2021 жылғы 17-18 маусымда Қарағанды облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары Халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді.

РАТТ жұмысына білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар –  М.Қайргалиев., Г.Раздықова., И.Бердалиев., Р.Сыздықов тартылды. Сондай-ақ өкізілген жұмысқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі Е.Кенжехан қатысты.

РАТТ мүшелері Қарабас кентінің тұрғындарымен, Топар кентінің жастарымен және «ҚР Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің Қарағанды-сұрыптау станциясындағы полицияның желілік бөлімі» ММ -ің құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен сондай-ақ, Қарағанды облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен, Қарағанды қ. АК-159/18 сотталған азаматтармен жалпы профилактикалық жұмыс  және т.б. кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 290 – ға жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Наиб имам теріс ағымға қарсы иммунитет қалыптастыруға жол сілтеді

Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылы мен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, дін саласындағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ арасында дәстүрлі діни сананы қалыптастырудағы тиімді және жүйелі жұмыс бойынша жаңа әдістер, идеялар мен ұсыныстар, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру, жастармен жұмыс кезінде тәжірибе және арнайы дағдылар алмасу мәселелері талқыланды.

10 ПІКІР

  1. Я поддерживаю данную идею. Ведь такие мероприятия проводимые на тему экстремизма очень важны, так как на сегодняшний день это очень актуальная тема. Нужно слышать и слушать такие лекции, которые дают нам остерегаться и оберегаться.

  2. Бұндай іс-шаралар өтуі өте маңызды. Себебі казіргі таңда экстремизм мәселесі тым қатты күшейіп кеткен. Осындай іс-шараларға қатысып, міндетті түрде тыңдай білу қажет. Бұл ең бір ауықымды ахуалдардың бірі деп ойлайымын.

  3. Жастардың арасында және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, полиция департаментінің қызметкерлеріне дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жиірек ұйымдастыру керек деп есептеймін

  4. В настоящее время республиканские информационно-разъяснительные группы должны проводить информационную разъяснительную работу среди населения, среди молодежи

  5. Больше всего страдает религия, в которой действуют экстремисты. Они пытаются создать впечатление, будто они работают на религию, используя уважение и веру людей к религии в своих собственных целях. Большая разъяснительная работа по этому поводу предотвратит его опасность.

  6. Интернет желілерде қазіргі таңда, дінге байланысты көптеген деректер шығып отырады. Діни ұйымдар мен деструктивтік діни ағымдар көптеп кездеседі. Сол үшін ата-аналар балаларын, әсіресе олардың әлеуметтік желілерін қадағалап отырулары керек, өйткені олар деструктивті діни ағымдарды өздерінің қатарына тартуға бағытталған жарнаманың жетегінде кетуі әбден мүмкін.Сол үшін осындай іс шараларды үнемі өткізіп отыру керек.

  7. Діни экстремизм үшін харам мен халал, өзіңе қалағаныңды басқаға да қала деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.

  8. Шыныменде осындай шараларды өткізіп отыру керек. Себебі, қазіргі таңда іни экстремистік топтар көбейіп жатыр.
    Жастардың діни сауатты болғаны дұрыс. Деструктивті діни ағымдар қандай болады, олардың басты идеологиясы не екенін түсіндіретін іс шаралар өткізу керек.

  9. Супер. Осындай іс-шаралар жиі болғанын қолдаймын. Сауаттану, дұрыс бағытты көруге, мазалап жүрген сұрақтарға дұрыс жауап табуға, дұрыс шешім қабылдауға осындай жиынның пайдасы зор.

  10. Осы сынды іс-шаралар көбейе берсе, халқымыз сауаттана түсіп, деструктивті ағымдардың ықпалы әлсірейді деп ойлаймын.

Пікір жазу