Бейсенбі, 4 Маусым, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

04.06.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
12
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ыдырыс – Құран Кәрімде есімі аталған пайғамбардың бірі. Адам атаның бесінші буындағы немересі-дүр. Дәстүрлі исламдық тәпсірлерде аса тақуа, хикмет иесі әрі рухани дәрежесі биік, өнерлі әрі қаһарман тұлға ретінде сипатталады. Жұлдыз ғылымы, жазу-сызу, зергерлік пен тігіншілік, қару-жарақ жасау, соғыс жүргізу мен қарсыласты тұтқынға алудың бастауында тұр. Аңыздық-діни түсініктерде Алла тағаланың оны ерекше мәртебеге көтеріп, Ұжмаққа шығарып әкеткені айтылады. Кейбір деректерге қарағанда, көкке көтерілмес бұрын, жер бетінде 82 жыл өмір сүрген.  

Ақиқат пен аңыз арасы

Әрине, Ұлы дала шегінде де аты кеңінен танымал және әлі күнге жаңа туған сәбилерге есімі қойылып келеді. Өз кезегінде оның рухани болмысының ауызша тарихта қазақтың ең көне шаһары Сайрамның бой көтеруімен байланыстырылуы қызық-ақ.

Әрине, мұны аңыз деп емес, шындық деп қабылдағанның өзінде көкейде сауал да көп: Бұл кентті-қаланы неге салды? Неліктен дәл осы жерге салды? Сондай-ақ осы маңға қалай келіп қалды? Өйткені киелі шежірелерде төл ғұмырнамасының Мысыр аймағы аясында көбірек айтылатыны бар емес пе?

Азан айтуда сауап бар ма?

Мешіттен айтылатын азан дауысына тыйым салуға бола ма?

04.06.2026
БҚО: «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы басталды

БҚО: «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы басталды

04.06.2026

Ақырында, «Іздеген қазынаға жолығады» демекші, қазақтың өзіндік сакральды қиссалар әлеміне ау салып жүріп тапқанымыз – Адам ата дәуіріне барып тірелетін көз жасының тамшысындай мына бір хикаят-дүр.

Хикаяты

Қисыны былай: Адам атаның немересі «Ағнұх», яки кейіннен «Ыдырыс» атанған ер – ұзақ жолды сапарда жүріп, медиен далаға аялдайды. Ол жерде сол түнде Жебірейіл бастаған бір топ періштенің Тәңірді ұлықтап, мінәжат етіп жатқанына куә болады:

– Ау, досым Жебірейіл, мұнда қайдан жүрсің? – десе, ол:

– Әлем жаралып, су аққалы осы мекенге келіп зікір айтып, құлшылық қыламыз, – депті.

– Құлшылыққа сонша құмар қылатындай бұл жердің не қасиеті бар?

– Мұны Тәңір әлемінде «Мадина әл-Байза» немесе «Бозқала» деп атайды. Бұл мекенде Адам ата намаз оқыған. Тілегі қабыл болып құт дарыған киелі жердің бірі. Сайрамнан Құдайдың достары көп шығады. Мұнда 70 бас намаз оқылса, 70 жылдық құлшылықпен тең. Тәңірдің дидарын талап қылған шын ғашықтар мекені. Түркінің пірі – Әзірет Сұлтан да осы өңірде дүние есігін ашады, – деп ағынан жарылыпты періште.

Ұзын сөздің қысқасы, Ыдырыстың қызығушылығы һәм себепкерлігімен кейіннен осы тұс – қазіргі күнгей атыраптағы Ақсу мен Бадам өзененің ортасынан 400 зәулім сарайлы, 4 қақпалы қамал тұрғызылады. Әр қақпаға алты қабат қарауыл-мұнара соғылып, әр жүз үйден соң құдық қазылады. Көп ұзамай, бұл құтты мекен үлкен ажарлы-базарлы шаһарға айналып шыға келеді. Қала атауының да авторы өзі! Ыдырыс оған «Сайрам» деп ат қойыпты. «Сайрам» деген беймағұлым көне тілде «тасты, тастақты жер» дегенді білдірсе керек.

27 жылдық патшалық

Шаһарлы жер – патшалы жер! Алланың нәбилері ел билеп, таққа отырады. Ыдырыстың тұсында Сайрам әлемдегі ілімі озық ел болыпты. Әсілінде, Ыдырыс – «мұғалім» деген сөз екен. Ол да қалада 27 жыл патша болып, пайғамбарлық міндетін аяқтайды. Бұдан әрмен қарай тірідей Жаратқан иенің дәргейіне әкетілген делінеді. Яки өзі де кері қайтқысы келмей, амалын тауып, сонда қалып қойған-дүр!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: Абылайхан ҚалназаровСайрамЫдырыс пайғамбар
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

“Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті
Жаңалықтар

“Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті

01.04.2026
«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті
Жаңалықтар

«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті

19.03.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    3.2k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.5k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    651
  • Бір хадистен – жеті хикмет

    81
  • Бақырша елді мекені атауы қайдан шыққан?

    81

Соңғы жарияланымдар

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?
Ислам

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

04.06.2026
Азан айтуда сауап бар ма?
Сұрақ-жауап

Мешіттен айтылатын азан дауысына тыйым салуға бола ма?

04.06.2026
БҚО: «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы басталды
Жаңалықтар

БҚО: «Имани жаз – 2026» діни сауат ашу курсы басталды

04.06.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00