Бейсенбі, 15 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Балам, бүгін емін-еркін ойнадың ба?»

15.10.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
19
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бірде семинарымды бастамас бұрын алдыма бойы аласа, жүзінен мейірім төгілген бір азамат келді.

– Аға, қолыңызды сүюге рұқсат етіңізші, – деді. Мен кол сүйгізгенді аса қаламайтын болғандықтан:

– Қой, бауырым, – деп, құшақтасып амандастық. Арамызда мынадай сұқбат болды:

– Тінтуіңнің себебі не? Неге қолымды сүйгің келді?

ЖИ діни білім бермейді

ЖИ діни білім бермейді

15.10.2026
Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

15.10.2026

– Аға, осыдан үш жыл бұрын сіздің семинарыңызға қатысқан едім. Содан бері өмірім түбегейлі өзгерді. Отбасым бақытқа кенелді. Сізге шексіз алғысымды білдіргім келіп еді, содан қолыңызды сүюді жөн көріп едім.

– Не болды? Қалай өзгердіңіз?

– Осыдан үш жыл бұрын компаниямыз ұйымдастырған екі күндік семинарда бізге дәріс бердіңіз. Соңына таман: «Адамның түпкі отаны — оның балалығы. Балалық шағын толыққанды, емін-еркін өткізбеген адамның кейін бақытты болуы өте қиын. Ата-ананың ең басты міндеті – баласына өз балалығын асыр салып, еш өкінішсіз өткізуге мүмкіндік жасау» дедіңіз.

Ол сәл кідіріп, бір нәрсені есіне түсіргендей ойланып тұрды да, сөзін ары қарай жалғастырды:

– Енді бірде тіпті тереңірек айтып: «Кез келген ұлттың ең басты міндеті – ұрпағының балалығын шаттыққа толы етіп өткізуге жағдай жасау» дедіңіз. Мен әке ретінде соны естігенде: «Мен әкелік міндетімді атқарып, балама балалығын тоя-тоя (еркін) сүруге мүмкіндік беріп жүрмін бе?» деп өзіме сұрақ қойдым. Оған дейін мұндай ой мүлде басыма келмепті. «Мен не істеп жүрмін?» деп ойландым.

Менің іс-әрекетім көптеген әкелердің қателігі еді. Тоғыз жасар ұлым мен жұмыстан үйге келгенде көзіме көрінбеуге, менен қашуға тырысатын. Неге қашатынын білесіз бе, аға?

– Жоқ, неліктен?

– Себебі оны көрген бойда беретін бірінші сұрағым: «Балам, бүгін үй тапсырмаңды орындадың ба?» болатын. Ол мөлдіреп қарап, көзін тайдырып, әрі сұрай берсем, «жоқ» дегендей таңдайын қағатын. Бұған ашуланып, «Неге орындамайсың?!» деп ұрсатынмын. Арамызда үнемі керіс, кикілжің туындайтын. Оның салдары бүкіл отбасының мазасын алатын.

Осы жерде ол сәл тоқтап, тыныс алды. Өткеннің ауыр естеліктерін есіне түсіргісі келмей тұрғандай еді. Содан соң қайта жалғады:

– Сіздің семинарыңыздан шыққан соң: «Мен өзі қандай әкемін?» деп қатты ойландым. Стамбулдан жұмыс орным орналасқан Кайсериге қайтқанша, жол бойы автобуста түнімен ойланып шықтым. Содан өзіме: «Әйеліммен сөйлесейін, бірлесіп шешім қабылдайық. Осы бала мейлі бес жыл сыныбында қалып қойсын, бірақ балалық шағын емін-еркін, қуанышпен өткізсін» дедім.

– Радикалды, батыл шешім екен!

– Иә, тым шетін шешім, бірақ бұл ой маған ерекше жеңілдік сыйлады, аға. Бойымдағы үрей мен өкініш сейіліп, көңілім орнына түсті. Үйге келген соң әйеліме: «Тамақтанып алайық, сөйлесетін сөз бар» дедім. Балалар ұйқыға кеткен соң, семинарда естігендерімді түгел баяндап бердім. Соңында: «Көңілімдегіні айтайын. Осы біздің ұлымыз бар ғой, мейлі бес жыл сыныбында қалып қойсын, бірақ балалығын тоя-тоя сүрсінші! Осы уақытқа дейін оның бала болып өсуіне еш көңіл бөлмедік. Кел, осыны өзгертейікші» дедім.

– Әйеліңіз не деді?

– Аға, не болғанын білесіз бе?

– Не болды?

– Әйелім таңырқай қарап: «Бұл не қылған семинар өзі! Ол адам кім соншалықты?! Не деген сандырақ! Біздің бала балалығын сүреді екен де, өзгелер сыныптан сыныпқа өтіп, озып кете береді ме? Олай болмайды!» деді. – Түсінікті, ана ретінде баласының кейін қалуынан қорқып, уайымдаған ғой.

– Бәрібір мен берілмедім, күресе бердім. Күн сайын, түн ауғанша әйеліме түсіндірумен болдым. Үшінші түнде әйелім: «Айтқаның болсын, не істесең де өзің біл» деп қол үзді.

– Яғни, берілді деңізші. Сонымен не істедіңіз?

