Дүйсенбі, 27 Шілде, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстандағы зайырлылық: оны қалай түсінеміз?

16.04.2026
- Жаңалықтар
0
458
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақстанның жаңа Конституциясында зайырлылық жаңа бап ретінде бекітілді. Бұрын преамбулада жалпы контекстте берілсе, енді дербес норма ретінде айқындалды. Бұл құқықтық тұрғыдағы нақтылаумен қатар, қоғам мен мемлекет зайырлылық ұғымын тереңірек әрі нақтырақ түсінуді қажет ететін жаңа кезеңге өтіп жатыр деген белгі/сигнал деп пайымдауға болады.

Зайырлылық ұғымының мазмұны қарапайымдылық пен күрделілікті қамтиды. Күнделікті өмірде зайырлылық көбіне «дін мемлекеттен, мемлекет діннен бөлек» деген қарапайым интерпретацияда қабылданады. Бірақ, зайырлылықтың мазмұны әлдеқайда күрделірек. Әлем мемлекеттерінің басым бөлігі өздерін зайырлы мемлекет ретінде анықтағанымен, әр ел өз зайырлылығын әртүрлі модельде жүзеге асырады [1].

Қазіргі заманда дін қоғамдық контексттен жойылмай ғана қоймай, өзінің өзгеріп отырған формаларын көрсетуде. Мысалы, Францияда дін қоғамдық өмірден барынша ығыстырылған қатаң модель қалыптасты. АҚШ-та, керісінше, дін – қоғамдық өмірде белсенді, бірақ мемлекет бейтараптылықты сақтауда. Германияда кооперативтік модель қалыптасқан, ал Түркияда ұзақ уақыт бойы мемлекет дінді бақылауда ұстайтын этатистік модель басым болды [2]. Демек, зайырлылық – қатып қалған догма емес, ол әртүрлі қарым-қатынас пен тәсілдер жиынтығы.

Қазақстан тәжірибесі жайында

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі өтіп жатыр

Қытайда «Ұлы дала көшпелілерінің мәдениеті» көрмесі өтіп жатыр

27.07.2026
Qamqor-sharapat орталығына жаңа салттық қызмет көрсету бөлімшесі мен арнайы автокөлік табысталды

Qamqor-sharapat орталығына жаңа салттық қызмет көрсету бөлімшесі мен арнайы автокөлік табысталды

27.07.2026

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дін саласындағы заңнама салыстырмалы түрде либералды болғандығы белгілі. Бұл діни белсенділікке тиісті жағдайларды қалыптастырды. Сонымен қатар, радикалды діни ағымдар да заңның либералдылығын барынша пайдаланып, өз идеологияларын қарқынды таратты.

Шартты түрде, 2010-2017 жылдар аралығын діни радикалданудың айқын көріністері кең етек жайған кез деуге болады. Бұл тек көзқарастармен ғана емес, қоғамның дәстүрлі діни тәжірибесіне сәйкес келмейтін әрекеттердің де белең алуымен байланысты болды. Осы кездері мемлекет дін саласындағы саясатты жүйелі түрде күшейтті. Дер кезінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде радикалданудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені жан-жақты жүзеге асырылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелілігі күн тәртібінде болды. Радикалды ағымдардың бірқатары елден шығарылып, бірқатары заң жүзінде жауапкершілікке тартылды.

Зерттеулер қазіргі кезде мемлекеттегі дін саласындағы жағдайдың тұрақтылығын көрсетеді [3]. Қазақстандықтардың көпшілігі дінді байсалды ұстанады. Әрине, бұл деген радикалдану, деструктивті діни ағымдар идеологияларының мүлдем қаупі жоқ деген сөз болмауы керек. Қауіптер бар және олар құқық қорғау саласының назарында болғаны маңызды.

Қауіпсіздік пен діни сенімнің байланысы

Бұл арада маңызды дилемма туындауда. Бір жағынан, мемлекет қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, радикалданудың алдын алуға тиіс. Екінші жағынан, дінді үнемі қауіп көзі контексінде қабылдау басымдылығы орын алуы ықтимал. Егер дін саласы тек бақылау аймағы ретінде қарастырылса, мемлекет пен қоғам арасындағы сенім әлсіреуі мүмкін.

