Жексенбі, 16 Қараша, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тақуалық туралы

01.11.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
27
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Халқымызда: «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деген даналық сөз бар. Бұл тіркесте терең мән мен мағына жатыр. Алладан қорқатын адам – өзгеге зиян тигізуден сақтанады, жүрегінде әділдік пен қамқорлық орнайды. Ал керісінше, Құдайынан безген адам қалағанын жасайды, өзгеге қиянат жасаудан қорықпайды, өз қалауы мен көңілінен басқаға мән бермейді.

Шынында, тақуалық – жүректің тазалығы, ол ізгі іс-әрекеттер мен әділдіктің, үйлесімділіктің кепілі. Аллаға бойсұнған жанның әрекеті әрдайым бейбітшілік пен құрметке, салиқалы істерге бағытталады. Сол арқылы ол өзіне де, өзгелерге де зиян келтірмейді, керісінше, бар өмірін мағыналы түрде ізгі істерге арнайды. Осы себепті де халқымыз «Біреудің ала жібін аттама» деген даналығымен өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеп отырған. Сондықтан да бұл өмірде әр адам үшін ең басты құндылықтардың бірі – тақуалық, яғни Алладан қорқу және Оған бойсұну.

«Тақуа» сөзі араб тіліндегі «уиқая» деген түбірден шығады, яғни «сақтану, қорғану, қорқу» деген мағынаны білдіреді. Тақуалық – «Аллаға бойсұнып, одан қорқу» ұғымында қолданылады. Осы қасиетке ие болған адамды «тақуа» деп атайды. Ғалымдар атап өткендей, араб тілінде «тақуалық» сөзі тек қана Аллаға қатысты қолданылады, яғни бұл сөзді басқа нәрселерге, мысалы, пұттарға, дүниелік істерге қатысты қолдануға болмайды.

Алла Тағала қасиетті Құранда:

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

16.11.2025
Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

16.11.2025

… إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِندَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ …

«Шын мәнінде, Алланың алдында ең ардақтыларың – ең тақуа болғандарың», – деген («Хұжұрат» сүресі, 13-аят).

Бұл аят адам баласының Алла алдындағы дәрежесі нәсілінде немесе түрінде емес, бәлкім жүрегіндегі тақуалығы мен имандылығында екенін көрсетеді. Алла Тағаланың алдында ең жоғары дәрежеге жеткізетін қасиет – жүректегі ықылас пен тақуалық қана.

Тақуалық – Алладан шынайы қорқу. Адамның қадір-қасиеті сыртқы келбетімен, нәсілімен немесе дүниесімен емес, бәлкім жүрегінің тазалығымен және тақуалығымен өлшенеді. Өйткені тақуалықтың орны – жүрек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис шәрифінде:

إِنَّ اللَّهَ لَا يَنْظُرُ إِلَى صُوَرِكُمْ وَأَمْوَالِكُمْ، وَلَكِنْ يَنْظُرُ إِلَى قُلُوبِكُمْ وَأَعْمَالِكُمْ

«Расында, Алла сендердің келбеттеріңе және мал-мүліктеріңе қарамайды. Ол сендердің жүректеріңе және істеген іс-амалдарыңа қарайды», – деген (имам Мүслим).

Алла Тағала Құран Кәрімде:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلَا تَمُوتُنَّ إِلَّا وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ

«Уа, мүміндер! Алладан шынайы қорқыңдар да мұсылман болған күйде ғана жан тапсырыңдар», – деп өзінің құлдарын тақуалыққа бұйырады («Әли имран» сүресі, 102-аят).

Имам Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали (Алла оны рақымына алсын) өзінің «Бидаяту әл-Һидая» еңбегінде тақуалық тұрғысында: «Егер, тура жолдың бастамасы қайда деп сұрасаң, онда біл: оның бастауы Аллаға деген тақуалықта. Сол себепті нағыз бақыт пен құтылу тек Алладан қорқу әрі бойсұну (тақуалық) арқылы келеді», – деген.

