Бейсенбі, 15 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Артур ЛАСТАЕВ: Адам құқығы өмір сапасынан көрінуі қажет

15.10.2026
- Сұхбат
0
7
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кейінгі жылдары Омбудсмен институтының қызмет ауқымы едәуір кеңейгені белгілі. Айталық, азаматтардың өтініштерін қарау, бақылауындағы мекемелерге мониторинг жүргізу, құқықтық ағарту, халықаралық ынтымақтастық пен сараптамалық жұмыс жаңа деңгейге көтерілді. Енді ұлттық құқық қорғау институтының алдында цифрлық өзгерістерге бейімделу, жастардың, әйелдердің, өзге де топтардың құқықтарын қорғауға қатысты жаңа міндет­тер тұр. Осы орайда аталған инс­титут жұмысының алдағы басым бағыттары мен жаңа кезеңдегі міндеттері туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур ЛАСТАЕВПЕН әңгіме­лес­кен едік.

– Артур Ермекұлы, алдағы кезең­де қандай міндеттерге басымдық бересіз? Омбудсмен институтының қызметінде өзгерістер болуы мүмкін бе?

– Бұл қызметке қайта тағайын­далуымды ең алдымен үлкен жауапкер­шілік әрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың маған артқан сенімі деп қабылдаймын. Артылған сенімді нақты іспен ақтау керек. Бірден айта кетейін, Омбудсмен институтының басты бағдары өзгермейді. Оның өзегінде адам, оның құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері, олар бұзылған жағдайда қорғау мүмкіндігі сияқты басымдықтар қала береді.

Бүгінде жұмысы­мызды одан әрі дамытуға жақсы негіз бар. Кейінгі жылдары Омбудсмен қызметін жекелеген шағымдарды қараумен ғана шектемейтін жүйе қалыптасты. Ол құқықтық талдау­ды, жабық мекемелерге баруды, мемле­кеттік органдармен, азамат­тық қоғаммен байланысты, құқық­тық ағарту, сараптамалық және халықара­лық жұмыстарды қамтитын кешенді тетікке айналды.

Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау

Максим РОЖИН: Қазақстан саясатының ерекшелігі – Орталық Азиядағы ынтымақтастықты практикалық нәтижеге бағыттау

09.10.2026
Атаның ақылы – адасудан сақтайды

Атаның ақылы – адасудан сақтайды

25.09.2026

Тек осы жылдың бірінші жартысында Омбудсмен мен оның өңірлік өкілдеріне 4 891 өтініш түсті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,6 пайызға көп. Шағымдарды қарау кезінде 47 лауазымды тұлға тәртіптік, 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 қылмыстық іс тіркеліп, мемлекеттік органдарға 125 ұсыным жолданды. Мұның бәрі азаматтармен кері байла­ныс­тың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Ендігі міндет – осы жүйенің тиім­ді­лігін одан әрі арттыру. Құқық бұзыл­ғаннан кейін ғана әрекет ету жеткіліксіз, оның алдын алу да маңызды. Сондықтан өтініштерді қарау сапасына, ұсынымдардың орындалуына, құқықтық көмектің қолжетімділігін кеңейту мен институттың өңірлердегі жұмысын күшейтуге ерекше көңіл бөлеміз.

Мықты Омбудсмен институтының жұмысын шағымның көптігімен бағалауға болмайды. Керісінше, оның қызметінің нәтижесінде құқық бұзу фактілері біртіндеп азаюға тиіс. Азамат өз құқығын жақсы біліп, қажет болған жағдайда оны қорғау мақсатында қайда жүгіну керегін түсінуі керек.

– Ел өміріндегі маңызды оқиға­ның бірі – жаңа Конституцияның қабыл­дануы. Оның нормалары адам құқық­тарының қорғалуына әрі омбудсмен жұмысына қалай әсер етеді?

– Жаңа Конституциямыздың қабылдануын ел тарихындағы адамға бағдарланған мемлекет құрудың маңызды кезеңі деп бағалауға болады. Біз үшін адам құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық ретінде қарастырылып, конституциялық кепілдіктердің одан әрі күшейтілуі аса маңызды. Бұл жай ғана заң тіліндегі тұжырымдар болып қалмауға тиіс. Олардың шынайы мәні адам нақты өмірде белгілі бір жағдаймен бетпе-бет келгенде көрінуі керек. Мысалы, медициналық көмек алғанда, сотта өз құқығын қорғағанда, мемлекеттік органдарға жүгінгенде, цифрлық қызметтерді пайдаланғанда немесе еңбек және әлеуметтік қорғау саласында өз мүддесін қорғағанда Ата заңның адамға деген қамқорлығы сезілуге тиіс.

