Дүйсенбі, 26 Қазан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жәннатқа шақырған жат ағым

29.07.2025
- Ағымдар ақиқаты
0
Фото: https://avestnik.kz/

Фото: https://avestnik.kz/

88
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ қоғамына бұрын түр-түсін көріп-білмеген талай жат ағым қаптап еніп кетті. «Жәннатқа барудың жолын көрсетемін» деген желеумен қаншама жанның миын улап, жат идеологияның құрбанына айналдырды. Оның соңы қандай оқиғалармен аяқталғанын бәріміз білеміз. Сондай қатерлі ағымның бірі – такфиризм.

Такфиризм – дәстүрлі исламның асыл құндылықтарына қайшы келетін, қоғамның ынтымағы мен бірлігін бұзуға бағытталған радикалды идеология. Бұл ағым – діни экстремизмге бастайтын ең қатерлі соқпақтың бірі.

Такфиршілердің басты ерекшелігі – өз сенімін ұстанбайтын мұсылманды «кәпір» деп жариялап, оған қарсы әрекетті «жиһад» деп бұрмалап түсіндіруінде. Олар ата-бабамыздан жеткен асыл дәстүрді мойындамай, мәзһаб ұстанушыларды адасқан деп айыптайды. Құран сүрелерін қабір басында оқу, марқұмға құран бағыштау, Пайғамбар мәулітін атап өту секілді ізгі амалдарды «дінге енгізілген жаңалық» деп теріске шығарады. Мұндай көзқарас – іштей алауыздық тудырып, халықтың рухани бірлігін шайқалтудың ең төте жолы.

Такфиризмнің ең қауіпті тұсы – адамның ең жақын туыстарының арасына сына қағып, оларды бір-біріне жат қылып, жауластыруында. Бұл идеологияға ергендер тіпті ата-анасын да «дінсіз» деп атаудан тайынбайды. Соның салдарынан отбасының берекесі кетіп, ұрпақ ұлттық тамырынан ажырап қалады.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері

«Катиба Таухид валь-Джихад»: Сириядан тараған террор қаупі

22.10.2026
Хуситтер деген кімдер?

Хуситтер деген кімдер?

19.10.2026

Бұл – діни сауатсыздықтың, рухани адасудың анық көрінісі. Онымен күресу тек дін мамандарының ғана емес, тұтас қоғам мен мемлекеттің ортақ міндеті. Өйткені жат ағымдар – елдің ертеңі болатын жастардың санасын улап, оларды өз ұлтына, дәстүріне, Отанына қарсы қояды.

Жастарға дұрыс діни білім беріп, салт-дәстүрімізбен суарылған тәлім-тәрбие ұсыну – ең басты міндеттің бірі. Тарихын құрметтеген, тағылымын ұмытпаған ел ғана баянды болашаққа қадам баса алады.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: жат ағымсалафизмтәкфиризм
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Салт-дәстүрді жоққа шығаратындар кімдер?
Сұрақ-жауап

Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

21.10.2026
Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі
Ислам

Сауд Арабиясының саяси ықпалымен салафилік көзқарастың өзгеруі

16.10.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Шындықтың шырағын сөндірмеу – ортақ міндет

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • О молитве джамаатом после намаза

    Намаз жайлы қысқаша сипаттама айтасыз ба?

    73
  • Діни азғындануға алып баратын себептер қандай?

    70
  • Сауд Арабиясы бес ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді

    68
  • Тағаттылық Ислам дініне қайшы ма?

    66
  • Елімізде тіркелген діни білім беру ұйымдары (3-тоқсан)

    64

Соңғы жарияланымдар

Қ. Тоқаев: Рамазан рухты тазартып, жан-дүниені жаңғыртады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл – қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке

25.10.2026
«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар

«Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

24.10.2026
Ислам

Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

24.10.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00