Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын): «Аршының айналасына нұрдан жасалған мінберлер қойылып, олардың үстінде нұрлы адамдар отырады екен. Олардың өздері де, киімдері де нұрдан болады. Олар пайғамбарлар да, шәйіттер де емес», деп айтты.
Сонда сахабалар: «Иә, Расулулла! Ондай болса, бұлар кімдер?», деп сұрады.
Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі оған болсын): «Олар бір-бірін Алла үшін жақсы көргендер», деп жауап берді. (Тирмизи)
Алла баршамызға Алла үшін бір-бірімізді жақсы көруге нәсіп етсін!
Бұл амал оңай емес, бұған тиесілі өз жүгі мен міндеті бар.
Алла жеңіл етсін, соған лайықты етсін!
Қуат ҚАБДОЛДА