Конституция ережелерінің әр азаматқа түсінікті болуы да өте маңыз­ды. Адам өз құқығын біліп, оны пай­далана алған кезде ғана конститу­циялық нормалар нақты мәнге ие болады. Құқықтық ағарту алдағы уақытта да стратегиялық бағы­ты­мыздың бірі болып қала бермек. Түп­теп келгенде, жаңа конституциялық құрыл­ым адам құқықтарын құрметтеу мемлекеттік институттардың міндеті ғана емес, күнделікті өмір мәдениетінің табиғи бөлігіне айналған қоғам құруға жол ашады.

– Цифрландыру қазіргі қоғамның басты үрдістерінің біріне айналды. Жалпы, бұл үдеріс адам құқықтарына қатысты жаңа сын-қатер туғызуы мүмкін бе? Омбудсмен институты бұл бағытта не істемек?

– Негізі цифрлық трансформацияға үрке қараудың қажеті жоқ. Ол адамға үлкен мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметтерге, білім мен ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетіп, адамдар арасындағы байланысты жеделдетеді. Бірақ сонымен бірге дербес деректерді қорғау, кибербуллинг, зорлық-зомбылық пен кемсітудің цифрлық түрлері, сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдануға байланысты жаңа тәуекелдер де туындап отыр.

Бұл ретте ұстанымымыз айқын. Технология адам мүмкіндігін кеңей­туге тиіс, оған жаңа кедергілер туғызбауы керек. Сондықтан цифрлық орта құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктерімен қатар дамуға тиіс. Елімізде бұған қажетті маңызды құқықтық негіз қалыптасты. Дербес деректерді қорғау құқығы Конституцияда бекітілді, Цифрлық кодекс пен жасанды интеллект саласындағы заңнама қабылданды. Бұл нормалар жаңа технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың негізін қалап отыр.

Енді осы заңдардың іс жүзінде қалай жұмыс істейтініне көбірек назар аударуы­мыз қажет. Олар адамдар күнделікті өмірде кездесетін нақты сұрақтарға жауап бергені жөн. Мәселен, азамат өзінің дербес деректері қалай қорғалатынын, цифрлық құқығы бұзылған жағдайда қайда жүгінетінін, цифрлық ортадағы заңсыз әрекеттерге қалай шағымдануға болатынын білуге тиіс.

Балалар мен жастарды қорғау – ерекше маңызды бағыт. Жас буын цифрлық технологияларды ең белсенді қолданатындықтан олардың цифрлық сауатымен қатар құқықтық сауатын да арттыру қажет. Бұл бағытта оң тәжірибеміз бар. Соның бірі – Уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының жұмысы. Тек биылдың өзінде мемлекет­тік органдармен бірлесіп, 108 мыңнан астам адамды қамтыған 241 құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Мұндай жобалардың ауқымын кеңейтіп, оларды құқық қорғау жұмысының тұрақты бөлігіне айналдыруға күш саламыз. Адам өз құқығы мен жауапкершілігін неғұрлым ерте түсінсе, азаматтық қоғам да соғұрлым кемелдене түседі.

– Омбудсмен институты жабық меке­мелердегі адамдардың құқық­тарын қорғауға әрі азаптауға қарсы күреске де ерекше көңіл бөлетінін білеміз. Бұл бағытта алда атқарыла­тын жұмыс жайын айтып өтсеңіз.

– Бұл біз үшін аса маңызды бағыт болып қала береді. Адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, уақытша ұстау орнында, мәжбүрлеп емдеу ұйы­мында немесе тиісті мониторинг жүр­гізілетін басқа мекемеде отырғаны үшін негізгі құқықтарынан айрылмауға тиіс.

Ұлттық алдын алу тетігі – осы жұ­мыс­тың маңызды бөлігі. Оның қатысу­шылары қоғамнан оқшаулау мен бас бос­тандығынан айыру орындарына, мәжбүрлеп емдеу ұйымдарына, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге алдын ала бару жұмысын жүргізеді. Соның қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар беріледі.

Осы жылдың бірінші жартысында Омбудсмен мен оның өңірлік өкілдері қарауындағы мекемелерге 3 238 рет барды. Нәтижесінде, 5 919 ұсыным жолданып, лауазымды тұлғалар түрлі жауап­кершілікке тартылды. Біз үшін алдын алу жұмысының тек кемшіліктер­ді тіркеумен шектелмеуі маңызды. Түпкі мақсат – жағдайды жүйелі түрде жақсартып, алдағы уақытта құқық бұзуға жол бермеу. Сондықтан жинақталған материалдар негізінде баяндамалар әзірлеуге, сараптамалық жұмысты күшейтуге, мемлекеттік органдармен тұрақты диалог орнатуға көп мән береміз.