Қисса

Бір кісі Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) «Тақуалық дегеніміз не?» – деп сұрапты. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын):

  • Сен тікенді жолмен жүріп көрдің бе?» – деп сұрайды. Әлгі адам:
  • «Иә», – деп жауап береді. Сахаба:
  • Сол кезде не істейтін едің? – десе, жаңағы кісі:
  • Тікенді көрсем, одан айналып өтемін, қадамымды одан асырып немесе жеткізбей басамын», – дейді. Сонда Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын): «Міне сенің солай етуің тақуалық болып табылады», – деген екен.

Дана сахаба тікенді жолды мысалға келтіре отырып, өмірімізде кезігетін күнә-қателіктерден солайша айналып өтуімізді, арамнан сақтануымызды тақуалыққа балап отыр. Бұл теңеу тақуалықтың ең көркем бейнесі еді. Тікенекті жолдан өткен адам секілді, тақуа кісі де күнә мен арамнан өзін қорғап, Жаратушының разылығына жетуді көздеуі тиіс.

 Бірінші: тақуалық – Алланың әмірлерін орындау

Имам әл-Ғазали өзінің «Бидаяту әл-Һидая» еңбегінде: «Ұлы Алла Тағаланың әмірлері екіге бөлінеді: міндетті болған парыз амалдар және нәпіл, яғни ерікті істер. Парыз болған, яғни міндетті амалдар – құтқаруға бастайтын басты себеп, негізгі тірек. Ал нәпіл, яғни ерікті амалдар – рухани өсу мен биік дәрежелерге жетелейтін қосымша жол», – деген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құдси хадисте:

يَقُولُ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: مَا تَقَرَّبَ إِلَيَّ عَبْدِي بِشَيْءٍ أَفْضَلَ مِنْ أَدَاءِ مَا فَرَضْتُ عَلَيْهِ، وَمَا يَزَالُ يَتَقَرَّبُ عَبْدِي إِلَيَّ بِالنَّوَافِلِ حَتَّى أُحِبَّهُ، فَإِذَا أَحْبَبْتُهُ كُنْتُ سَمْعَهُ الَّذِي يَسْمَعُ بِهِ، وَبَصَرَهُ الَّذِي يُبْصِرُ بِهِ، وَيَدَهُ الَّتِي يَبْطِشُ بِهَا، وَلَئِنْ سَأَلَنِي لَأُعْطِينَّهُ، وَلَئِنْ دَعَانِي لَأُجِيبَنَّهُ، وَلَئِنْ اِسْتَعَاذَنِي لَأَعِيذَنَّهُ.

Алла Тағала: «Құлым өзіне парыз етілген құлшылықтардан өзге ешбір іспен Маған жақындаған емес. Сондай-ақ ол қосымша нәпіл ғибадаттарын жасаған сайын Маған жақындай түсіп, ақыры Менің сүйіспеншілігіме бөленеді. Ал егер Мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы боламын. Ондай құлым Менен не сұраса, оны міндетті түрде беремін. Ал Маған дұға етсе, міндетті түрде қабыл етемін. Маған сыйынып, пана тілесе, міндетті түрде қорғаны боламын», – дейді», – деген (имам Бұхари).

Ғалымдарымыз: «Адамның өмірі төрт жағдайдың арасында болады:

  1. Не ол тағат-ғибадатта болады, бұл істе табанды болу керек;
  2. Не ол күнә жасауда болады, бұл кезде истиғфар айтып, тәубе етуі керек;
  3. Не ол нығметтің ішінде болады, бұл жағдайда ол шүкіршілік етуі тиіс;
  4. Не қиыншылыққа тап болады. Бұндайда сабыр етуі тиіс», – деген.

 Екінші: тақуалықтың сипаттары мен жолдары

Өмірдің әр саласында шынайы мұсылман адам тақуалыққа тырысуы тиіс, себебі жұлдыздар аспанды қалай сәндесе, тақуа жандар жер бетін дәл солай көркем етеді. Тақуа адам Алланың әмірін орындауға ұмтылып, тыйым салған нәрселерден бойын аулақ ұстайды. Тақуалықты күшейтетін басты нәрсе – Жаратушыға деген махаббат пен ризашылық сезімі, бұл сезім әрбір иман иесінің жүрегінде үнемі сақталуы тиіс. Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тақуалық жайлы сұрақ қойылғанда, ол жүрегіне нұсқап:

… التَّقْوَى هَاهُنَا …

«Тақуалық – мұнда!» – деген (Мүслим).

