Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дәлелханның көш жолындағы Балуан тасы

24.04.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
Суретті ЖИ жасаған

Суретті ЖИ жасаған

57
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір кездері, ұлы Ертістің бойындағы «Жүрек суы» деп аталатын жерде салмағы 700-800 келі шамасында балуантас жатқан. Өлшегендердің дерегіне қарағанда, тастың ең аласа жерінің биіктігі 47 см, ең қысқа ені 81 см, ұзындығы 106 см. Осы тасты көтеріп қозғаған дөй, асқан күш-қайрат иесі – Қарақас руының Орыс атасынан тарайтын Дәлелхан Мешелұлы. Асыл ер сол кезде 22 жаста болыпты. Оның үзеңгілес жолдасы Елісхан Марданұлы тасқа: «Балуан Дәлелхан. 1952 жыл. Жазған Елісхан Марданұлы» деп өз қолымен ойып төтеше жазба қалдырған.

Бұл қалай болды? Енді соны әңгімелейік.

Алтай – таулы-тасты жер. Көш-көлігі созылып, жұрт қоныс аударып бара жатқан шақтың бірі болса керек. Түйелер шұбап, аттылар тізіліп, ел жаңа өріс іздеп, еңіс пен қыратты кезіп келе жатады. Сол жолдың бір тұсында түйе көші жүрісіне кедергі болған, қақ ортада сұлап жатқан ірі тас болады. Әрқашан да қазақы көштің алдын бөгейтін сол тасты айналып өту қиын, жол тар, сай қысаң көрінеді.

Сол жұрттың арасында әйгілі Ақытқажының ұлы Қалман қажы да болыпты. Ол Дәлелханға жезде болып келеді екен. Жасы үлкен, сөзі салмақты адам болғанымен, әзілге басып:

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Хизбут-Тахрир қандай ұйым?

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026

– «Балуанмын-балуанмын» дейсің, көштің жолын бөгеп жатқан мына тасты алып тастасаңшы, – деп соқтығады.

Дәлелхан бұл жолы үндемей барып, тасты бір байқайды. Алайда айнала қарап, орнын шолып шығады да қайта көпке қосылады. Ел демін ішіне тартып, сырттай бақылап тұрады.

Жездесі қоярда қоймай, тағы да намысын қайрайды. Бұл жолы алыптың түрі бұзылып кетіп, нән тастың жанына және жетіп барады да бір жағы топыраққа басылып, жерге қысылып жатқан тасты ырғап босатып алып, басынан асыра бір-ақ көтереді. Жолдан да былай алып қояды.

Жұрт ду ете түсіп, риза көңілмен батасын береді. Бұл – жай ғана қара күштің емес, елдің көшін тоқтатпай, жолын ашқан азаматтықтың белгісі-тін. Сол тас кейін «балуан тас» атанып, ел аузында аңызға айналған (Ұларбек Дәлейұлы айтуы бойынша түсірілген).

Бұған куә болғандар кейін: «Бір сәт белін бекем буып, екі қолын тіреп, бар күшін бойына жинап, тасты ырғап жұлып алды. Жермен біте қайнасқандай болып жатқан ауыр тас орнынан ажырап, бір шетке аударылып түсті», деп еске алысқан.

Айта кетейік, Дәлелхан – балуан ғана емес, атақты батыр. Арғы тараптағы Көктоғай көтерілісі қаһармандарының бірі. Оның ғұмырнамасын жетік зерттеген, аталасы, жерлесі Көкбөрі Мүбәрак Қизатұлының мағұлыматынша, ол 1930 жылы Көктоғай ауданының Күрті ауылында туған. Әйгілі Оспан батырдың бас балуаны және сардары болған.

Алғаш көзге түсу оқиғасы да қызық: 1948 жылы Боғда тауы баурайында Құсайын деген бай дүбірлі ас береді. Жиынға арналып 400 киіз үй тігіліп, 400 жылқы сойылғаны айтылады. Бір апта бойы үздіксіз ағылған қонақтың қарасы 30 мыңға жетіпті.

Ас жанынан жәрмеңке де қыз-қыз қайнайды: ұйғыр, қытай, дүнген, моңғол, өзбек, татар саудагерлері өзара айырбас жасап, сан түрлі бұйымдарын жайып салады. Ат үсті ойындары, дала жосындары болады.

Басқосудың мәртебесін айшықтаған меймандар да аз болмаған. Қазақтың да, қытайдың да мансаптылары осы орыннан табылған. Ал қалың жұрттың қауіпсіздігін Оспан батырдың сайлауыттары бақылап тұрыпты.

Дәл осы аста жасы он жетіден енді асқан Дәлелхан алғаш рет үлкен додаға түседі. Түсіп қана қоймай, өзінің ғаламат күшін де көрсетеді. Ең тамашасы, қарсылас шыдатпаған алып Әліпті жығады. Сөйтіп, дүбірлі астың бас бәйгесі – күрестің бас жүлдесі жас Дәлелханға бұйырады.

Әрине, ол туралы айтылатын ертегіге бергісіз естелік көп. 2 аюды ұстап алып, аяқтарынан малша шандып байлап берген хикаясы тағы бар. Тіптен, Ақсу аймағында қытайлық үкімет алдындағы жазасын өтеп жүріп иен түзде өне-бойын жүн басқан, аса ірі кісікиікпен (қар адамымен) алысып, оны байлап тастаған деседі.

Қош, Дәлелхан туралы кітап жазып жатқан жекелеген жазушылар бар. Ұрпақтарының бір бөлігі Алматыда тұрады. Өкінішке қарай «Жүрек суында» көтерген тасының соңғы жылдары жоғалып кеткені туралы дабыл қағылды. Себебі қытайлық тарап ол маңға автобан түсіріп, құрылыс жүргізіп өткен. Кезінде тасты алып кетпекші болып барған 7 қазақ жігітінің оны көлікке арта алмай, кейінге қалдыруының соңы осылай бармақ тістеумен аяқталып отыр.

Қалай дегенде де Дәлелханды қазақ тарихындағы аманатқа қиянат қылмай, өзін дәлелдеп кеткен алыптар тізбегінің соңғысы деп батыл айта аламыз.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: балуан тасДәлелхан Мешелұлы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті
Жаңалықтар

«Балуан тас» сапарының 2-күні Бәйдібек, Созақ аудандарында өтті

19.03.2026
Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды
Жаңалықтар

Түркістан облысында көне Балуан тас көтеру рәсімі жаңғырды

18.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Құрбан айт – құтты мереке

    Айт намазының кестесі (барлық қала бойынша)

    1.8k
  • Құрбан айт қашан басталады?

    1.4k
  • 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні

    575
  • Өте маңызды өсиет

    275
  • VIP қажылық ысырап емес пе?

    151

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Бір хадистен – жеті хикмет

20.05.2026
Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті
Жаңалықтар

Сарапшылар кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

20.05.2026
Хизбут-Тахрир қандай ұйым?
Ағымдар ақиқаты

“Хизб-ут Тахрир” ұйымының қателіктері

20.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00