Сонымен қатар халықаралық тәжіри­бені зерделеп, үздік үлгілерді ұлттық жағдайға бейімдеу жұмысын жал­ғас­тырамыз. Бұл ретте еліміздің халық­аралық міндеттемелері бар. Мақ­саты­мыз – сол міндеттемелердің іс жүзінде дәйекті орындалуын қамтамасыз ету.

– Артур Ермекұлы, жалпы алғанда, алдағы жылдары еліміздегі құқық қорғау жүйесінің дамуын қалай елестетесіз? Омбудсмен институтынан нақты нәтиже күтіп отырған азаматтарға не айтар едіңіз?

– Болашаққа оптимизммен қараймын. Елімізде адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға қажетті институттар мен құқықтық тетіктер бар. Енді олардың жұмыс сапасын дәйекті түрде арттырып, қолданыс­тағы нормалардың іс жүзінде тиімді орындалуына күш салуымыз керек.

Мен үшін Омбудсмен институтының әрдайым адамға ашық әрі қолжетімді болуы маңызды. Өңірлердегі жұмысы­мызды күшейтіп, азаматтарды жеке қабылдауды, өтініштермен жұмысты, құқық­тық ағартуды белсенді түрде жалғастыра­мыз. Осы жылдың бірінші жарты­сында 162 азаматты жеке қабыл­дадым. Өңірлік өкілдер 1,3 мыңға жуық адамды, ал Адам құқық­тары жөніндегі ұлттық орталық қызмет­кер­лері тағы 48 азаматты қабылдады.

Сонымен бірге жүйелі мәселелерді шешуде нақты нәтижеге қол жет­кізуі­міз керек. Егер бір адамның өтініші­нен мәселенің жалғыз оған емес, азаматтардың тұтас бір тобына қатысты екені байқалса, заңнама мен құқық қолдану тәжірибесін талдап, нақты шешімдер ұсыну қажет. Сондықтан сараптамалық бағытты күшейтеміз. Омбудсмен жанында күрделі мәселелерді талқылауға мамандарды тартуға мүмкіндік беретін консультативтік және сараптамалық алаңдар жұмыс істейді.

Тағы бір маңызды бағыт – халықара­лық ынтымақтастық. Еліміз адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттарға қатысушы мемлекет, ал Омбудсмен институты БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқан. Мұндай тәжірибе алмасу қол жеткізген нәтижелерімізді бағалауға әрі қай бағытта әлі де жұмыс істеу керегін түсінуге мүмкіндік береді.

Ал азаматтарға айтарым, адамның өтініші – мемлекеттік органға жол­данған жай ғана арыз емес. Ол жергі­лікті жердегі нақты ахуалды көруге, жүйенің қай тұста дұрыс жұмыс істемей тұрғанын анықтауға және оны түзетуге мүмкіндік береді. Сондықтан азаматтарды өз құқықтарын белсенді пайдалануға, мәселемен жалғыз бетпе-бет қалмауға әрі құқығы бұзылды деп есептесе, оны қорғау үшін тиісті органдарға жүгінуге шақырамын.

Жаңа саяси кезеңдегі мақсатымыз – адам құқықтарын қорғауды барынша қол­жетімді, кәсіби әрі нәтижелі ету. Мем­лекеттік институттар құқық бұзу­ға тек жауап беріп қана қоймай, оның ал­дын алуға тиіс. Әр адам өзінің құқық­тары Конституциямен, заңдармен, нақ­ты жұмыс істейтін құқық қорғау тетік­терімен қорғалатынын сезінуі керек.

Ең бастысы, адам құқықтары абстрак­­тілі ұғым болып қалмауға тиіс. Ол әр адамның күнделікті өмірінен, қауіпсіздігі мен әл-ауқатынан, жалпы өмір сапасынан көрінуі қажет. Омбудс­мен институтының алдағы жұмысын да осы түсінік негізінде құрамыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: адам құқығыАртур Ластаев
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026
О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Діни экстремизм және адам құқығы

19.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
«Балам, бүгін емін-еркін ойнадың ба?»

«Балам, бүгін емін-еркін ойнадың ба?»

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ислам призывает людей к добрым и хорошим отношениям в семье

    Алла үшін жақсы көру

    186
  • Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

    45
  • Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?

    35
  • Шапалақтың ғибраты

    27
  • «Қорқыныш па, үміт пе, әлде махаббат па?»

    26

Соңғы жарияланымдар

«Балам, бүгін емін-еркін ойнадың ба?»
Ғибратты әңгімелер

«Балам, бүгін емін-еркін ойнадың ба?»

15.10.2026
Артур ЛАСТАЕВ: Адам құқығы өмір сапасынан көрінуі қажет
Сұхбат

Артур ЛАСТАЕВ: Адам құқығы өмір сапасынан көрінуі қажет

15.10.2026
ЖИ діни білім бермейді
Видео

ЖИ діни білім бермейді

15.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00