Абай атамыз да, шынайы имандылық пен тақуалықтың жүректе екендігін меңзеп, өзінің өлеңінде:

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі хаққа жол емес, – деп дөп айтқан.

Алла Тағала қасиетті Құранда:

أُولَئِكَ عَلَى هُدًى مِّن رَّبِّهِمْ وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

«Міне, солар – Раббыларынан келген нағыз тура жолда әрі олар (мәңгілік азаптан) құтылушылар», – деп, тақуа жандарды меңзеген («Бақара» сүресі, 5-аят).

Сондықтан Алладан шынайы қорқатын пенделердің бойында мынадай сипаттар табылуы тиіс:

  1. Ғайыпқа сену  Алла Тағала Құран Кәрімде:

آلم (1) ذَٰلِكَ الْكِتَابُ لَا رَيْبَ ۛ فِيهِ ۛ هُدًى لِّلْمُتَّقِينَ (2) الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ …

«Әлиф-ләм-мим. Міне, осы Кітапта күдік жоқ, ол тақуалар үшін тура жол көрсетуші. Сондай-ақ олар ғайыпқа иман келтіреді …», – деген («Бақара» сүресі, 1-3-аят).

  1. Алла көріп тұрғандай құлшылық жасау

Бірде Жәбірейіл періште (Алланың оған сәлемі болсын) хазіреті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп:

قَالَ: مَا الْإِحْسَانُ؟ قَالَ: أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ…

«Ихсан дегеніміз не?» – деп сұрағанда, Ол: «(Ихсан дегенің) Алланы көріп тұрғандай құлшылық етуің. Егер сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрғандай құлшылық жасауың», – деп жауап қайырады (имам Бұхари).

Ихсан тақуалықтан туындайды. Неге десеңіз, хадиске сәйкес, Алланы көріп, Оның құзырында тұрғандай құлшылық ете білу үшін Алладан бек қорқу қажет. Ал қорқу үшін Алланы тануымыз керек. Құран Алланы танымаған, Одан шынайы түрде қорықпаған кәпірлер жайында:

وَمَا قَدَرُوا اللَّهَ حَقَّ قَدْرِهِ… 

«Олар Алланы шын мәнінде тани алмады», – дейді («Әнғам» сүресі, 91-аят).

Олар Алланы тани алмағандықтан Оған иман келтірмеді, азабынан қорықпады да. Осылай бола тұра олар қайдан құлшылық етсін?! Ал мұсылман адам өзінің жасаған құлшылығының мәнді болуы үшін Алланы тануға ұмтылады. Алланы таныған сәтте, Оның құдіретін мойындап, Одан шын мәнінде қорқа бастайды.

  1. Құдайдан шынайы қорқу

Ғалымдарымыздың айтуы бойынша Құран Кәрімнің ең алғаш түскен аяты «Оқы …» («Алақ» сүресі) деп басталса, ең соңғы түскені «Қорқыңдар …» («Бақара» сүресі, 281-аят) деп басталған. Демек, Исламның басы – ілім, ал соңы – тақуалық!

Қисса

Бір яһуди кісі халифа Харун Рашиттен бір қажетін сұрамақ болады. Бір жыл бойы халифаның қақпасының алдында тұрып, кіре алмай жүреді. Сол себепті әлгі өтініші орындалмайды. Яһуди бір күні қақпаның алдынан кетпей тұрып алады. Қақпадан халифа Харун Рашит сыртқа шыққаны сол екен, яһуди шапшаң келіп алдына тұра қалып: «Ей, мүминдердің әміршісі! Алладан қорық!» – дейді. Бұл сөзді естіген халифа бірден атынан жерге түсе кетіп, сәждеге жығылады. Сосын, нөкерлеріне әлгінің қажетін өтеуге бұйрық беріп, тілегін орындайды. Харун Рашит кері оралғанда «Бір яһудидің сөзі үшін неге сәждеге жығылдыңыз?» – деген сұрақ қойылады. Ол: «Жоқ, мен бар болғаны Алланың:

وَإِذَا قِيلَ لَهُ اتَّقِ اللهَ أَخَذَتْهُ الْعِزَّةُ بِالْإِثْمِ فَحَسْبُهُ جَهَنَّمُ وَلَبِئْسَ الْمِهَادُ

«Ал қашан оған: «Алладан қорық!» делінсе, оның тәкаппарлығы ұстап, өзін күнәһар етеді. Оған тозақ жетеді, ол нендей жаман орын!» («Бақара» сүресі, 206-аят) – деген сөзін есіме алдым», – деген екен.

