Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері

10.07.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
APRK01

APRK01

15
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

DATAmetrics компаниясы халықтың әлеуметтік көңіл-күйін сипаттайтын әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Бұл деректер азаматтардың өмір сапасына берген бағасын, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістер мен болашаққа деген деген сенім деңгейін қамтыған.

Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесінде анықталды. Бетпе-бет сұхбат («face-to-face») әдісімен жүргізілген сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты.

Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі адамдардың өз өміріне, материалдық жағдайына және болашаққа деген сенім деңгейіне қандай баға беретіні арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері осы көрсеткіштердің барлығы бойынша респонденттердің жауаптарында оң көзқарас басым екенін көрсетті. Ең жоғары көрсеткіш өмірге ризалық деңгейі бойынша тіркелген.

Сауалнамаға қатысушылардың 63,3%-ы өз өміріне толық риза екенін айтса, тағы 31,9%-ы көп жағдайда қанағат білдіреді. Осылайша, респонденттердің 95,2%-ы өз өміріне оң баға береді. Ал 3,4%-ы өз өміріне онша риза еместігін, 1,1%-ы мүлде риза еместігін мәлімдеді.

«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

24.08.2026
Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

22.08.2026

Өз өміріне берілген оң баға отбасының материалдық жағдайын қабылдау деңгейінен де көрініс табады. Зерттеуге қатысушылардың үштен екісінен көбі (67,6%) отбасыларының материалдық жағдайы соңғы жылда жақсарғанын айтқан. Оның ішінде 29,8%-ы жағдайы айтарлықтай жақсарғанын, ал 37,8%-ы белгілі бір деңгейде жақсарғанын атап өтті. Респонденттердің 25,5%-ы отбасының материалдық жағдайы өзгермегенін айтса, 6,6%-ы нашарлай түсті деп санайды.

Азаматтардың бүгінгі күнге берген бағасы болашаққа деген үміт деңгейіне әсер етеді. Зерттеудің қорытындылары бойынша, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі өз отбасының келешегіне сеніммен қарайды. Мысалы, он респонденттің шамамен сегізі (78,6%) бір жылдан кейін бүгінгі күннен жақсырақ өмір сүретініне сенеді. Оның ішінде 45,0%-ы өз жағдайы айтарлықтай жақсарады деп үміттенсе, тағы 33,6%-ы белгілі бір деңгейде жақсаратынына үмітті. Сондай-ақ 15,9%-ы өз отбасының тұрмыс деңгейі өзгеріссіз қалады деп есептейді. Ал, респонденттердің 3,4%-ы өз жағдайы нашарлауы мүмкін деп санайтынын айтқан.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң бағалаудың басым екенін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі өз өміріне риза, отбасының материалдық жағдайындағы өзгерістерді оң бағалайды және алдағы уақытта тұрмыс жағдайының жақсаратынына сенім білдіреді.

Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды. DATAmetrics компаниясы бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 3 шілдедегі № ОСК-11-07/ЗТ-К-29 хабарламасы негізінде жариялап отыр.

Таңбалар: өмір сапасысауалнамахалық тұрмысы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Еліміздегі зорлық-зомбылыққа қатысты заңды өзгерту қажет деп ойлайсыз ба?
Сауалнама

Еліміздегі зорлық-зомбылыққа қатысты заңды өзгерту қажет деп ойлайсыз ба?

30.11.2023
Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?
Сауалнама

Отбасын және әйелдерді қолдаудың қандай мемлекеттік шараларын білесіз?

30.03.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Діни ағымдардан сақтану жолы

Діни ағымдардан сақтану жолы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    «Хорасан уәлиаты»: Қазақстан үшін нақты қауіп қайсы?

    24
  • Адамды өткен қателігі үшін жазғыру дұрыс па?

    22
  • Әулие жерлерге барып түнеуге бола ма?

    21
  • Перзенттің жақсы болуы марқұм әкесіне сауап па?

    17
  • Тәлімді ұрпақ – тәуелсіз ел тірегі

    16

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Дінді бұрмалаудың салдары не болмақ?

24.08.2026
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар

«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

24.08.2026
Саналы ойлау – қоғамды қорғайды
Сұхбат

Саналы ойлау – қоғамды қорғайды

23.08.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00