Соңғы кезде елімізде қазақстандықтардың діни тәжірибедегі белсенділігі артып келеді. Намаз оқитын, ораза ұстайтын, садақасын беріп жүретіндер үлесі көбеюде. Оны зерттеулерсіз-ақ, қарапайым визуалды бақылаудан да білуге болады. Дін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған азаматтардың басым көпшілігі діни ұстанымдарында саяси мәселелерден алыс. Көпшілігі діни талаптарға сәйкес өмірге біртіндеп келіп, өмірдің мәнін іздеу, дәстүрді сақтау, рухани тыныштыққа қол жеткізу сияқты ізденістермен келгендерін баяндайды. Демографиялық өсімді ескерсек, болашақта дінге бет бұрған, діни тәжірибелерге сәйкес өмір сүруді қалайтында үлесі арта беруі мүмкін.

Зайырлылықтың шекарасы қайда?

Дін қоғамдық өмірдің маңызды көрінісіне айналған сайын зайырлылықтың шекарасы қайда, қандай болмақ деген сұрақ өзектілігі артуда. Зайырлы мемлекет деген – дінсіз қоғам еместігі белгілі. Бұл деген саяси ғылымдарда мемлекеттің ешбір дінді ресми тұрде қолдамайтындығын білдіреді. Бірақ, сонымен қатар, дін қайырымдылық қызмет, құндылықтар жүйесі және түрлі әлеуметтік бастамалар арқылы қоғам өміріне өз үлесін қоса алады. Алайда бұл үдерістер саяси мақсаттарға пайдаланылмай, мемлекеттік институттардың орнын алмастыруға ұмтылмауы тиіс.

Қоғамды не біріктіре алады?

Діни тәжірибелердің әртүрлілігі жағдайында адамдардың діни деңгейіне қарамастан, не біріктіре алады деген сұрақ өзекті. Осы тұста азаматтық бірегейлік маңызды. Бұл арада зайырлылық мағынасы да нақтыланады. Зайырлылық бөлінуге емес, қоғамның бірігуіне негіз бола алады. Зайырлылық деген қатып қалған формула емес. Ол кәдімгідей процесс/үдеріс. Жаңа Конституцияда жаңа бап орын алуы жаңа сұрақтар тудыртып, жаңа қарым-қатынастар бағдарларына негіз бола алады ма?

Бүгінгі мәселе – дінді мемлекеттен қаншалықты алыстату емес, баланс табуда. Мемлекет бүгін зайырлылық контексінде өзінің позиясын айқандап алу қажеттілігі жиі көтеріліп отырған мәселе. Сондықтан, алдағы уақыт зайырлылық туралы кең дискурстардың орын алуын көрсетуі маңызды.

 

Пайдаланылған дереккөздер:

  1. Ahmet T. Kuru Secularism and State Policies toward Religion.
  2. José Casanova Public Religions in the Modern World.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты баяндамалары https://kisi.kz/.
  4. Charles Taylor A Secular Age.

Толғанай МҰСТАФИНА,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Философия» кафедрасының аға оқытушысы, дінтанушы, PhD

Таңбалар: басты тақырыпдін және мемлекетзайырлылық
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным
Сұхбат

Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

27.07.2026
Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған
Ислам

Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

24.07.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ақтөбе: «Бата беріп үйрену» үйірмесі ашылды

Ақтөбе: «Бата беріп үйрену» үйірмесі ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    Ясауи іліміне қатысты XVII ғасырдағы сирек қолжазба Мәскеуден табылды

    515
  • Бір кесе сорпаның бағасы

    46
  • Сарышаянды арқалаған бақаның соңғы өкініші

    27
  • Қолжазбаларда ұлттың құндылығы қатталған

    22
  • Намаздың хикметі неде?

    19

Соңғы жарияланымдар

На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Діндер съезі – жаһандық диалогтың маңызды алаңы

27.07.2026
Қоғам

Адам құқығы – басты құндылық

27.07.2026
Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным
Сұхбат

Дінтанушы: Зайырлылық – барлық дінге тең қарайтын ұстаным

27.07.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00