Байқасаңыз, мүминдердің әміршісі Харун Рашит өзге дін өкілінің оған: «Алладан қорық!» деген сөзін ести сала, Құдайдан қорқып, сәжде жасамаған жағдайда жоғарыдағы аятта меңзелген күнәһар адамдардың сабында болып қаламын ба, деп қатты уайымдағанын көруге болады. Ал бұл нағыз тақуа адамның әрекеті.

  1. Құлшылықты құлшына орындау

Құлшылықтың төресі – бес уақыт намаз. Алла Тағала Құран Кәрімде тақуа пендені намаз оқиды деп сипаттайды.

…وَيُقِيمُونَ الصَّلَاةَ …

«… олар намаз оқиды …» («Бақара» сүресі, 3-аят).

Бұхар жырау бабамыз:

Бесінші тілек тілеңіз,

Бес уақытта, бес намаз,

Біреуі қаза қалмасқа» демекші, тақуа жан намазына бек мән береді.

Құлшылық пен тақуалық бір-бірінен ажырамас екі ұғым. Себебі Құран Кәрімнің көптеген аяттарында Алла Тағала кез келген құлшылықты тақуалықпен байланыстырып отырады.

Үшінші: тақуа жандардың Құранда айтылған артықшылықтары

  1. Істерінде жеңілдік болады

Алла Тағала қасиетті Құранда:

… وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَل لَّهُ مِنْ أَمْرِهِ يُسْرًا

«Кімде-кім тақуа болса, Алла оның ісін жеңілдетеді», – деген («Талақ» сүресі, 4-аят).

Кімде-кім тақуалықты ұстанса, Алла оның өмірін осы дүниеде де, ақыретте де жеңілдетеді. Бұл адам ешқашан қиындық көрмейді деген сөз емес, бірақ тақуалығының арқасында Алланың оған берген берекесі мен  жарылқауы қиындықтарды жеңуге, сенім мен үмітін жоғалтпай, төзімділігі мен күш-қуаты жеткілікті болады.

  1. Әрбір қиыншылықтың шешімі табылады

Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَمَن يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَل لَّهُ مَخْرَجًا

«Кімде-кім тақуалықты ұстанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді», – деген («Талақ» сүресі, 2-аят).

Тақуалық – бұл адамды дүниенің сынақтарынан да, ақыреттің ауыртпашылықтарынан да қорғайтын құдіретті иләһи қалқан. Мұның айқын мысалын Құраннан көруге болады. Қызыр (Алланың оған сәлемі болсын) туралы оқиғада әкенің тақуалығы оның ұлдарын өзінен кейін де қорғансыз қалдырмады, Алла оларды әке бойындағы тақуалықтың берекесімен қорғап, зияннан сақтады. Құранда бұл жайында былай делінген:

وَأَمَّا الْجِدَارُ فَكَانَ لِغُلَامَيْنِ يَتِيمَيْنِ فِي الْمَدِينَةِ وَكَانَ تَحْتَهُ كَنزٌ لَّهُمَا وَكَانَ أَبُوهُمَا صَالِحًا فَأَرَادَ رَبُّكَ أَن يَبْلُغَا أَشُدَّهُمَا وَيَسْتَخْرِجَا كَنزَهُمَا رَحْمَةً مِّن رَّبِّكَ وَمَا فَعَلْتُهُ عَنْ أَمْرِي ذَلِكَ تَأْوِيلُ مَا لَمْ تَسْطِع عَّلَيْهِ صَبْرًا

«Ал енді мына дуал мәселесіне келсек, ол сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Ал оның астында сол екеуіне тиесілі қазына жатқан болатын. Әкелері марқұм сондай тақуа, жақсы кісі еді. Сондықтан да Раббың балалар ер жетіп, қазыналарын өздері тауып, қазып алғанын қалады. Осының бәрі Раббыңның шексіз рақымының арқасы. Мен бұл істердің ешқайсысын өз бетіммен істеген жоқпын. Сенің төзімің жетпеген мәселелердің мәнісі, қыр-сыры, міне осындай», – деп түсіндірді», – деді («Кәһф» сүресі, 82-аят).

