

Ақынның өлеңдері ұлы композиторлар тарапынан құрастырылып жазылған. Ал, шығармалары жыл сайын Ресейде 15-20 млн данамен басылып, кітабы 104 шет тілінде оқылуда.

Міне, күллі әлем мойындап, жақсы көрген Пушкин 1824 жылы бір ауылдық жерде қамауға алынған кезінде Құранды зерттеуі, оның өмірінің ең әсерлі әрі шабытты күндеріне айналған еді. Оның қолында арабша түпнұсқасынан алыс және діни мағынасы толық берілмеген қасиетті Құран аудармасы болса да, данышпан ақынның рухы мен жан дүниесін тебірентіп жібереді.

Құран аяттары баураған пікірлер мен керемет ойлары оны одан әрі шабыттандыра түседі. Рухани сезімге қанық болған көңілі иләһи көкжиекке жақындата түседі. Соңында нұр тамшылары хәлінде жауған шабыт жауыны оған ұзын өлең жолдарын жаздыртуға итермелейді.

А.С. Пушкиннің «Құранға еліктеу» (Подражание Корану) атты бұл өлеңі, қасиетті кітабымыз Құран Кәрім жайлы ой-пікірлерінің бейне таза кіршіксіз көңілі мен құрметін аңғартып тұрғанын байқауға болады.

Құранға еліктеу…

Жер жүзі тұрақты да мығым…

Ал аспан – көк күмбез.

Сенсің, ей, Жаратқан Ием!

Сенсің ұстап тұрған баршасын…

 

Теңіздер құрлықты жеңе алмас,

Теңіздер де жердей бола алмас…

Олардың астында қапылып қалудан

Сенсің бізді қорғайтын, Сен…

 

Ол – Рахым иесі…

Ол – Рахман…

Құраны нұрын шашқан

Мұхаммедке түсірген – Ол…

 

Оның айдынына бет бұралық,

Оның нұрынан нәр алалық бәріміз…

Перделер, перделер, түссін перделер,

Шел басқан көзімізден кетсін кедергілер…

Құранмен арамыздағы бетперделер,

Шешілсін тек, бірер-бірер…

Дайындаған Руслан БЕГЕН

Таңбалар: Құранөлеңпоэзия
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құранда жәндіктер жайлы не айтылған?
Сұрақ-жауап

Құранда жәндіктер жайлы не айтылған?

17.06.2026
Сұрақ-жауап

Құранда қандай тақырыптар қамтылған?

15.06.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Басқа қайғы-қасірет келсе, не қылмақ керек?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Махаббатқа толы жүрек

    31
  • Отбасы күніне арналған апталық саналы ата-ана болу тақырыбында өтіп жатыр

    19
  • Ислам діні зұлымдыққа жол аша ма?

    18
  • Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті

    17
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын институт

    16

Соңғы жарияланымдар

Зайырлылықтың үш үлгісі
Сұрақ-жауап

Мемлекет пен діннің қызметі қандай?

15.09.2026
Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды
Жаңалықтар

Түркі мемлекеттері мүфтилері бірлескен мәлімдемелерге қол қойды

15.09.2026
Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Жаңалықтар

Хуситтер Сауд Арабиясындағы әуе базасына шабуыл жасағанын мәлімдеді

15.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00