– Осы сөзді естіген күні таңертең спорттық киімімді, аяқ киімімді босағаға дайындап қойып, жұмысқа кеттім. Кешке үйге оралып, ұлымның көзіне қарап: «Балам, бүгін емін-еркін ойнап, демалдың ба?» дедім. Маған таңдана қарап, тағы да «жоқ» дегендей таңдайын қақты. Содан соң: «Ал онда жүр, далаға шығып бірге ойнаймыз» дедім. Киініп, бірге көшеге шықтық. Терезеден қарап тұрған достары да бізді көріп, далаға жүгіріп шықты. Бәріміз жабылып ойын салдық. Кешкі сағат алтыдан сегіз жарымға дейін көшеде болдық. Үйге үсті-басымыз шаң-шаң болып оралдық. Бірге шомылып, оны сүлгімен сүрттім. Ішіміз қуанышқа толы еді. Содан бері жұмыстан келген сайын онымен ойнауды әдетке айналдырдым. Күн сайын, күн сайын ойнадық…

Арада жеті-сегіз күн өткенде, ваннадан шығып, оны сүлгімен құрғатып жатқан едім. Кенет ол білегімнен ұстап, маған бұрылды да: «Әке, мен сені қатты жақсы көремін!» деді… Аға, тынысым тарылып, көзіме жас құйылды, сөйлей алмай қалдым. Себебі осы уақытқа дейін оның маған мұндай сөзді ешқашан айтпағанын ұқтым. Айтады деп ойламаппын да. Мүмкін, өмір бойы айтпас па еді… «Қандай үлкен қасірет!» деп ойладым. Оның маған бұл сөзді айтпағанын байқамай да өтеді екенмін ғой…

– Оны түсінгеніңе қуаныштымын. Сіз аңғарған бұл жайт – көптеген ата-ана байқай бермейтін жасырын, бірақ өте қауіпті өкініш.

– Жүрегімді ақ тілек пен шүкіршілік кернеп, баламды киіндірдім. Содан кейін күнделікті ойынымызды тоқтатпадық. Арада екі апта өткенде мектептен ата-аналар жиналысына шақыру келді. Бұрынғы жиналыстарда мұғалім: «Балаңыз зерек, бірақ дәптері шымай-шамай, сабаққа зейін қоймайды. Сыныптастарын итеріп, мазасын алады. Тәртібін қадағалаңыздар, үй тапсырмасына көңіл бөліңіздер» дейтін. Содан жиналысқа баруға жүрексінетінмін. Бұл жолы әйеліме: «Жүр, бірге барып қайтайық» дедім. Ол: «Жоқ, өзің барасың» деп үзілді-кесілді бас тартты. Өзім бардым. Басқа ата-аналар келгенде, ұятқа қалмайын деп, мұғаліммен оңаша сөйлесу үшін кезегімді ең соңына калдырдым. Жұрттың бәрі тараған соң мұғалімнің алдына келдім. Ол маған қарап жымиды да: «Бұл балаға не істедіңіздер?» деді. Үндемей, жерге қарадым. «Өтінемін, айтыңызшы, не істедіңіздер?» деді қайталап. «Жағдай өте жаман ба, апай?» деп сұрадым. Мұғалім күліп: «Жоқ, керісінше! Енді ол сыныптастарына тиіспейді, үй тапсырмасын мұнттай қылып орындайды, мен қалағандай үлгілі оқушыға айналды. Балаға не сиқыр жасадыңыздар?» деді.

– Әке ретінде төбеңіз көкке жеткен болар?

– Аға, мұғалімнің алдында көз жасыма ие бола алмай, жылап жібердім. Кұлағыма сенбей: «Айналайын балам-ай, осыған дейін саған не істеп келгенбіз…» деген өкініш өзегімді өртеді. Үйге келгенде көзім ботадай боп ісіп кеткен екен, әйелім: «Сошалықты жаман ба екен?» деп шошып кетті. Оған да жауап бере алмай, жылай бердім. Кейін барып мән-жайды айттым…

Аға, соны айтып, алғысымды білдіру үшін сіздің қолыңызды сүйгім келген еді. Сіз менің ұлым мен қызымның болашағын, отбасымның бақытын сақтап калдыңыз! Адамның түпкі отаны шынымен де балалығы екен. Балалық шағы бақытқа толы бала оқуын да, жұмысын да бар ынтасымен жасап, үлкен жетістікке жетеді екен.

– Келші, сені тағы бір құшақтайын! – дедім. Құшақтастық.

«Балалар әрқашан күліп жүрсін!» деп өмір сүрейік. Өйткені адамның түп отаны – оның балалығы. Бала өсіп, күліп-ойнап бой жетсе – соңында үлкендер де қуанады. Үлкендер бақытты болып, жүзі күлімдесе – бүкіл ел, бүкіл адамзат бақытқа кенеледі. Балалардың күлкісі үшін еңбек етіп жүрген барша жанға Алланың сәлемі болсын!

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: әкебалаойынСәкен Есіркеп
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Ой, папа, болды!..»
Ғибратты әңгімелер

«Ой, папа, болды!..»

22.09.2026
Астанада қазақ тілінде сөйлейтін орта қалыптасты: Сәкен Есіркеп тіл саясаты туралы
Сұхбат

Астанада қазақ тілінде сөйлейтін орта қалыптасты: Сәкен Есіркеп тіл саясаты туралы

08.09.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ислам призывает людей к добрым и хорошим отношениям в семье

    Алла үшін жақсы көру

    186
  • Дін насихаты эмоциямен емес, біліммен жасалады

    45
  • Меккеге қажылық жасау үшін жаяу бару дұрыс па?

    35
  • Шапалақтың ғибраты

    27
  • «Қорқыныш па, үміт пе, әлде махаббат па?»

    26

Соңғы жарияланымдар

«Балам, бүгін емін-еркін ойнадың ба?»
Ғибратты әңгімелер

«Балам, бүгін емін-еркін ойнадың ба?»

15.10.2026
Артур ЛАСТАЕВ: Адам құқығы өмір сапасынан көрінуі қажет
Сұхбат

Артур ЛАСТАЕВ: Адам құқығы өмір сапасынан көрінуі қажет

15.10.2026
ЖИ діни білім бермейді
Видео

ЖИ діни білім бермейді

15.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00