Табиғин ғалымы Мұхаммад ибн әл-Мункадир (Алла оны рақымына алсын): «Ол кісінің тақуалығы мен ізгі амалдарының арқасында Алла Тағала оның өзіне ғана емес, оның ұрпағына, немерелеріне, отбасына және тіпті оның үйінің маңайындағы үйлерге дейін қорғау мен береке нәсіп еткен», – деп айтқан.

  1. Күтпеген жерден ризығының келуі

Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لَا يَحْتَسِبُ

«Сондай-ақ оған еш ойламаған жерден ризық-несібе нәсіп етеді», – деген («Талақ» сүресі, 3-аят).

Жаратушы Алла бүкіл ғаламның иесі, қорғаушысы және жарылқаушысы. Адам баласына қажет болғанның бәрі, оның ризық пен несібесі. Алланың қазыналары шексіз. Алла Тағаланың уәдесі бойынша, тақуа құлдар өз ризықтарын күтпеген жерден, ойламаған тараптардан алады.

  1. Ақиқат пен жалғанды айыратын қасиет беріледі

Алла Тағала қасиетті Құранда:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِن تَتَّقُوا اللَّهَ يَجْعَل لَّكُمْ فُرْقَانًا

«Уа, иман келтіргендер! Егер де тақуалықты ұстансаңдар, Алла сендерге ақиқат пен жалғанды, ақ пен қараны ажырататын ерекше қабілет береді», – деген («Әнфал» сүресі, 29-аят).

Мүмін адам өз бойындағы Аллаға деген мойынсұну мен махаббатты бәрінен жоғары қоя білген сәтте, оған Алла Тағала фурқан, яғни ақиқат пен жалғанды айқын ажырататын ерекше түсінік сыйлайды. Сонда оның жүрегіндегі әр іс, таңдау айқындалып, күмән туғанда жүрегі оны шындықтың жарығына бағыттайды. Қасиетті Құранда «Бадр» шайқасы болған күнді «Йаумул-Фурқан», яғни «Айыру күні» деп аталған. Бұл Ислам тарихындағы ұлы бетбұрыс еді, дәл сол күні Алланың жәрдеміне сүйенген қауымның ешбірі жау алдында жеңілмейтінін, сондай халықтың әр істе табысқа жететінін дәлелдеген күн болды.

Қадірлі жамағат!

Тақуалық – мұсылманның иманының өзегі, жүрегінің нұры. Тақуа адам Алладан қорқып, күнәдан сақтанады, әр ісінде Раббысының разылығын іздейді. Кімде-кім Алладан шынайы қорықса, Алла оның ісін жеңілдетіп, тығырықтан шығатын жол ашады, күтпеген жерден ризық нәсіп етеді. Нағыз абырой – мал-мүлікте емес, тақуалықта. Нағыз байлық – жүректегі тыныштық пен имандылықта. Алла Тағала баршамызды жүрегі таза, салиқалы, тақуа құлдарының қатарына қоссын!

Таңбалар: басты тақырыпимандылықтақуалық
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қайырымдылық – ізгі қасиет
Видео

Қайырымдылық – ізгі қасиет

14.11.2025
Қазалыда жаңа мешіт ашылды
Жаңалықтар

Қазалыда жаңа мешіт ашылды

12.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ислам экстремизмге қарсы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды
Жаңалықтар

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды

16.11.2025
ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады
Жаңалықтар

ҚМДБ: Ғұламалар кеңесі пәтуалар қабылдады

16.11.2025
Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті
Жаңалықтар

Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

16.11.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00